Ата-аналар жиналысының құрылымы:
I. Кіріспе бөлім – 3 мин.
- ата-аналар жиналысының тақырыбы, мақсаты, міндеттері айтылады.
II. Негізгі бөлім – 20 мин.
Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді баяндайды. Ең бастысы – ата-аналарға сыныптағы оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айту.
1) Әр мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы;
!!!! Әр мектептің қолда бар ресурстарын ескере отырып, ата-аналарды оқыту процесінің қалай ұйымдастырылатыны жөнінде нақты хабардар ету:
- телесабақтар, көргеннен кейін білім алушылармен кері байланыс жасау.
-Қазақ радиосына, Классик радиосына арналған теле-сабақтардың аудио нұсқалары, тыңдағаннан кейін білім алушылармен кері байланыс жасау;
-интернет-платформаларды (қандай платформа), СБР (сандық білім беру ресурстары) және т.б. қолдана отырып сабақтар жүргізу;
- интернет болмаған жағдайда әрбір оқушы үшін жеке жоспар негізіндегі сабақтар (өз бетімен оқу және орындау тапсырмалары бар қысқа сабақ конспектісі);
Басқа елді мекендерден тасымалдау жағдайында білім алатын балалар үшін жеке жоспарлар бір аптаға әзірленіп, Қазпошта арқылы тегін жіберіледі. Басқа байланыс түрлерінің қолжетімділігі болмаған жағдайда мұғалім білім алушылардан орындалған тапсырмаларды осындай режимде алады.
2) Қашықтықтан оқыту (ҚО) бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған ұсынымдармен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |