Тұжырымдамасы I. Қашықтықтан сыныптың ата-аналар жиналысын өткізу Тақырып


ҚО-ны іске асыру үшін ата-аналарға



бет3/5
Дата05.08.2020
өлшемі48,5 Kb.
#76097
1   2   3   4   5
Байланысты:
тұжырымдама

ҚО-ны іске асыру үшін ата-аналарға:

- баланың тәртібін, ұйымшылдығын, уәждемесін;

- мұғалім ұсынған форматтағы қашықтықтан оқытуға баланы уақытылы қосуды;

- оқу материалдарын өз бетімен оқуды және тапсырмаларды орындауды;

- мұғаліммен байланысуын, кері байланыс алуын;

- бала өзінің логині мен паролі бойынша электрондық журналдар жүйесіндегі жеке кабинетіне кіре алуын, тапсырмаларды жүктей алуын, содан кейін орындалған үй жұмысын жүктей алуын (болған жағдайда);

- оқу орнын ұйымдастыруды (бұл сабаққа арнайы бөлінген орын болуы керек);

- тапсырмаларды орындау және мұғалімге кез келген қолжетімді мессенджерден тексеруге жіберу (өз бетінше тапсырмаларды орындау кезінде қолдан келген көмекті көрсетуге болады: сұрақтарға ауызша жауаптарды тексеру, оқыған мәтінді тыңдау, мәтінді айтып жаздыру және т. б.) күн сайын қадағалау ұсынылады.

3) Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруға қойылатын кейбір маңызды талаптар:

1. Жабдықталған жұмыс үстелі табиғи жарық көзінен алыс болмауы тиіс.

2. Жұмыс үстелі тек қана компьютерді ғана емес, сонымен қатар перифериялық құрылғыларды, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты жағдайда арнайы және оқу жабдықтарын орнатуға болатын үстіңгі тақтайы бар жеке үстел болғаны дұрыс.

3. Оқу жабдығы бар жұмыс орны, егер үйде кішкентай балалар болса, олардың бақылаусыз қолжетімділігінен қорғалуы тиіс.

4. Барлық техникалық және өзге де құралдар бір-біріне жақын жерде, баладан қол созым қашықтықта орналасуы тиіс.

5. Жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдану керек.

6.Балаңыздың оқу орнын оны пайдаланбаған уақытта компьютерлік жабдықты алып тастауға болатындай етіп ұйымдастырсаңыз дұрыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет