ІII. Қорытынды бөлім – 7 мин.
Қорытынды шығару, сұрақтарға жауап беру.
ІІ. Пандемия кезінде бірыңғай қашықтықтан сыныптың ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу
(2019-2020 оқу жылының IV тоқсаны)
Қашықтықтан білім беру процесін ұйымдастыру кезінде қашықтықтан сыныптың ата-аналар жиналыстары ата-аналармен (заңды өкілдермен) сапалы кері байланысты қамтамасыз ету, пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, сондай-ақ ата-аналардың педагогикалық әдістетерді, ақпараттық білім беру технологияларын пайдалануға сауатты, саналы көзқарасын қалыптастыруға көмектесу үшін білім беру ұйымдарында жүйелі түрде өткізілуі тиіс.
Бірыңғай қашықтықтан сыныптың ата-аналар жиналыстары форматы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) чаттар, электрондық журналдардың форумдары мен kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz күнделіктер жүйелері, сондай-ақ Whatsapp, Telegram және т.б. арқылы жүйелі түрде қашықтықтан байланысты қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол баланы оқыту қаншалықты тиімді дамып келе жатқанынан хабардар етеді. Өз кезегінде сынып жетекшісі ата-аналарды (заңды өкілдерді) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту процесі туралы, сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы, оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы, пандемия кезеңінде білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |