ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет12/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

Рефлексия 
- Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба? 
- Қандай әсер алдың? 
- Тілегіңмен ұсынысың бар ма? 
 
 
Тақырыбы:
 
ТҰЛҒАНЫҢ ІШКІ ӘЛЕМІ 
 
Мақсаты
:
  Адамның  мінезі,  мінезді  жетілдірудегі  адамның 
мүмкіндіктері туралы түсінік беру. 
Міндеттері: 
- Жақсы-жаман мінез - құлықты ажырата білуге үйрету; 
- Оқушылардың бойында жақсы мінез - құлық дамытуға ықпал ету; 
- Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. 
 
Мұғалім:
 Адам өмірі – іс - әрекеттер тізбегінен, басқалардың 
әрекеттерін  қабылдаудан  және  оларға  деген  түрлі  көз  - 
қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай 
білу  әркімнің  қолынан  келмейді.  Алайда  адамның  өзін  осы 
қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Мінез - құлықтың 
адамның  қарым  -  қатынас  жасауында  алатын  орны,  адамның  өз 
мінезін  өзгерте  алатындығы,  оның  үнемі  өзіне  -  өзі  сын  көзбен 
қарай  отырып,  өзін  -  өзі  тәрбиелей  алуы  болып  табылады.  Әр 
адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін 
жетілдіре  алады.Адамның  қасиеттері  өзінің  жеке  бойына  тән 
болса,  мінез  міндетті  түрде  қарым  -  қатынас  барысында 
айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет