«Кездескенше» жаттығу
Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда
кішкентай жүрек бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт,
сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп,
тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге,
әріптеріңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.
Армансыз адам-қанатсыз құспен тең. Әр адамнының асқақ
армандары болары сөзсіз. Қорытындылай келе биік шыңға
жетелейтін
армандарымыз
таусылмасын
деген
тілекпен
«Армансыз күнім болмайды» әнін бірге шыркайық.
Тақырыбы:
ӨМІРДІҢ МӘНІ
Мақсаты:
өмірде ешқашан жаңылмауға, сүрінбеуге үйрету,
өмірге деген құлшынысын арттыру.
Міндеттері:
- адамдардың бір - біріне деген мейірім - шапағатының мән -
мағынасын түсіндіру;
- жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін
дамыту;
- жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге
тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |