Жаттығу. «Сиқырлы айна»
Алдарыңдағы айналарды мен сиқырлап қойдым.Айнаны
алып, өздеріңе қарап
«Мен
қандай баламын?»
деп ойланып
көріңдерші.
(
Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Балалар, қалай ойдайсыңдар, «Бақытты бала» деп кімді айта
аламыз?
Өз отбасы бар
Достары көп
Денсаулығы мықты
Арманы орындалған баланы
Иә, ойларың дұрыс, балалар.
«Тыңдайық-ойланайық».
Бақыт деген не? өлеңін оқу.
Ақниет:
Айтшы білсең егер де,
Тәте, бақыт деген не?
Мұғалім: Бақыт деген , шырағым
Мынау әсем тұрағың.
Ну ормандар, гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны
БАҚЫТ- гүлі далаңның
Алақаны анаңның
Ботам деуі әжеңнің
Тыныштығы әлемнің.
Аида:
Қайда бақыт мекені
Қалай оған жетеді?
Мұғалім:
Адал еңбек етесің
Сонда ғана жетесің.
Бақыт деген не? ( жауаптар тыңдалады)
Сендер өздеріңді қай кезде бақытты сезінесіңдер? ( жеке
оқушылардан сұрау)
-Жақсы, балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп болсын!
|