12
әрбір студент өзіне қажет ішкі сезімдерді шынайылықпен
бағалап, өзгеге тілейді.
Ойын ойнап сергіп
қане алайық,
Күннің щуақ мерейіне қанайық.
Ішкі ғалам, ішкі дүние ортасы
Тек ойынмен сергіп қане алайық – деп әрмен қарай ойынмен
жалғап өтеміз.
Мені қоршаған әлем мені жақсы көретін адамдар. Себебі
мендей адам бұл әлемде жалғыз және дара, қайталанбайды. Мені
сүйетін ата-анам, мені сүйетін туысқандарым, мені сүйетін
достарым және құрбыларым бар. Себебі мен оларға керекпін.
Менің ішкі жан дүнием өте сезімтал, нәзік, сыршыл және
сыншыл. Адалдықты – арымның садағы, әділдікті – келбейтімнің
бейнесі деп қараймын. Әрбір таң мен үшін мол шапақ пен
көптеген мейірімділіктің бастаулары болып табылады. Әр тағат
менің ертеңгі тарихи ғұмырнамам. Сол үшін де Алла берген әр
секунт мен үшін арайлы, шапақты әрі маңызды. Әркүніме
разымын және ризашылығымды білдіремін.
Бұл орайда студенттерге ситуациялық сұрақтар қойып,
психологиялық сараптама жүргізу. Мұның мақсаты әр студенттің
өмірге деген қызығушылығын және өмірлік көзқарасын
оңтайландыру болып табылады.
Әр топ бойынша отырған студенттерге өз қиялындағы
суретті бейнелейді. сол арқылы ішкі жан сезімдерін білдіреді.
Көрнекіліктерді пайдаланып, әртүрлі бұйымдар жасап, ой –
қиялдарын дамыту. Келесі кезекті бейне роликке беріп,
тамашалаймыз. Сергіту сәті мақсатында тренингке кезек берейік.
Тақтаға әртүрлі пішіндер іліп қойып, фигура бойынша
психологиялық сараптама жүргізу.