Белгілі бір әдетті қалыптастыру үшін 21 күн ішінде бір әрекетті қайталау қажет деп саналады. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл ереже негізінен пайдалы әдеттерге тарайды, ал зиянды, өкінішке орай, қайда жылдам қалыптасады. Кейде ағзада жасанды түрде уақытша қанағаттану әкелетін жойғыш әрекетті қайталауға тұрақты қатынас туындайды. Зиянды әдеттердің ағзаға теріс әсер етуінің басты қаупі осы: күшті психологиялық немесе физиологиялық тәуелділік тез дамиды, бірақ одан құтылу өте қиын. Психотроптық препараттар мен денсаулық – қарама-қайшы ұғымдар.
Нашақорлық
Өлімге ұшыратын қауіпті зиянды әдет – нашақорлық. Жаңа сезімдерге, "химиялық" бақытқа және жалған еркіндік сезімге бөлене отырып, адамның тыйым салынған препараттарды "тек 1 рет" сынап көруі зиянды әдетке айналдырады. Өкінішке орай нашақорлықты басқа біреулердің көмегінсіз жеңу іс жүзінде мүмкін емес.
Негізінде темекіні бастау да, тастау да әр адамның өз еркі мен рухындағы нәрсе. Бастапқыда кейбіреу оны ашумен, ал біреулер жай ғана қызығушылықпен бастайды да, біртіндеп оған тәуелді болғанын сезбей де қалады. Ал уақыт өте, жас ұлғая тәуелді құмарлықтан құтыла алмай, азабын тартатындар да жиі кездеседі. Темекіні тастау өте қиын. Күшті ерік-жігерді талап етеді. Ал күшті ерік-жігер кез-келген адамның бойынан табыла бермейді.
Бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден адреналин және норадреналин деп аталатын гормондардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы жиілейді. Жүрек соғу жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін. Шылымқорлар сонымен қатар шетінен ұмытшақ болады. Олардың күш-қуаты азайып, тез шаршауы көбейеді. Әлсізденеді. Әрекет етуге құлықсызданады. Тәбеті тартпайды. Ұйқысы қашады. Жұмыс бабында, әсіресе қыста шылым шегу үшін сыртқа шығуды талап етеді, денсаулықтың нашарлауы, таңғы жөтел мазаңды қашыра бастайды. Осы сияқты бірнеше әсерлерден темекіні тастауға тура келеді. Осындай әрекеттерге шылымқор адамның барлығы бірдей келісе бермейді. Өйткені темекіге үйреніп қалған ағзаның оған деген құмарлығын тастау мүмкін емес деп ойлайды.