Тмд елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр



бет5/14
Дата05.05.2020
өлшемі0,6 Mb.
#65757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
казахстан географиясы

Толық мақалалары: Батыс Сібір жазығы, Тұран ойпаты, және Каспий маңы ойпаты

Үстірттер мен қыраттар[өңдеу]




Маңғыстау үстіртіндегі қорымтастар



Бетпақдала үстірті.

Қазақстан жер бедерінің биіктеу әрі үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт (Маңғыстау), Торғай, Орал алды үстірті, Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі, Бетпақдала үстірті, Балқаш маңындағы жазықтар.[22]

Үстірт (Маңғыстау) - Арал теңізі мен Каспий маңы ойысы (Маңғыстау түбегі) тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалыңдағы бірнеше ондаған метрге жететін қалың әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады. Абсолюттік биіктігі 22 метрден (солтүстік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады, жондардың аралығындағы ойыстардың табанының абсолюттік биіктігі 63 метрден (Барсакелмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықта ауытқиды.[23]

Торғай Үстірті негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Шығысында Сарыарқа, батысында Мұғалжар және оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Торғай Үстірті мен Сарыарқаның аралығындағы ойысты «Торғай қақпасы» деп атайды. Тұран плитасының солтүстігінде орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м.

Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік-шығыс бөлігі 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік-батысқа қарай аласарады. Орташа биіктігі 100-300 м.

Жалпы Сырт - Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат. Қыраттың оңтүстік-шығыс бөлігі, ҚР-ның солтүстік-батысында орналасқан. Еділ мен Жайық аралығындағы су айрығы. Орташа биіктігі 259 м (Ешкі тауы).

Бетпақдала үстірті – Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан.[24] Шығысында Балқаш көлімен, батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Тұзды көлдер, сор, тақыр, ағынсыз тұйық ойыстар кездеседі. Орташа биіктігі 300-350 м. Ең биік жері - Желтау жотасы 974 м.

Балқаш маңы жазығы оңтүстігінде Балқаш көлі, оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде - Іле Алатауы, батысында Шу-Іле тауларымен шектеседі. Орташа биіктігі 350-700 м.

Толық мақалалары: Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары, Үстірт (Маңғыстау), Торғай Үстірті, Жем үстірті, Жалпы Сырт, Бетпақдала, және Балқаш маңы жазығы

Таулы өлкелер[өңдеу]

Аласа таулы өлкелер[өңдеу]




Мұғалжар тауы аласа таулар қатарына жатады.

Аласа таулы өлкелерге Қазақстанның аласа таулы аймақтарындағы жеке дара тау массивтері мен Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тау жүйелерінің 1900-2100 м-ге дейінгі бөктерлері енетін аймақ бедері кіреді.
Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы[өңдеу]

Сарыарқаның батыс және солтүстік-батыс бөлігі каледон, шығыс бөлігі герцин тау түзілу кезеңінде қалыптасқан. Батысында - Торғай үстірті, шығысында - Сауыр-Тарбағатай, оңтүстігінде - Балқаш көлі, Бетпақдала, солтүстігінде - Солтүстік Қазақ жазығы. Ең биік жері - Ақсораң (1565 м) және Қарқаралы (1403 м). Шыңғыстау (1305 м), Ұлытау (1133 м), Баянауыл (950 м) таулары.

Толық мақаласы: Сарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)
Мұғалжар[өңдеу]

Орал тауының оңтүстік жалғасы болады. Орташа ұзындығы - солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км. Орташа биіктігі - 657 м. Ең биік жері - Үлкен Боқтыбай.[25] Тау жыныстары: магмалық, шөгінді жыныстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет