Тмд елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр


Қазақстанның табиғат зоналары, өсімдіктері және жануарлары[өңдеу]



бет11/14
Дата05.05.2020
өлшемі0,6 Mb.
#65757
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
казахстан географиясы

Қазақстанның табиғат зоналары, өсімдіктері және жануарлары[өңдеу]


Қазақстанның жазықтық бөліктерінің табиғи зоналарына қысқаша сипаттама

Табиғат зоналары

Климаттық жағдайлар

Өсімдіктері

Жануарлары

Орманды дала

Жазғы шілде +18 - +20° қаңтардың орташа температурасы -17°- 19° кейде -51°-53°. жауын-шашын 370-430 мм (300-350 мм) мөлшерінде

Бетеге, боз, бидайық, арпабас, қайың, қоңырбас, итқонақ, құлпынай, қарағай, қияқ, ебелек, жоңышқа, қоян шөптер. Ормандарында қайың, емен, жөке, қандыағаш, көктерек және қарағайлар бар.

Саршұнақ, сұртышқандар, егеуқұйрық, қосаяқтар, тышқандар, түлкі, елік, қасқыр, сусар, бұлан, тоқылдақ, көкек, күйкентай, қараторғай. Ормандарында тиін, құр, сұңқар. Көлдерінде тырна, үйрек, қаз, шағала, ондатр.

Дала

Климаты континентті. Шілдеде +18°+23° кейде +20°+24°, қаңтарда -16°-тан -17°-қа дейін, -14°-18°, -16°- 18° абсолюттік минимум минус 40° жауын-шашын – 300 мм (220-310 мм)

Боз, бетеге, атқонақ, ебелек, еркекшөп, жайшөп, жусан, итмұрын, меңдуана, жанаргүл, бидайық, арғаба, қияқ, кұрақ, шайшөп, дәрілік валериандар.

Саршұнақ, қосаяқ, алақоржын, қасқыр, борсық, суыр, қарсақ, ақбөкен. Безгелдек, тырна, бозторғай бүркіт, батпақ құстары, қаз, шағала, үйрек, аққұтан, қызыл үйрек, сара ала қаз, аққу, дуадақ, торғай.

Шөлейт

Орташа температура шілдеде +22° +24°(кейде +40°-қа дейін) қаңтарда-15°-17° (кейде -50°) жауын-шашын мөлшері 180 мм-ден 300 мм-ге дейін

Бетеге, жусан түймедақ, боздан, изен, ебелек, теріскен, көкпек, ши қамыс, кұрақ, тал, итмұрын, сексеуіл

Саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары, күзен, түлкі, кесіртке, сұр жылан, ақбөкен, қарақұйрық, қалқан тұмсық, қара шұбар жылан. Құстар: бүркіт, бозторғай.

Шөл

Климаты өте континентті. Орташа температура шілдеде солтүстігінде +24° +26°С, оңтүстігінде +28° +30°С, жауын-шашын мөлшері 100-200мм.

Селеу, өлеңшөп, боз жусан, кұм бетегесі, еркекшөп, қоңырбас, құм түймедағы, жантақ, жыңғыл т.б. бар.

Тасбақа, кірпі, кесіртке, оқжыландар, улы өрмекші, бүйі, сарышаян, қарақұрт, ақбөкен, қарақұйрық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет