Тобыныѕ студенті Жоєары сынып оќушыларына кјсіби баєдар берудіѕ психологиялыќ негіздері таќырыбында орындалєан диплом жўмысына


Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық



бет7/11
Дата04.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#151562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дип.-Жоғары-сынып-оқушыларына-кәсіби-бағдар-берудің-психологиялық-негіздері

3. Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық
ойындарды қолдану

Кәсіби кеңес берудің интерактивтік түріне және белсенді шығармашылық әдісіне кәсіби бағдарлау ойындары жатады.


Соңғы кезде интерактивті әдістерге өте үлкен көңіл бөлінуде. Ал тренигті фрагментарлық түрде жүргізу, біздің ойымызша, интерактивтік әдістің нағыз өзі болып табылады.
Балаларға кәсіби бағдар беру жұмысы олардаң жас және жекелік ерекшеліктерін ескеріп олардың мінез-құлықтарына тән ауытқуларды коррекциялау психолог міндеттерінің бірі. Осы міндетті атқару үшін біз жоғары сынып оқушылары арасында оларды тұйықтықтан шығарып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған коррекция жүргізуді ұйғардық.
Зерттеулерді жан-жақты талдау нәтижесінде оқушылардың темперамент көрсеткіштері және мінез-құлық ерекшеліктері анықталды. Жоғары сынып оқушылары жасындағы балалардың мінез-құлқындағы негізгі көрінісі - көкіректік, немесе эгоистік екендігі диагностикалау барысында анықталды. Эгоизм (дарашылық) түрлі себептермен (табиғи ерекшеліктерімен, сыртқы түрімен, ата-анасының байлығы мен, өз кемшілігін жасырумен және көпшілік ортаның ыңғайымен байланысты) сипатталады.
Жас өспірімдерде орын алатын осы кемістіктердің әсерін төмендету үшін психокоррекциялық жұмыстар жүргіздік. Оны бастау алдына оқушылармен әңгімелесіп, жас өспірімдік шақта орын алатын ауытқулар, одан шығу жолдары туралы бірнеше кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Коррекциялық топқа тек өздері қатысамын деп қызығушылық білдіргендер ғана айтылды. Топтық коррекциядан өткісі келгендер шамадан тыс көп болғандықтан оларды диагностикалау нәтижесіне қарап іріктеп алу қажет болды.
Коррекциялық жұмыстың бірінші фазасында келесі міндеттер атқарылды:
-оқушылар коррекцияның қажет екенін сезінуін қамтамасыз ету;
-баланың көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;
- топтағылардың ішкі қайшылықтарын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып бір-біріне жақындастыру.
Бұл фазада топтағылар бір-бірімен жақындасып, бір-біріне икемделіп адаптациядан өтеді. Осы фазадан өткеннен кейін коррекция қажет деп тапқандардан бір топ түздік. Бұл топпен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныпта орын алатын қайшылықтарды жоюды негізгі мақсат ретінде анықтады. Сондықтан мақсатты - қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдаумен байланысты мәселер шешу тренингі деп атадық. Ол келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылды:
-әр қатысушыға өз проблемаларын түсініп, ол жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектесу;
-топтың дәстүрін қалыптастыру;
-мамандық таңдау барысында кездесетін қиындықтармен таныстыру;
- кәсіби іс-әрекеттер түрін модельдейтін ойындар ұйымдастыру;
- мамандық таңдау процесін модельдеу;
- сезіммен иланушылықты қалыптастыру, соның нәтижесінде басқаларға сиымды, тіл табысқыш, адамгершілікті жоғалтпайтын, басқаларға жаны ашитын, басқаларды өзіндей силайтын позициясын қалыптастыру.
Осы анықталған міндеттерді орындау үшін ситуативті-коммуникативті ойындар қолданылды. Олардың біразын осы жерде келтіреміз.


Ситуативті-коммуникативті ойындар.
Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдау ситуациялары арқылы оларды жақын болашағын болжамдауға үйрету және басқалармен сыйысымды болу қажеттілігін мойындату.

Міндеттері:


- коммуникативті ойындар барысында балалардың ашық-жарқындығын тәрбиелеу;
-балалардың қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару;
- балаларды өздерінің қарым-қатынасын басқаруға үйрету;
-балалардың әр түрлі мамандықтарға қатынасын қалыптастыру;
- мамандық таңдау моделін қүру.
Қолданылған тренингтік ойындар.
1. Амандасу.
Топтағылар сыртқы және ішкі шеңбер құрып бір-бірімен қарама-қарсы жұптасып тұрады.
Бірінші вариант:
Қарама-қарсы тұрғандар бір-бірімен мимика және пантомимика арқылы амандасып, өздерінің достарын көргеніне қуанышты екенін білдіреді.
Екінші вариант.
Топтағалар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып амандасады және амандасқан адамына жылы жүзбен қарап, оған бірнеше жағымды сөздер айтады. Қанша көп адамға жылы сөз айтса, сонша ол адамның өзінің көңіл-күйі көтеріңкі болады.
Осы сияқты тренингтік ойындардың бірнеше түрлерін әр тренинг кездесуіне дайындап келу керек.
Жүргізілген тренингтерге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Қатысушылар басқа оқушыларға өздерінің алған тәжірибесін және сезімін айтып бергенде басқа оқушылар да тренингке қатысқысы келетіндігін, барлық мектеп оқушыларына арнап жүргізу керек екендігін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет