- жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекторлауды сипаттау;
- амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияны ажырату;
- аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру;
- байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну;
Бағалау критерийі
Білімалушы
жоғары жиілікті электромагниттік тербелісті қалай модуляциялауға болатындығын және детекторды не үшін қолданатынын сипаттайды;
суретті пайдалана отырып, амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияны ажыратады және модуляцияға дейінгі және кейінгі графиктерді ажыратып, атауын жазады;
сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, жазады;
Байланыс құралдарын кемшілігін атай отырып, жетілдірудің жолдарын ұсынады;