«Толқындық оптика» бөлімі



бет1/2
Дата31.01.2023
өлшемі27,03 Kb.
#166996
  1   2
Байланысты:
БЖБ №5


Оқушының аты-жөні: __________________________________
Сыныбы: _______________
Орындаған уақыты: _______________
«Толқындық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.6.1.1 - жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және
астрономиялық әдістерін түсіндіру;
11.6.1.4 - жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда
болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды
бақылау шарттарын анықтау
11.6.1.6 - жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тордың
көмегімен эксперимент арқылы анықтау;


11.6.1.7 - жарықтың интерференция, дифракция және поляризация
құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың
электромагниттік табиғатын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы

  • жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін біледі;

  • Берілген эксперимент нәтижелерін пайдалана отырып, дифракциялық тордың периодын және спектрдің ең үлкен ретін анықтайды

  • интерференция шарттарын талдай отырып, мысал келтіреді

  • Жарықтың қасиеттерін бір-бірінен ажыратады;

  • Жарық поляризациясының қолданылу шегін біледі

Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар:

  1. Күн мен Жердің белгілі арақашықтығын қолданып, жарық жылдамдығын есептеген: [1]

А) И.Ньютон
В) Х.Гюйгенс
С) О.Ремер
D) И.Физо
Е) Майкельсон

  1. 1мм-де 500 штрих сәйкес келетін дифракциялық торды толқын ұзындығы 400нм жарықпен жарықтандырылғанда экранда жарық дифракциясының көрінісі байқалды.

А) дифракциялық тордың периодын анықтаңыз [2]
Б) спектрдің қандай ең үлкен ретін көруге болады? [2]
В) үшінші спектрге сәйкес келетін жарықтың толқын ұзындығы қандай болады? [2]


  1. Жарықтың интерференциясын бақылау.

А) қандай жағдайда жарықтың максимум шарты бақыланады? [1]
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Б) Жарық интерференциясына 2 мысал келтіріңдер [2]


1._______________________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________________

  1. Жарықтың толқындық қасиеттерін анықтамасымен сәйкестендіріңдер. [4]



Жарық қасиеттері

Анықтамасы

1

Жарықтың дисперсиясы

А

кернеулік векторы тек бір жазықтықта тербелетін электромагниттік толқын

2

Жарықтың дифракциясы

В

жарық сәулесі энергиясының екі немесе бірнеше жарық толқынының қабаттасуы нәтижесінде кеңістікте тарала орналасуы;

3

Жарықтың интерференциясы

С

заттың сыну көрсеткішінің (n) жарық толқынының жиілігіне () не ұзындығына () тәуелділігі

4

Жарықтың поляризациясы

Д

жарықтың түзу сызық бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады.

Жауабы___________________________________________________




  1. a) Жарықтың поляризациясына мысал келтіріңдер. [1]

____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

b) Толығымен немесе жартылай поляризацияланған жарық алуға арналған құрылғы [1]


A) поляройд
В) поляризатор
С) анализатор
D) көзілдірік
Е) кристалдар жиынтығы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет