«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет70/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

3.3.2. «Ұлу» моделі

Фуллерендердің түзілуін болжайтын келесі модель - «ұлу» моделі. Бұл модель бойынша фуллеренді алғанда плазмада өсетін көміртекті кластер қисайған жапырақша формасында болады, атомдар арасындағы байланыстарды бесбұрыштар мен алтыбұрыштар түзеді. Өсу үдерісінде бұл жапырақша аралық еркін байланыстар санын азайтуға тырысады. Қарастырылған модельде көміртекті кластердің өсуі ұлу қабыршағының өсуіне ұқсас (3.20-сурет)





3.20-сурет. Ұлу моделіне сәйкес көміртекті кластердің өсуі

Өсетін кластерлердің бір бөлігі фуллеренге тұйықталады, қалғандары күйенің «квазиспиральді» бөлшектеріне өседі. Бұл модель фуллерендердің түзілуін графиттің булануымен ғана байланыстырмайды. Сондай-ақ С,,-ге дейінгі үлкен көміртекті кластерлердің иондануының екінші потенциалы мен термоиондық эмиссиясын зерттеулер олардың барлығы «квазиспиральді» бөлшектер емес, фуллерендер екендігін көрсетті. Бірак кейбір шарттарда С,, үлкен шығымы бұл модельмен түсіндірілмейді. Жалында күйе қарастырылған модель бойынша түзіледі деп болжанады. Дегенмен бірқатар жұмыстарда жалындағы күйе бөлшектері «квазиспиральді» формада дегенге қарсы пікірлер беріледі:

1) күйе бөлшектерінде О, Н және басқа элементтер атомдары бар;

2) күйе бөлшегінің химиялық қасиеттері графитте қарағанда бензол қасиеттеріне жақын;

3) күйе бөлшектерінің ЯМР зерттеулері оларда полициклді көмірсутектердің бар екендігін көрсетті;

4) күйе бөлшектерінің рентген сәулелерінің шашырау спектрі графитке қарағанда, полициклді көмірсутектердің шашырау спектріне жақын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет