Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |