1. Энергия-скалярлық, механикалық жұмыс жасай алу қабілеті бар физикалық шама. Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс. Табиғатта жұмыс істелу салдарынан материя қозғалысының формасы бір түрден екінші түрге өзгеріп отырады. Материалдық объектінің бір күйден екінші күйге көшкенде жұмыс істеу қабілетін энергия деп атайды. Дененің механикалық қозғалысының өзгерісі сол денеге басқа денелердің әсер күшінен пайда болады. Әсерлесетін денелердің арасындағы энергия алмасу процесінің сандық мөлшерін сипаттау үшін күш жұмысы деген ұғым енгіземіз.
Жоғарыда айтып кеттік, материалдық объектінің бір күйден екінші күйге көшкенде жұмыс істеу қабілетін энергия деп атайды. Материя қозғалысы формасының әртүрлі болуына байланысты энергия да әртүрлі болады: механикалық, ішкі, электромагниттік, ядролық т.б. Соның ішінде механикалық энергияны қарастырайық. Механикалық энергияның өзі кинетикалық және потенциялық болып екіге бөлінеді.
Кинетикалық энергия деген ұғымды еркін денеге әсер етуші күштің жұмысын есептеу арқылы түсіндірген жөн. Түсірілген күштің істеген жұмысы дененің жылдамдығының өзгертеді. Бұл байланыс материалдық нүктенің кинетикалық энергиясы деп аталатын физикалық шама арқылы өрнектеледі.
Потенциалдық энергия жүйенің бөлшектерінің өзара орналасуымен және олардың сыртқы күштік өрістегі орнына байланысты анықталады. Егер дене кеңістіктің әрбір нүктесінде басқа бір дененің күш әсеріне тап болатын болса және нүктеден нүктеге өзгеретін жағдайға түссе, онда ол денені күштер өрісінде тұр деп айта аламыз.
2. Потенциалдық энергия-денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
3. Кинетикалық энергия-қозғалып келе жатқан дене энергиясы. Дененің толық механикалық энергиясы.