Топ: с – 011б Мамандық: 1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» Біліктілік



бет3/4
Дата21.01.2022
өлшемі123,74 Kb.
#112775
1   2   3   4
Байланысты:
1. Адамгершілік - асыл қасиет
, 1 есеп, русский язык, 1560677849
2. Тақырыптық бейнебаян.

Бейнебаянды қарап шығып, аяқталғаннан кейін студенттер не түсінгендерін айтып шығады, өз ойларымен бөліседі.

ІІІ – Жаңа сабақ түсіндіру

Кіріспе сөз: Біз бүгінгі тәрбие сағатта адамның жақсы қасиеттерінің бірі адамгершілік туралы әңгімелесеміз.

Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс–әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.

Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым – қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, оқу орындарында, адамдардың iс – әрекетiнiң барысында бiр – бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет