Топқа мінездеме



Дата13.04.2022
өлшемі13,01 Kb.
#139162
Байланысты:
Тарбие минездеме топка
functions and transformations, functions and transformations, жылдық жоспар2021 балабақша, МОДО тесттер, дипл

Топқа мінездеме.


Мен Қыдыралы Жансая Сурдопедагогика 2 курс студентімін. Мінездеме беретін топ: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Арнайы педагогика бойынша мамандар даярлау бөлімінің топта барлығы - 13 студент бар. Оның 12-і қыз бала,1-ер бала. Барлығының ұлты – қазақ. Топта 3 студент – ақылы бөлімде,қалған 10 студент – грант бөлімінде оқиды. Жас мөлшері 18-20 шамасында.
Топтың эдвайзері – Байдосова Динара Қуанышқызы. Топ студенттері ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы. Барлығы бір ұжым болып жұмыс жасайды. Бір-бірін жақсы түсінеді. Ойлары шапшаң, жұмыс істеулері де шапшаң, әрі тез. Универішілік, топаралық іс-шараларға белсене араласып,әр студент өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сабақтан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласады. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр студенттің бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық студент тарапынан көрініп отырады.
Дегенмен, тілге шорқақтау студенттер де бар. Олардың тіл байлықтары жұтаң, ана тілінде өз ойларын жеткізуде қиналады. Олар қазір де басқа студенттердің ана тілінде таза сөйлеуіне қарап, дәл солай таза сөйлеуге тырысып келеді. Жалпы студенттер ұйымшыл, бірлікшіл, тәрбиелі, мәдениетті, өз Отанын сүйетін нағыз патриоттар деуге болады.

Аты-жөні: Жансая Қыдыралы


Қолы: ___________
Берілген мерзімі: 02.04.2022.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет