Топпен жұмысты Сіз тәжірибеңіздің бір бөлігі ретінде қолданасыз ба? Бірнеше жаңа мысалдар келтіріңіз



бет1/2
Дата18.12.2021
өлшемі46,48 Kb.
#102924
  1   2
Байланысты:
1 тапсырма обнавленка


  1. Топпен жұмысты Сіз тәжірибеңіздің бір бөлігі ретінде қолданасыз ба? Бірнеше жаңа мысалдар келтіріңіз.

  Топтық жұмыс, топқа бөлу тәсілдерінің түрлерін тәжірибиеде қолдануға тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып, сыни ойлауды қажет ететін өзіндік пікірімен көзқарасын қалыптастыру арқылы ой қорыту, өз ойларын жетілдіру арқылы  оқыту мақсатқа жету.

Міндеті: 


  • оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өзіндік пікірі мен көзқарасын

қалыптастыру.

  • Оқушы топтық жұмыста  тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуына қол жеткізу. Яғни, оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды».

  • Оқушылардың   сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артып,топпен жұмыс жасауда іздемпаз болу қабілеттері шыңдайды.

  • Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға жетелеу.

Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині - өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.

Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.

Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.

Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым - қатынас. Дұрыс тыңдап білмеу. Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті. Сәтсіз.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:

Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады.

Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.



  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.

  Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі:

  • Топ мүшелерінің көп болуы

  • Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы.

  • Бір топтың шуылының екінші топқа әсері.

  • Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі

  • Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы

  • Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады.

  • Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы

  • Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан жоғары тұруы.

Топтық жұмыс соңында әр оқушы  қандай жетістікке қол жеткізе алады?

  • Оқушылардың ой ұшқырлығы пайда болады, бір-біріне деген сенімі артады

  • Оқушы өзінің топта орындалып жатқан жұмыстың маңызды екенін ,өз үлесін қосып жатқанын сезінеді.

  • Басқа топтардың жұмыстарын тыңдап олардың мүмкіншіліктерін салыстырады.

  • Бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және көшбасшы оқушылар анықталады.

Зерттеу жұмыстары нәтижесінде оқушылар өз бетінше білімді меңгеретінін түсіндім. Өз сыныбымда бірлескен топтық түрлерін ұйымдастырып сабақтар өткіздім.  Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріледі.Өз ойларымен бөлісіп, ақылдасады. Бір-бірінің жауабын толықтырып,берілген тақырып бойынша білімдерін ортаға салуынды. «Сұраққа жылдам жауап» әдісі. Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой - өрісін дамыту  мақсатында төмен дәрежелі  сұрақтарға толық жауап қайтаруды тапсыру.  Мысалы, «Аймер, Алинұрдың  жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?» «Азиз, Әминаның  жауабын қалай толықтыруға болады?» «Дарын, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?». Бірлесе топта жұмыс жасағанда оқушылар пікір таластырады,басқалардан үйренеді. «Сұхбат алу» әдісі. Мұнда топтағы үш оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады.Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді. «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі. Бұл әдіс бойынша топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады. Топтық жұмыс сауат ашу  сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс өткізген барысымда мынадай өте қызықты сабақ өтетінін білген жоқпын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салуда. Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, оқушыларым жалығып отырушы еді. Ал топтық жұмыста жалығып отырған оқушылар қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай біледі. Орташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Ал дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылап отырды. әрбір тақырыпты өту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолдандым. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым, тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы деп ойлаймын.

Топпен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар күрделі емес және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беріледі. Мысалы, сауат ашу сабағында элементтерден әріпті жинау,сандарды ретімен орналастыру арқылы сөздер құрастыру, әріптің баспа және жазба түрлерінің қатынасын табу, «Қатесін тап» деген сияқты тапсырмалар беріледі. Математика пәнінен «Кеңістік фигуралары», «Жазық фигуралар және олардың модельдері» тақырыбын өткен кезде жеке бөліктерден  фигураны құрастыру  арқылы фигуралар моделін құрастыру/мыс:пирамида,конус,тік бұрышты парллелепипед, текше тапсырмасын беруге болады. «Жыл мезгілдері» тақырыбына байланысты сабақ барысында жеке бөліктерден бір жыл мезгілін құрастырып, аталған жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу тапсырылады. Оқушылар топтарға берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырыпты қызығушылықпен  өздері аша алады.

Мен топтық жұмысты күнделікті сабақта пайдалануға тырысамын. Сыныптарда оқушы саны аз болғандықтан, біраз қиындықтар туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет