«ТӨрт тоқсан – ТӨрт өнер» Ұлттық МӘдени-ағартушылық жобаның



бет4/11
Дата06.11.2023
өлшемі121,5 Kb.
#189914
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР 06.04.2023 КАЗ (6)

«Ақындар айтысы» мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
«Ақындар айтысы» міндеттері: балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, поэтикалық, орындаушылық және вокалдық дағдыларды қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қазақ тілінің рөлін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу.
«Ақындар айтысы» республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.
«Ақындар айтысы»ойлаудың шапшаңдығы, тапқырлығы, балалар мен жастардың шығармашылық жетістіктерін көрсету.
«Ақындар айтысы» – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші Отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, ақындардың дәстүрлерін лайықты жалғастыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды республикалық акция.
«Ақындар айтысы» – көркем-эстетикалық даму нысаны, балалардың шығармашылық жетістіктерін көрсетудің зор мүмкіндігі.
Сайысты өткізудің үйлестірушілері: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Сайысты ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
Сайысқа қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары.
Реквизиттер: домбыра, қатысушылардың ұлттық костюмдері.
«Ақындар айтысы» өткізілетін орны: республиканың барлық елді мекендерінде жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
«Ақындар айтысы» екі айналымда өткізіледі.
Бірінші айналым – әртүрлі сынып оқушылары арасындағы іріктеу айтыстары. Екінші тур – жартылай финалда мектеп финалына қатысу үшін бірінші айналымның жеңімпаздары бақ сынайды. Іріктеу айтыстары раундтардан тұрады. Әр раундқа бір тақырып беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет