Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілетін көрме бағдарламасы шығармашылыққа баулу атмосферасын қалыптастыратын іс-шараларды: халық шығармашылығы бұйымдарының қайырымдылық жәрмеңкелері, Қазақстанның мәдени мұрасы туралы кітаптар көрмесін, эсселер, шығармалар, поэтикалық шығармалар байқауын, қазақ халқының тұрмысы туралы экспозицияларды, өнер қайраткерлерімен кездесулерді, киноклубтар отырыстарын және т. б. өткізуді көздейді
«Ұлттық өнер» көрмесі балалар мен ересектердің назарын қазақ халқының мәдени мұрасын сақтауға бағытталған.
Көрмені өткізу кезінде мектептердің жас экскурсоводтары оқушыларды, ата-аналарды, педагогтерді, қонақтарды көрменің экспозицияларымен таныстырады.
«Ұлттық өнер» көрмесі Наурыз мерекесінің ажырамас бөлігі болмақ.
«Ұлттық өнер» көрмесінің өтетін орны: Республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
«Ұлттық өнер» көрмесін ақпараттық жариялау-дайындық іс-шараларының барысын кеңінен жариялауды және бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде көрмені өткізуді көздейді.
ТӨРТІНШІ ТОҚСАН
«ТУҒАН ӨЛКЕМ» ФЕСТИВАЛІ
#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ#
Қазақстан – ежелгі дәстүрлер мен қазіргі заманның ерекшеліктерін біріктіретін, ерекше табиғи әртүрлілігі бар туристік кластерлерді құрудың табысты тәжірибеге ие бірегей ел.
Адамзат тарихы табиғат тарихымен тығыз байланысты. Туған жерге, туған мәдениетке, туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу – бірінші кезектегі міндет.
Табиғатпен үйлесімді экологиялық сана мен мінез-құлықты қалыптастыру, туризм мен өлкетануды дамыту әлемге адамгершілік қатынасты, қоршаған ортамен қарым-қатынастың ерекше моралін тәрбиелеуге бағытталған.
Қазақстандағы туризм мен өлкетанудың болашағы зор. Балалар мен жастарды туған өлкені, көрікті, киелі жерлерді зерттеуге, өз халқының рухани мәдениетімен таныстыруға, елдің тарихи өткенін зерттеуге бағытталған түрлі жобаларға тарту қазақстандық бірегейлікті, өскелең ұрпақтың туған жеріне деген сақтығы мен ұқыптылығы үшін жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, балалар мен жастарды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына баулу мақсатында «Туған өлкем» фестивалі өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |