Тоқсанбаева Айдын «Болашақ» №14 ( 573), сәуір, 2010 жыл Инновациялық әдіс – тәсілдердің маңызы



Дата11.04.2020
өлшемі19,79 Kb.
#62260
Байланысты:
Инновациялық әдіс - тәсілдің маңызы.Тоқсанбаева Айдын

Тоқсанбаева Айдын

«Болашақ» №14 ( 573), сәуір, 2010 жыл

Инновациялық әдіс – тәсілдердің маңызы

«Басқа халықтардан, кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, күшті болуға білім керек»

Ахмет Байтұрсынұлы

Адамзат – білімдер ғасыры, ақпараттар ғасыры, дамудың шапшаң түрі жаңа технологиялық ғасыры атанған ХХІ ғасырға кірді.Бұл әрине Қазақстанның экономикалық және рухани жаңғыруының қорларын құрайтын білім және ғылым әдістерінің стратегиялық даму жолын анықтайды. Жаңа ғасыр табалдырығын аттай отыры, білім мен ғылымды инновациялық тезхнология бағытымен дамыту адамзат баласының өзекті мәселесі болып отыр. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Осы орайда, жас ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру бүгінгі күннің басты талабы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев « Жаңа ғасыр адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы – мектеп» десе, қазақтың талантты ақыны М.Жұмабаев « Қазақтың тағдыры мен келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» деген еді. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақстанда Білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика мен оқу – тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер мен білім беру құрметіне жаңаша қарауды қол жеткен табыстырды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс – әрекетін жаңаша тұрғыда ұымдастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының « Білім туралы Заңының» 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- оқытудың жаңа технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткендей – ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған – басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педагогикалық технологияны меңгеру болып табылады.Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білу керек.Сонымен қатар мектептегі оқу – тәрбие жүйесі мұғалім – оқушы арасындағы қарым – қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде и\мұғалімдердің инновациялық іс – әрекеттерінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту , оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс – тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс – әрекет үстінде, өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болу , ал зерттеуші педагог өз кезінде ізденуші шәкіртті тәрбиелеуге талап етеді. ХХ ғасырда педагогика саласында көптеген инновациялық педагогикалық технологиялар ашылғанымен, қазіргі уақытта оларды жалпы білім беретін мектептерде гуманитарлық пәндерді оқыту барысында қолданудың жолдары сараланып көрсетілмеген.Сондықтан көптеген мектептер гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгергенімен оны тәжірибеде қолдануда қиындықтарға тап болады.Себебі , оқу – тәрбие үрдісінде гуманитарлық пәндерді оқытуда инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда қойылатын талаптар мен шарттар әлі күнге дейін зерттелінбеген. Сол себептен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдерін пайдалануды теориялық жағынан негіздеу және оның педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін зерттеу арқылы әдістемесін жасау, м ектептегі оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану. Әрбір оқышының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп оқытудың саралап олқыту әдісі мен жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларын қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асыру, әрбір оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін модульдік оқыту жүйесі жүзеге асыру, әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген сенімін арттыру үшін деңгейлеп оқытуды жүзеге асырса мектепте оқыту тиімді болады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың « Қазақстан – 2030 » Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ , орыс , ағылшын тідерін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам, өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей – ақ, ертеңгі клеер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп , азамат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да оқушылардың ой – өрісін,ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана – сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс – әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым – қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс – тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл инновациялық деп атайды. « Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алнған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегенміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс – тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып , педагог өз еңбектерінң нәтижесі туралы ақпаарт алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу – тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.Н.Апатова, М.Потаншик, В.Я. Ляудис т.б. ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы – мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны өндіруді міндеттейді.Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – бала ол тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал мұның өзі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік , үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс – әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу – тәрбие үрдісін білім мазмұнын жанартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолдануын тиімділігін арттырудың , оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді. Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру – олардың жаңа педагогикалық технологияны меңгеруінің алғы шарты. Ал мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруімен оны оқу – тәрбие үрдісіне енгізу – уақыт талабы. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білм сапасын арттыруға өз үлесін қосады. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұнымен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты , жан – жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік , адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
« Технология» дегеніміз ( гректің « techne» - өнер , шеберлік және « logos» ғылым деген сөздерінен шыққан) білім беру формаларының тиімділігін арттыруды міндет еткен , техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара ықпалын , ескеретін жүйелі әдістің жасалуы, пайдаланылуы және білімді оқытумен игерудің барлық үрдістерінің анықталуы.
Жаңа технологияны мақсаты – оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс – әрекеті жүргізе алатындай болуы керек.

Нұржан ӨТЕЕВ
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп
директорының ғылыми – инновация жөніндегі орынбасары

Отырар ауданы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет