Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет1/11
Дата09.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#168091
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТО санды жиынты ба алауды спецификациясы 1



ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(жалпы білім беретін орта мектептері үшін)


БИОЛОГИЯ
8 сынып

Нұр-Сұлтан, 2022





«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


8-СЫНЫП

МАЗМҰНЫ





1. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ 4

2. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН

ҚҰЖАТТАР 4

3. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 4

4. ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 4

5. ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ 5

6. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ 5

7. МОДЕРАЦИЯ ЖӘНЕ БАЛЛ ҚОЮ 6

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 36

  1. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ



Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


  1. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР


«Биология» пәні бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік Мектептеріне арналған




  1. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР




Оқушы:

  • қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми ұғымдар мен терминдерді, заңдар мен заңдылықтарды пайдалана біледі, табиғаттағы процестердің себеп- салдарлық байланыстарын анықтай алады;

  • табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың болмысын және олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперименттік, зерттеушілік жұмыс жүргізе біледі;

  • әлемнің ғылыми көрінісі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдайларды бағалау және белгілі шешім қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің ақпараттық- ұғымдық аясында түсінігі болады, оларды пайдалана біледі;

  • конструктивті шешім қабылдау үшін қоршаған ортадағы өзгерістердің өзара байланысын, адам әрекетінің экожүйеге тигізетін әсерін ажыратады, сондай-ақ табиғатты сақтау қажеттілігін дәлелдейді;

  • экологиялық, техногенді және ақпараттық факторлар мен адамгершілік нормаларды ескере отырып, қоршаған болмыспен өзара әрекеттесу үшін жаратылыстану-ғылыми білімін көрсетеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет