Товые вопросы по модулю «Ревматология»



Дата16.12.2023
өлшемі304,5 Kb.
#197306
Байланысты:
ревматология каз
10 сынып Динамика

Товые вопросы по модулю «Ревматология» для интернов-терапевтов (7 курс)
180 вопросов
~ Жүйелі склеродермияда коллаген түзілуді тежейтін дәрі:
@ купренил
@ делагил
@ азатиоприн
@ преднизолон
@ циклоспорин
~ CREST – синдромының диагностикалық белгілері болып табылады: 1. эзофагит; 2. Рейно синдромы 3. тері кальцинозы 4. Телеангиоэктазия 5. түйінді эритема
@ 1, 2, 3, 4
@ 1, 2, 3
@ 1, 3, 4, 5
@ 2,4, 5
@ 2, 3, 4, 5
~ Ревматоидты артритке тән:1. аурудың типтік басталуы – ірі буын моноартриті 2. қол басы ұсақ буындарының симметриялы зақымдануы 3. таңертеңгілік құрысудың болмауы 4. ерте рентгенологиялық белгісі – буын маңы остеопорозы
@ – 2,4
@ – 1,2,3
@ – 1,3
@ – 4
@ – 1,2,3,4
~ Ревматоидты артриттің диагностикалық белгілері: 1. симметриялы артрит 2. қол басы буындарының таңертеңгілік құрысуы 3. буын маңы остеопорозы 4. екі жақты сакроилеит
@– 1,2,3
@ – 1,2,4
@ – 1,3
@ – 2,4
@ – 4
~ Остеоартроздың (ОА) белгілері: 1. Геберден түйіншектері 2. ұзақ уақыт таңертеңгілік құрысу 3. «моторлы» буын бұлшықетінің атрофиясы 4. преднизолонның әсері жоғары
@ – 1,3
@ – 1,2,3
@ – 2,4
@ – 4
@ – 1,2,4
~ Остеоартроздың диагностикалық белгілері болып табылады. 1. буын саңылауларының тарылуы 2. Остеофиттер 3. шеміршек асты остеосклерозы 4.сүйектің буын беттерінің жиектік эрозиялары
@ – 1,2,3
@ – 1,3
@ – 2,4
@ – 4
@ – 1,2,4
~ Ревматоидты артритке тән:
@ латекс-тесттің жоғары титрі
@ LЕ жасушаларының жоғары титрі
@ дистальды фалангы аралық буындардың зақымдануы
@ ұшпалы буындық синдром
@ қақпақшалардағы вегетация
~ Науқас 28 жаста бетте эритемалы дақтар, дене температурасының 39 градусқа жоғарылауы, арықтау, интенсивті полиартралгия, ісінулер және АҚҚ жоғарылауының босанудан кейін бір айдан соң дамуын байқаған. Зерттегенде анықталды: гемоглобин – 90 г/л, ЭТЖ – 50 мм сағатына, фибриноген – 6 г/л, альбумин – 30%, LE- жасушалар 5:1000 лейкоцитке. Сіздің диагнозыңыз.
@ жүйелі қызыл жегі
@ жүйелі склеродермия
@ дерматомиозит
@ диффузды эозинофильді фасциит
@ ревматикалық полимиалгия
~ Қызба, полиневрит, артериальды гипертензия, бронхообтурациялы синдром тән:
@ түйінді периартериитке
@ жүйелі қызыл жегіге
@ дерматомиозитке
@ жедел ревматикалық қызбаға
@ инфекциялық эндокардитке
~ Дерматомиозиттегі бұлшықеттік синдром сипатталады: 1. шеткі бұлшықеттің зақымдауымен; 2. бұлшықеттің симметриялық зақымдануы; 3. дисфагияның дамуы; 4. бұлшықеттің атрофиясы; 5. дисфонияның дамуы.
@ 2, 3, 4, 5
@ 1, 2, 3
@ 1, 3, 4, 5
@ 2, 4, 5
@ 1, 3, 4, 5
~Жүйелі склеродермия диагностикасындағы маңызды зертханалық көрсеткіші.
@ қанда оксипролин деңгейі
@ комплемент титрі
@ қан сарысуында LE – клеткалар саны
@ қан сарысуында КФК деңгейі
@ эритроциттердің төмендеу жылдамдығы
~ Подагралық артритке тән буын.
@ 1- ші табан-фалангалық
@ жамбас
@ тізе
@ білезік
@ иық
~ 20 жастағы науқас, тұмаудан кейін пада болған сол жақ тізе буынының ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ тізе, буынының пішіні өзгерген, гипертермия, пальпация кезінде ауырсынуы. Қанда: эритроциттер - 4,6х109/л, гемоглобин - 120г/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 25 мм/сағ. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
@ реактивті артрит
@ жедел ревматикалық қызба
@ ревматоидты артрит
@ септикалық артрит
@ подагра
~ Ревматоидты артритты жоққа шығаратын белгі.
@ дистальді фаланга аралық буындардың зақымдалуы
@ таңертеңгілік құрысу
@ буын беткейлерінің узурациясы
@ анкилоздар
@ буын маңылық тіндердің зақымдалуы
~ Клиникалық протокол бойынша Вегенер ауруының еміндегі базистік препарат.
@ циклофосфамид
@ кортикостероидтар
@ аминохинолин препараттары
@ метатрексат
@ антибиотиктер
~ 20 жастағы ер адамда буындардағы ауырсыну, уретрит, коньюнктивит мазалайды. Ең мүмкін болатын диагноз.
@ Рейтер ауруы
@ псориаздық артропатия
@ Шегрен синдромы
@. Фелти синдромы
@ Саркондоз
~ Остеоартроз кезінде ауырсыну келесі себептерден даму мүмкін: 1. периартикулярлы тіндерде зәр қышқылы тұздарының шөгуі; 2. трабекулярлы микросынықтар; 3 сүйектік веналық стаз; 4. медулла ішілік гипертензия; 5. буын маңылық бұлшық еттердің түйілуі.
@ 2, 3, 4, 5
@ 1, 2, 3, 4
@ 1, 3, 4, 5
@ 2, 4, 5
@ 2, 3, 4
~ Ревматоидты артритпен ауыратын науқас дене қызуының жоғарлауы, висцериттер және васкулиттер жоқ, тізе буындарында сұйықтық бар. ЭТЖ – 35 мм/с; ауру ұзақтығы – 6 ай, бұрын емделмеген болса, клиникалық протокол бойынша емдеу әдісі:
@ цитостатиктермен бірге стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
@ тек стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
@ тек алтын препараттары
@ D-пеницилламинмен бірге стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
@ кеналогты буын ішіне енгізумен бірге стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
~ Ревматоидты артритке тән:
@ оң латекс – тест және Ваалер – Розе реакциясы
@ LE – клеткаларының болуы
@ антистрептолизин – О жоғары титрі
@ моноклональді белоктың болуы
@ қан сарысуында зәр қышқылының жоғары деңгейі
~ 45 жастағы ер адам дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: дене қызуының жоғарлауы, миалгия, полиартралгия, құлақ қалқанының қызарып, үлкеюі, есту қабілетінің төмендеуі, мұрынның ісініп, ауырсынуы, дауысының қарлығуы, ентігу. Ауырғанына 1 апта болды. Сіздің болжам диагнозыңыз.
@ қайталамалы полихондрит
@ Шарп синдромы
@ Шегрен ауруы
@ ревматикалық полимиалгия
@ дерматомиозит
~ Құлақ маңы безі аумағындағы көлемді құрылымға; соңғы 5-6 аптада ішінде ауызының құрғауы, көзінде бөгде дененің болуы сезімі, жарықтан қорқу, көзінде жастың болмауы; субфебрилитет, кезеңді полиартралгия шағымдары бар 48 жастағы әйел адамның болжамды диагнозы.
@ Шегрен ауруы
@ Шарп синдромы
@ Фелти синдромы
@ Уиппл ауруы
@ Такаясу ауруы
~ 40 жастағы науқас қолдарының ұсақ буындарының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. ЭТЖ – 30 мм/сағ, зәр қышқылы 0,56 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз.
@ подагралық полиартрит
@ екіншілік остеоартроз
@ создық олигоартрит
@ Рейтер ауруы
@ туберкулезді артрит
~ Антифосфолипидті синдромның қан анализіне тән өзгерістер:
@ ЭТЖ жоғарлауы, шамалы тромбоцитопения, кейде гемолитикалық анемия, лейкоцитоз
@ эритроцитоз, тромбоцитоз, кейде гемолитикалық анемия, ЭТЖ жоғарлауы
@ темір тапшылық анемия, тұрақты лейкоцитоз, тромбоцитоз
@ эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы, лейкоцитоз
@ гипорегенераторлы анемия, лейкопения, тромбоцитопения
~ Ревматоидты түйіндер орналасады:
@ периартикулярлы тіндерде
@ теріде
@ сіңірлерде
@ ішкі мүшелерде
@ сүйектерде
~ Артритпен қатар көкбауырдың ұлғаюы және шеткері лимфа түйіндердің ұлғаюы тән.
@ Фелти синдромына
@ Шегрен синдромына
@ Бехтерев ауруыга
@ псориаздық артритке
@ Рейтер ауруына
~ Кеуде торының тыныс алу экскурсиясының ерте шектелуі кездеседі.
@ Бехтерев ауруында
@ омыртқа жотасының кеуде бөлігінің остеохондрозында
@ түйінді полиартериитте
@ жүйелі склеродермияда
@ ревматоидты артритте
~ Ерте сакроилеит тән:
@ Бехтерев ауруы
@ ревматоидты артрит
@ Подагра
@ Бруцеллез
@ Ревматизм
~ Қан сарысуында креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарлауы кездеседі.
@ дерматомиозитте
@ ревматоидты артритте
@ жүйелі склеродермияда
@ түйінді периартериитте
@ жүйелі қызыл жегіде
~ Гудпасчер синдромы диагнозында қайсысын анықтау маңызды:
@ бүйрек базальді мембранасына айналымдық антиденелердің анықталуы
@ лейкоцитоз және эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы
@ жедел фазалық белоктарды
@ теміртапшылық анемияны
@ қанда креатининнің жоғарлауы
~ Созылмалы іріңді ринит, отит, артрит, артромиалгиялар, терінің геморрагиялық васкулиті, өкпедегі инфильтраттар және олардың ыдырауы тән.
@ Вегенер гранулематозына
@ түйінді полиартериитке
@ Такаясу ауруына
@Гудпасчер синдромына
@ Склеродермияға
~ Бейспецификалық аортоартериитте зақымдалады:
@ ірі артериялар
@ орта калибрлі артериялар
@ веналар
@ ұсақ калибрлі артериялар
@ капиллярлар
~ Склеродермияда ең жиі зақымдалатын асқазан – ішек жолының бөлігі:
@ өңеш
@ асқазан
@ ұлтабар
@ ащы ішек
@ тоқ ішек
~ Геберден түйіндері бұл:
@ соңғы фалангалардың эпифиздерінің шеттік сүйектік өсінділері
@ буынның сүйектік негізіне, шеміршектер мен сіңірлерге зәр қышқылы кристаллдарының шөгуі
@ құрамында липиді бар гистиоциттермен және алып клеткалармен дерманың, синовий қабықшасының инфильтрациясы
@ тері асты клетчаткасының ошақты некрозы және созылмалы қабынуы
@ тері асты клетчаткасында, бұлшық еттерде кальций тұздарының шөгуі
~ Клиникалық протокол бойынша Подаграның жедел ұстамасында қолданылатын препарат:
@ колхицин
@ бутадион
@ индометацин
@ бенетазон
@ аллопуринол
~ Клиникалық протокол бойынша дерматополимиозиттің тиімді емі:
@ кортикостероидтар
@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
@ аминохинолиндер
@ цитостатиктер
@ кең спектрлі антибиотиктер
~ Ұзақ уақыт қабылдағанда терінің эритематозды зақымдануы пайда болады.
@ купренил
@ кризанол
@ эндоксан
@ плаквенил
@ индометацин
~ Саусақтардың шеткі фалангтарының остеолизі жиі кездеседі.
@ склеродермияда
@ ревматоидты артритте
@ анкилоздаушы спондилоартритте
@ остеоартрозда
@ дерматомиозитте
~ Қатерлі ісікпен қатар жиі кездеседі.
@ дерматомиозит
@ жүйелі қызыл жегі
@ склеродермия
@ түйінді полиартериит
@ Бехчет синдромы
~ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен сырқаттанатын 35 жастағы әйел адам, жүректің декомпенсация көріністерімен ауруханаға түсті. Жүректің аускультациясы кезінде «бөдене» (перепел) ырғағы, өкпе артериясында II үннің акценті, протодиастололық шу естіледі. ЭХОКГ-да: сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың аумағы 1,2 см2. Жүрек жеткіліксіздігінің үдеуін жою үшін науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы.
@ митральды комиссуротомия
@ үздіксіз антибактериальды терапия
@ глюкокортикостероидтармен үздіксіз терапия
@ ангиотензинге айналдырушы фермент ингибиторларымен үздіксіз терапия
@ жүрек гликозидтерімен үздіксіз терапия
~ Ревматоидты артриттің дебютінде бұл диагнозды жоққа шығаратын буындардың зақымдануы.
@ алақанның шеткі фалангаралық буындары
@ білезік буындары
@ тізе буындары
@ алақанфаланг буындары
@ проксимальды фалангаралық буындар
~ 30 жастағы науқас 4 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Соңғы 6 ай ішінде лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия. Қанында: гемоглобин – 85 г/л, лейкоциттер – 3 тыс., ЭТЖ- 34 мм/сағ., СРБ+++, Ваалер-Розе реакциясы 1:128. Науқастың диагнозы.
@ Фелти синдромы
@ созылмалы белсенді гепатит жүйелік белгілерімен
@ жүйелі қызыл жегі
@ остеоартроз
@ Стилл синдромы
~ Науқас 42 жаста, ревматоидты артритпен ауырады, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдайды. Ангинадан кейін субфебрилитет пайда болып, буын синдромы күшейді. СОЭ 50 мм/сағ, СРБ +++, Ваалер Розе реакциясы 1:40. Клиникалық протокол бойынша емдеу тактикасы.
@ глюкокортикостероидтарды, базисті препараттар тағайындау
@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды үлкен дозамен жалғастыру
@ антибактериальді терапия тағайындау
@ емдеуге физиотерапевтикалық процедураларды қосу
@ пульс терапияны жүргізу
~ И. деген 14 - жастағы науқас, тізе, сирақ-аяқ ұшы, кәріжілік-білезік буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, жүрек қағуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. Жүрек соғу жиілігі минутына - 52 рет. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн. гемоглобин-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, ҚАЖ 1; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Клиникалық протокол бойынша қажетті емдеу тактикасын таңдаңыз:
@ амоксициллин + диклофенак + преднизолон +милдронат
@ амоксициллин + диклофенак
@ амоксициллин + диклофенак + дигоксин
@ амоксициллин + диклофенак + преднизолон+ плаквенил
@ амоксициллин + диклофенак + преднизолон + ААФ тежегіштері
~ Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда Фелти синдромына тән белгі:
@ спленомегалия
@ лимфаденопатия
@ перикардит
@ гепатомегалия
@ плеврит
~ 18 - жаста науқас тізе, сирақ, кәріжілік-білезік буындарындағы ауыру сезімі, дене қызуының 39°С көтерілуі, жүрек қағысы, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Об-ті: құрсақтың алдыңғы қабырғасының терісінде – сақина тәрізді эритема. Буындарының пішіні өзгерген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырады. Жүректің шекаралары үлкейген, үні тұйық, брадикардия. Жүрек соғу жиілігі мин 52 рет. Қанында: эритроциттер - 4,2 млн., гемоглобин - 140 г/л, лейкоциттер - 15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба, белсенді фазасы, III сатысы. Клиникалық протокол бойынша преднизолонның мөлшері.
@ 30 мг
@ 120 мг
@ 100мг
@ 80 мг
@ 10 мг
~ Ревматоидты артриттің диагнозын нақтылауға маңызды зертханалық маркер:
@ циклді цитруллинді пептидке антиденелер
@ ревматоидты фактор
@ нейтрофильді лейкоцитоз
@ анемия
@ тромбоцитопения
~ 52 жастағы әйел, физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу, басының ауыруы, әлсіздік 2 апта ішінде пайда болғанын байқайды. Анамнезінен: 10 жыл көлемінде ревматоидты артритпен ауырады. Метотрексатты тұрақты қабылдайды. Рентгенде: өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі, өкпе құрылымының ұяшықталуы. Спирограммада: форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі. Барынша мүмкін дерт.
@ өкпелік фиброздың
@ өкпенің созылмалы обструктивті аурудың
@ пневмонияның
@ пневмониттің
@ созылмалы бронхиттің
~ К. деген 50 - жастағы науқас жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Буындарындағы ұзақ жүргенде пайда болатын шамалы ауырсынулар соңғы екі жыл ішінде мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні өзгерген, периартикулярлы тіннің тығыздануы, оң тізесендегі гипертермия көріністері. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер мен саусақтардың шықпалары анықталды. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер - 5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Розе реакциясы 1:8. Сіздің диагнозыңыз.
@ реактивті синовитпен остеоартроз
@ ревматоидты артрит
@ псориаздық артрит
@ реактивті артрит
@ подагралық артрит
~ К. деген 50 - жастағы науқас, жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Соңғы екі жыл бойы ұзақ жүргенде буындарының аздап ауыруы мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығызданған, оң тізесінде гипертермия. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер және саусақтардың шығулары анықталды. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер 5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Розе реакциясы - 1:8. Диагнозды анықтау үшін зерттеу әдісі.
@ буындар рентгенографиясы
@ ревматоидты факторды анықтау
@ қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау
@ синовиальді сұйықтықтың анализі
@ зәр қышқылының деңгейін зерттеу
~ Ревматоидты артрит кезінде сілекей және жас бездерінің зақымдалуы тән.
@ Шегрен
@ Каплан
@ Фелти
@ Рейтер
@ Псевдосептикалық
~ Ревматоидты артрит кезінде өкпенің зақымдалуымен сипатталады.
@ Каплан
@ Фелти
@ Шегрен
@ Рейтер
@ Псевдосептикалық
~ А. деген 30 – жастағы науқас, қол басы буындарының ауыруы мен ісініу, таңертеңгілік буындардағы қимылдың ауырлауына шағымданады. Об-ті: II-IY қол саусақтарының проксимальді фаланга аралық буындарында симметриялы дефигурация. Осы буындарда ауыру сезімі мен экссудативті құбылысқа байланысты, әсіресе бүгілу шектелген. Қанында: эритроциттер 4 млн., гемоглобин 128 г/л, лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Диагнозды анықтауға қажет тексерілу.
@ Ваалер-Розе реакциясы
@ Райт және Хаддлсон реакциясылар
@ Н LA B-27 анықтау
@ стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау
@ мурексидті сынама
~ Темір дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін К. деген 19 - жастағы науқас жедел ауырып, дене қызуы 39°С-ға дейін жоғарылап, тамағы ауырып, жөтеліп, бетінің қызарғанына шағымданады. Жоғарыдағы шағымдардың пайда болуын темір дәнекерлеу кезіндегі күйікпен байланыстырады. Өздігінен ампициллин, парацетамол қабылдаған. Осы симптомдардың өршуіне байланысты ауруханаға жатқызылған. Об-ті: бетінің гиперемиясы және ісінуі. Кеудесінде, арқасында эритематозды-суланған бөртпелер. Лимфаденопатия. Ауыз қуысының шырышты қабатында - афтозды стоматит. Шашы түсіп сиреген. Жүрегі ұлғайған, тондары тұйықталған. АД-150/90 мм.с.б. ЖСЖ минутына -110 рет. Гепатомегалия. Қанда: эр-3,2 млн., Нв-100 г/л, лейкоциттер -3 мың, ЭТЖ-40 мм/сағ. ЖЗА: белок-0,9 г/л, эр - көру аймағында 1-8. Сіздің болжам диагнозыңыз.
@ жүйелі қызыл жегі
@ дәрілік ауру
@ аллергиялық дерматит
@ жедел тонзиллит
@ агранулоцитоз
~ Ұлпалардың жайылмалы зақымдануы салдарынан нефриттің гистологиялық суреті, «сым ілмек», фибриноидтық, гиалиндік тромбтар, ядроның патологиясы симптомдарымен сипатталатын қызба тән.
@ жүйелі қызыл жегіні
@ ревматоидты артритті
@ Крон ауруын
@ түйінді периартериитті
@ созылмалы гломерулонефритті
~ Т. деген 26 жастағы науқас, дене қызуының 40°С дейін көтерілуі, ентігу, жөтел, қолдың ұсақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен бір ай бұрын бала көтеріп, өздігінен түсік тастаған. Қарап тексергенде: жүдеу, лимфаденопатия, беті және мұрын қырының эритемасы, қолмен аяқта - «торлы ливедо». Ішкі ағзалардағы өзгерістер- полисерозит (плеврит, перикардит), кардит, нефрит. Қанда: эритроциттер 2,4 млн. гемоглобин 70 г/л, лейкоциттер 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖЗА: нәруыз 5,2 г/т, эритроциттер 20-30 к/а, косспиральды ДНК антиденелері- оң мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін қажет зерттеу әдісі .
@ кардиолипинге антиденелерлі анықтау
@ ревматоидты факторды анықтау
@ стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау
@ қанды бактериологиялық себіндіге зерттеу
@ урогениталды инфекцияға иммуноферменттік зерттеу
~ Т. деген 16 жастағы науқас, дене қызуының 40°С көтерілуі, ентігу, жөтел, ісінуге шағымданады. Об-ті: тамақтануы төмен, лимфаденопатия, ұрты мен мұрын қырының эритемасы, полисерозит белгілері (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит. Қанында эритроциттер 2,4 млн, гемоглобин 70 г/л, лейкоциттер 2,2 мың, ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖҚА: белок-5,2 г/с, эритрциттер 20-30 к/а, Lе-жасушалар-5:1000. Диагноз: жүйелі қызыл жегі. Клиникалық протокол бойынша пульс-терапия кезіндегі преднизолонның мөлшері.
@1000 мг
@ 60 мг
@ 100 мг
@ 150 мг
@ 500 мг
~ Клиникалық протокол бойынша жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындауға көрсеткіш:
@ люпус-нефрит
@ люпус-кардит
@ люпус-артрит
@ полисерозит
@ цитопения
~ Л. деген 35 - жастағы науқасты, 5 жыл бойы кеуде торшасының сол бөлігін мен сол аяқ-қолында қолайсыз, тұйық ауыру сезімі мазалайды. Тері жабындыларындағы өзгерістер соңғы 3 жылда пайда болған. Об-ті: денесінің сол жақ жартысы және сол аяқ-қолында қою-қоңыр түсті үлкен мөлшерлі, әртүрлі пішінді теріден көтеріңкі, беті тегіс және жылтыр, жіңішке көкшіл-қызыл сызықпен сау тері жабындыдан шектелетін ошақтар бар. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз.
@ лимиттелген склеродермия
@ дерматомиозит
@ жүйелі қызыл жегі
@ псориаздық артропатия
@ жүйелі склеродермия
~ Бехтерев ауруының диагностикалық критерийі:
@ антиген НLA B 27
@ ревматоидты фактор 1:32
@ LE-жасушалар
@ антинуклеарлы антиденелер
@ гиперурикемия
~ Н. деген 20 жастағы науқас, жарты жыл бұрын тізе, сирақ буындарында ісіну және ауыру сезімімен емделіп, жақсарған. 1 ай бұрын кеуде торшасында, омыртқаның бел аймағында, сол жамбас-сан буындарында ауыру сезімдері пайда болған. Об-ті: омыртқаның бойы ауырады. Иілу сол жақ жамбас-сан және омыртқадағы ауыру сезіміне байланысты қиындаған. Сол жақ бұғана-кеуде аймағының пішіні өзгерген. Сіздің диагнозыңыз.
@ анкилоздаушы спондилоартрит
@ Рейтер синдромы
@ ревматоидты артрит
@ Рейтер ауруы
@ остеохондроз, түбіршекті синдром
~ И. деген 24 жастағы науқас, сол жақ тізе, сирақ буындарындағы қатты ауырсыну сезіміне, олардағы домбығу мен қозғалыстың шектелуіне, дене қызуының 38°С көтерілуіне, зәр шығарғандағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Об-ті: сол жақ тізе және сирақ буындары ісінген, сипағанда ыстық, қатты ауырсыну сезімді, сіңірі мен оң табан сүйегі ауырады. Қанында: гемоглобин 130 г/л, эритроциттер 3,8 млн., лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ-46 мм/сағ, СРБ (+++). Ревматоидты фактор латекс тест бойынша 1:10. Клиникалық протокол бойынша емге қажет препарат:
@ макролидтер тобынан антибиотик
@ қабынуға қарсы стероидты емес препарат
@ цитостатик
@ алтын препараты
@ хинолинді
~ Н. деген 45 - жастағы науқас, сол жақ тізе буынында мен өкшесінде ауырсыну сезімі және ісінуге шағымданады. Анамнезінен шамамен бір ай бұрын дизентериядан емделген. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынының және оң өкше аймағының пішіні өзгерген, гиперемиясы бар. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, пульс- мин. 84 рет. Іші жұмысақ, ауырмайды. Қанда: эритроциттер 4,2 млн., лейкоциттер 11 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз.
@ реактивті артрит
@ жедел ревматикалық қызба
@ ревматоидты артрит
@ септикалық артрит
@ подагра
~ Г. деген 30 - жастағы науқастың тұмаумен ауырғаннан кейін, бұлшық еттері ауырып, әлсізденген, қабағы іскен, аздаған физикалық жүктемеге ентігу, дисфагия пайда болып, дауысы өзгерген. Қарап тексергенде: жүрісі сылбыр - сүйретілген, қабағы іскен, қабағында, жақ пен мұрын қанаттарында және «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда - иық белдеуінде, сандарында ауырсыну байқалады, қолын жоғары көтеруге қиналады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ - мин.100 рет АҚҚ 140/90 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер 4,5 млн., гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Диагнозды анықтауға сезімталдығы мен арнайлылығы жоғары сынамалар:
@ креатинфосфокиназаның жоғарлауы
@ эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы
@ қосспиральды ДНК антиденелерінің жоғарлауы
@ ревматоидты фактордың жоғары титрі
@ лейкоцитоз лейкоформуланың солға қарай ығысумен
~ Г. деген 20 жастағы науқас, босанғаннан кейін бұлшықеттерінде ауырсыну сезімі, бұлшықеттік әлсіздік пайда болған. Бір апта бұрын қабағының ісінуі, аздаған жүктеме кезінде ентігу, маңқалықі, тамаққа шашалу қосылған. Об-ті: ісінген, иық белдеуінің, сан бұлшықеттері ауырады, беті мимикасыз. Жүрек шекаралары ұлғайған, үндері қатаң, ЖСЖ мин. 100 рет., АҚҚ 140/90 мм с.б.б. Қанында: эритроциттер 4,5 млн, гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ, АЛТ-17 МЕ. Диагноз: идиопатиялық дерматомиозит. Клиникалық протокол бойынша емді бастау қажет.
@ глюкокортикостероидтардан
@ цитостатиктерден
@ аминохинолидерден
@ қабынуға қарсы стероидты емес препараттардан
@ Д-пеницилламиннен
~ В. деген 16 жастағы науқас қатты суықтаған соң есекжем, жамбас пен аяқ терісінде мономорфты симметриялық кей жерінде орталығы некроздалған папуллезді-геморрагиялық бөртпелер пайда болып, дене қызуы 39°С жоғарылаған. 1 аптадан соң бел аймағында ауырсыну сезімі қосылған, зәрі күңгірттенген. Қанында: лейкоциттер 18 мың, ЭТЖ-54 мм/сағ, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, 3 есе жоғарылаған Виллебранд факторы, криоглобулиндердің құрамы жоғарылаған, СИА тест-оң. Зәрінде - протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Мүмкін диагноз.
@ криоглобулинемияляқ васкулит
@ тромбоцитопениялық пурпура
@ Виллебранд ауруы
@ Бехчет ауруы
@ Рандю-Ослер ауруы
~ Т. деген 16 жастағы науқасты вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ірі буындарының ауырсынуы, субфебрилитет, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің жедел төмендеуі, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, дене салмағының төмендеуі мазалайды. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық нүктелерінде, мойын тамырларына, құрсақ қолқасына берілетін систолалық шу естіледі. Сол жақ шыбық артериясының пульсациясының бәсеңдеуі. АҚҚ оң қолында 230/130 мм с.б.б., сол қолда 150/130 мм с.б.б., аяқта 220/110 мм с.б.б. Көз түбі тамырлары өзгерген. Сіздің диагнозыңыз.
@ бейспецификалық аортоартериит
@ жедел ревматикалык қызба
@ ревматикалык емес миокардит
@ гигантты жасушалық артериит
@ артериальды гипертония
~ Оң патергиялық сынама диагноздық критериі болып саналады.
@ Бехчет ауруының
@ түйінді полиартерииттің
@ Шегрен синдромының
@ Вегенер гранулематозының
@ бейспецификалық аортоартерииттің
~ Р. деген 65 - жастағы науқас, басының қатты ауыру сезімі, әсіресе оң жағының, оң көзінің көру жітілігінің төмендеуі, иық бұлшықеттерінің ауырсынуы, жүдеуге шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болған, ЛОР дәрігері қарап, патологиялық өзгеріс анықтамаған. Кешірек осыған оң жақ беттінің ауырсынуы мен парастезия сезімі қосылған. Жағдайы ауыр, қолымен бетінің оң жақ бөлігін тіреп отыр. Самай артериясын сипап қарағанда тығыз, пульсациясы төмендеген, АҚҚ 140/70 мм с.б.б. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Окулист: көру жүйкесінің бөліктік атрофиясы. Сіздің диагнозыңыз.
@ Хортон ауруы
@ артериальды гипертония
@ мидың ісігі
@ омыртқа жотасының мойын бөлімінің остеохондрозы
@ бейспецификалық аортоартериит
~ Г. деген 45 - жастағы науқас, аяқтарының әсіресе, оң аяғының бірінші башпайының шыдатпай ауырсынуы, осы буынның ісінуі, терісінің қызаруы және дене қызуының 38°С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Буындағы ауырсыну сезімі жаңа туфлимен ұзақ уақыт жүргеннен кейін мазалаған. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан - башпай буындары аймағы ісініп, қызарған, қозғалысы шектелген, құлақ қалқандарында – ауырмайтын диаметрі 2-4 мм сары түсті тері асты түйіндері. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ. СРБ (++), мочевина 15,0 ммоль/л. ЖЗА: сал. тығыздығы-1014, эритроциттер - 5-7 к/а, ураттар (+++). Сіздің болжам диагнозыңыз.
@ подагралық артрит
@ ревматоидты артрит
@ остеоартроз
@ псориаздық артрит
@ реактивті артрит
~ С. деген 60 жастағы науауқас, шынтағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Жүрек ауыруын емдеген кезде диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Қарап тексергенде: гиперемия, шынтақ буындарының аймағында ісінуі, осы буын қозғалысының шектелуі, үрме бұршақ сияқты тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтауыш аритмия. ЖСЖ- мин.100 рет. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Гемоглобин 150 г/л, лейкоциттер 10 мың. ЭТЖ-2 мм/сағ. ЖЗА: сал. Тығыздық 1020, лейкоциттер 4 - 5 к/а., эритроциттер 6 - 8 к/а. Ураттар +++. Диагнозды дәлелдеу үшін қажет зерттеу әдісі.
@ зәр қышқылының деңгейін анықтау
@ қабынудың жедел фазалы көрсеткіштерін анықтау
@ Ваалер-Розе реакциясын
@ креатинин деңгейін анықтау
@ синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу
~ Тері жасалатын тігін цехында жұмыс жасайтын, 32 - жастағы әйел 1 айдың көлемінде тәуліктің екінші жартысында айтарлықтай жағдайын ауырлатпайтын дене қызуының көтерілуі мазалайды. Тершеңдік (таңертең дымқыл жастық), әлсіздік, шаршағыштық, ұшпалы буындардың ауруын байқайды. Көп сөйлейді, аздап қозғыш, беті қызыл, жөтеледі. Қан анализінде: гемоглобин 90 г/л, эритроциттер 3,5x1012/л лейкоциттер— 5,6x109/л, таяқша ядролы нейтрофильдер— 2%, сегменнтер — 65%; лимфоциттер —28%; моноциттер — 5%; ЭТЖ —15 мм/сағ. Бірінші кезекте қандай диагностикалық шараларды жүргіземіз.
@ кеуде қуысының рентген суреттемесі
@ антистрептолизин-О
@ Манту сынамасы
@ Хаделлсон реакциясы
@ қан бактриологиялық анықтау
~ 24 жастағы ер адам - кезеңді түрде (3-4 күнді үзіліспен) дене температурасының бірнеше күн қатарынан таңертең немесе кешке жоғарылауына, бас ауыруы, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, тітіркенгіштік, тізе және тобық буынындағы ауырсыну сезімі, буындарындағы «старттық» ауырсыну сезімі, аяқ – қолының бозаруына шағымданады. ЖҚА лейкоциттер – 3,4х109/л, лимфоциттер – 38%, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Рентгенограммада: қос тізе буындарында субхондральды пластинканың кей жерлерінің қалыңдауы, тобығының сүйек жиектерінің үшкірленуі. Бірінші ретте жүргізілетін зерттеу.
@ Хедделлсон және Райт реакциялары
@ кеуде ағзаларының рентгенограммасын
@ жамбас сүйегінің рентгенограммасы, илеосакральды буынға көңіл аудару
@ урогенитальды инфекция – хламидиозға тексеру
@ бас миының компьютерлік томографиясы
~ 30 жастағы ер адамда склеродактилия, тырнақтық фалангалардың остеолизі, буындар маңындағы терілерде көптеген кальциноздар, өңештің дистальді бөлімінде моторикасының бұзылысы, орта бөлігінде дилятациясы анықталды. Болжамды диагнозыңыз.
@ жүйелі склеродермия
@ жүйелі қызыл жегі
@ дерматомиозит
@ ревматоидты артрит
@ Шарп синдромы
~ РФ (ревматоидты фактор) болып табылады:
@ агрегацияланған иммуноглобулиндерге антиденелер
@ иммуноглобулин G
@ клетка ядроларына антиденелер
@ нативті ДНК-ға антиденелер
@ комплемент
~ Жүйелі қызыл жегі ауыруы бар 36 жастағы науқас, ұзақ уақыт жүйелі түрде глюкокортикостероидтар қабылдаған. Белінің ауырсынуы қосылған себебінен омыртқа бағанасы бел бөлігінің рентгенологиялық зерттеуі жүргізілген, онда омыртқалардың екі жиектерінің иілуі (двояковогнутые), трабекулярлы сүйек кемігінің жоғалуы анықталды. Анықталған өзгерістердің себебі.
@ стероидты остеопороз
@ ревматоидты артрит
@ остеохондроз
@ спондилит
@ склеродермия
~ Геморрагиялық васкулитте зақымданады.
@ микроциркуляциялық арна
@ ірі калибрлі артериялар
@ орташа калибрлі веналар
@ ірі калибрлі веналар
@ самай артериясы
~ Әйел адам, 40 жаста, 4 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеу аясында аурудың белсенділігі өршей түскен. Клиникалық протокол бойынша бірінші топтағы базисті ем ретінде қажет препарат.
@ метотрексат
@ делагил
@ сульфасалазин
@ алтын препаратты
@ Д-пеницилламин
~ Ревматоидты артриттың IV рентгенологиялық сатысының басқа сатылардан айырмашылығы:
@ анкилоз
@ бұлшық ет атрофиясы
@ шеміршек деструкциясы (узуралар)
@ остеопороз
@ буын деформациясы
~ Ревматоидты артриттың диагностикалық критерийлеріне тән:
@ 6 апта бойы 1 сағаттан астам таңертеңгілік сіреспенің болуы
@ екі жақты сакроилеит
@ зақымданудың асимметриялығы
@ сақиналы эритеманың болуы
@ 2 апта ішінде 3 және одан да көп буындардың артриттері
~ Нейтропения, гепатоспленомегалия, буындардың ауыр зақымданулары, васкулит, өкпе фиброзы, инфекциялық асқынулар қаупі бар симптомокомплекс қай ауруларға тән:
@ Фелти синдромы
@ Вегенер гранулематозы
@ ересектердегі Стилл синдромы
@ жедел ревматикалық қызба
@ дәнекер тіндерінің жүйелі аурулары
~ Клиникалық протокол бойынша жедел подагралық артритті емдеудегі ең тиімді препараттар:
@ диклофенак
@ колхицин
@ преднизолон
@ аллопуринол
@ D-пеницилламин
~ Анкилоздаушы спондилоартритке тән белгілер:
@ сегізкөз-мықын буындарының екі жақты эрозиясы
@ «Балық» омыртқалары
@ омыртқалар денесінің остеофиттері
@ «Стақандағы қарындаш» симптомы
@ сегізкөз-мықын буындарының бір жағының эрозиясы
~ 40 жастағы С. науқас ревматоидты артритпен көп жыл бойы ауырған. 1 ай бұрын қақырықты жөтел пайда болып, қол басы буындарының күн бойы сіресуі мен ауырсынуы күшейген. Қарағанда: лимфаденопатия, қол басының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер. Өкпеде қатқыл тыныс, жайылмалы құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұнықталған, тахикардия. Гепатоспленомегалия. Қанда: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 3 млн., лейкоциттер – 2,3 мың, ЭТЖ – 56 мм/сағ. R-граммада: өкпе суретінің күшеюі. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ кортикостероидтар
@ антибиотиктер
@ цитостатиктер
@ алтын препараттары
@ аминохинолин туындыларынан
~ Метотрексатпен базистік терапия алатын, ревматоидты артритпен ауыратын науқаста АЛТ деңгейі – 95,01 мккат/л, АСТ – 87,86 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз.
@ токсикалық гепатит
@ бауыр циррозы
@ Фелти синдромы
@ майлы гепатоз
@ вирусты гепатит
~ 35 жастағы Б. науқас омыртқа жотасының бел-сегізкөз бөлігінің, оң жақ тізе буынының, сол жақ кол басының ІІ-ші саусағының ауырсынуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Қарағанда: басының шашты бөлігінде, шынтақ буындар тұсында гиперкератоз көрінісімен гиперемиялық ошақтар бар. Сол жақ кол басының ІІ-ші саусағы қысқарған, гиперемияланған, сосискатәрізді өзгерген. Бәшпай тырнақтары бозғылт, кейбіреулерінің ортасында нүктелі ойылымдар бар. Болуы мүмкін диагноз.
@ псориаздық артрит
@ Бехчет ауруы
@ Каплан синдромы
@ Бехтерев ауруы
@ реактивті артрит
~ 24 жастағы Н. науқас тізе мен сирақ-табан буындарының ауыруына, олардың ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, дене қызуының 38°С көтерілуіне, несеп бөлгенде ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: сол жақ тізе мен сирақ-табан буындары ісінген, ыстық, пальпация кезінде ауырады, сіңірлері мен оң жақ өкше сүйегі ауырсынады. Қанда: гемоглобин – 130 г/л, эритроциттер – 3,8 млн., лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ., СРБ (+++). Латекс тестінде ревматоидты фактор 1:10. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ макролидтер
@ алтын
@ цитостатиктер
@ аминохинолиндер
@ глюкокортикоидтар
~25 жастағы Г. деген науқас Стилл ауруымен ауырады. Клиникалық протокол бойынша базистік терапия өткізу үшін ең тиімді препарат.
@ кортикостероидтар
@ антибиотиктер
@ β-блокаторлар
@ антиагреганттар
@ кальций антагонистер
~ Остеоартроздың классификациялық диагностикалық критерийлеріне тән болатын белгілер:
@ ауырудың механикалық түрі
@ эритроциттердің тұну жылдамдығы айқын өсуі
@ буын маңы остеопорозы
@ ревматоидты фактордың анықталуы
@ 1 сағаттан астам таңертеңгілік сіреспе
~ 45 жастағы Н. деген науқас, өкше мен тізе буынының ісінуі мен ауырғандығына шағымданады. 1 ай бұрын жедел дизентерия ауруымен емделген. Қарағанда: оң жақ өкшесі мен сол жақ тізе буынының дефигурациясы, тері гиперемиялы. Қанда: эритроциттер – 4,2 млн., лейкоциттер – 11 мың, ЭТЖ – 26 мм/сағ.Болуы мүмкін диагноз.
@ реактивті артрит
@ сепсистік артрит
@ ревматоидты артрит
@ подагралық артрит
@ ревматикалық қызба
~ 30 жастағы А. деген науқас қол басы буындарының ісінуі мен ауырсынуына, таңертеңгілік қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: екі жақ қол басының II-IV саусақтарының проксимальды фалангаралық буындардың симметриялы дефигурациясы. Буындардың жазу қозғалысы, ауырсыну және экссудативті көрініс салдарынан шектелген. Қанда: эритроциттер 4 млн., гемоглобин 128 г/л, лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ 41 мм/сағ., СРБ – оң. Диагнозды негіздеу үшін анықтау керек:
@ цитруллинденген пептидке антиденені
@ антинуклеарлы факторды
@ стрептококқа қарсы антидене титрін
@ уретраның эпителий қырындысынан хламидийді
@ сарысудағы зәр қышқылының деңгейін
~ 62 жастағы З. деген науқас тізе буынының физикалық күш түскеннен кейін «старттық түрдегі» ауырғандыққа шағымданады. Қарағанда: қол басы буындарының деформациясы, «геберден түйіндері» мен буындардың шала таюларының болуы, оң жақ тізе буыны дефигурацияланған, гиперемияланған. Қанда: ЭТЖ – 25 мм/сағ. Тізе буынының R-граммасында айқын остеофитоз. Клиникалық протокол бойынша тағайындаған жөн.
@ структумды
@ мабтераны
@ преднизолон
@ сульфасалазин
@ әйнек тәрізді дене
~ 56 жастағы С. деген науқас шынтақ буындарының ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: шынтақ буындарының тұсында ісіну, гиперемия, қозғалысының шектелуі, «фасоль» мөлшеріндей тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ – 100 рет минутына. Қанда: эритроциттер – 4,2 млн., гемоглобин – 150 г/л, лейкоциттер – 10 мың. ЭТЖ – 2 мм/сағ. Зәр анализінде: үлестік салмақ – 1020, лейкоциттер – 4-5 в к/а, эритроциттер – 6-8 в к/а., ураттар (+++). Диагноз қою үшін ең мәліметті зерттеу әдісі.
@ зәр қышқылының деңгейін анықтау
@ Ваалер-Роузе реакциясы
@ креатинин деңгейін анықтау
@ қабынудың жеделфазалық көрсеткіштерін анықтау
@ латекс-тест
~ 20 жастағы С. деген науқаста 1 апта бұрын сол жақ тізе мен жамбас-сан буындарында ауырғандық пайда болған. Қарағанда: пальпация кезінде, сезімтал шап лимфатүйіндерінің ұлғаюы байқалады. Сол тізе буыны ұлғайған, ыстық және пальпация кезінде ауырсынады. Фабер симптомы сол жағында оң. Ахилл сіңірін сәл соққанда ауырсыну бар. Қанда: лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Зәр тұнбасының микроскопиясында – лейкоцитурия. Тағайындауға дұрыс зерттеу әдісі.
@ C. Trachomatis-қа антиденелерді анықтау
@ Ваалер-Роузе реакциясы
@ С-реактивты протеин
@ Зәр қышқылының деңгейін анықтау
@ Стрептококқа қарсы антиденелердің титрі
~ 45 жастағы науқас, сол табанының 1-ші бәшпайінің қатты ауырсынуына, буынның ісінуіне, табан үстінің қызаруына, дене қызуының 39°С көтерілуіне шағымданады. 1-ші табан-бәшпай буынының ісінуі мен қозғалысының шектелуі байқалады. Буын R-граммасында: «тескіш» симптомы, қанда: лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 45 мм/сағ., мочевина – 15 ммоль/л. Клиникалық протокол бойынша препаратты тағайындаған дұрыс.
@ индометацин
@ метотрексат
@ пенициллин
@ преднизолон
@ аллопуринол
~ 68-жастағы науқастың табанның бірінші саусағы қызарып ісінген. Жарақат болмаған. Подагра диагнозын тез арада қоюға көмектесетін белгі:
@ синовиалдық сұйықтықта урат криссталдарының анықталуы
@ қанда ревматоидты фактор анықталуы
@ колхицинді қолданғанда жақсы нәтиже алу
@ шынтақтағы ауырсынусыз түйін
@ ренгенде бірінші плюснефаланг буында эрозия
~ 18 апталық жүктілікпен әйел қол басы буындарының бір сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуына, әлсіздікке, субфебрилдік температураға шағымданады. 6 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Қарағанда: екі қолдың II-IV саусақтарының проксималды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:
@ преднизолон
@ кризанол
@ диклофенак
@ метотрексат
@ сульфасалазин
~ Г.деген 42 жастағы науқас жамбас пен иық аймақтарының бұлшықеттерінің ауырсынуы және әлсіздігі, беттің ісінуі және қызаруына шағымданады. Об-ті: параорбиталдық ісінуі жіне жоғарғы қабақтың эритемасы. Қанда: эритроциттер 3,4 млн, гемоглобин 116 г/л, лейкоциттер 12 тыс., таяқшаядролы 2%, сегмментядролы 56%, эозинофилдер 8%, лимфоциттер 26, моноциттер 8, ЭТЖ-40 мм/сағ. Жалпы белок-72 г/л, альбуминдер 46%, глобулиндер 54%, альфа1-3,5%, альфа 2-12%, бета-10%, гамма-28%, АЛТ-42 ЕД, АСТ-68 ЕД. Сіздің болжам диагнозыңыз.
@ дерматомиозит
@ жүйелі қызыл жегі
@ жүйелі склеродермия
@ ревматоидты артрит
@ біріншілік подагра
~ 24 жастағы С. деген науқас әйел дене қызуының көтерілуіне, буындарындағы ауырсынуларға, жүдеуге, шаштын түсуіне шағымданады. Объективті: бетсүйек үстінде эритема, қол-аяқ терісінде - «торлы ливедо»; қол ұшы буындары ісінген. Пульс минутына 120 рет. АҚҚ 170/110 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер 3,5 млн., гемоглобин 94 г/л, лейкоциттер 3,2 тыс., жас-10%, таяқша-8%, сегмент-62%, э-2%, лимф.-10%, м-8%, ЭТЖ-40 мм/ч, СРБ(+). Жалпы зәр анализі: протеин-2 г/тәул, эритроциттер көп мөлшерде, лейкоциттер 10-15 көру аймағында. Болжам диагнозыңыз.
@ жүйелі қызыл жегі
@ жедел ревматикалық қызба
@ жедел гломерулонефрит
@ дерматомиозит
@ жүйелі склеродермия
~ 46 жастағы науқас Б. деген әйел бетінң, қолдың және аяқтың ісінуіне, саусақтардың ұюына, жұтуының қиындауына, жөтелге және күштеме кезінде ентігуге шағымданады. Объективтi: терiсi тығыз, бозғылт; өкпесінде әлсiреген тыныс, әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Қанда: эритроциттер 3,2 млн. гемоглобин – 117г/л, лейкоциттер-7,4 тыс., ЭТЖ 38 мм/сағ. Сiздiң болжам диагнозыңыз.
@ жүйелі склеродермия
@ жүйелі қызыл жегі
@ дерматомиозит
@ түйінді периартериит
@ геморрагиялық васкулит
~ Д.деген 37 жастағы науқас жамбас пен иық аймақтарының бұлшықеттерінің ауырсынуы және әлсіздігі, беттің ісінуі және қызаруына шағымданады. Об-ті: параорбиталдық ісінуі жіне жоғарғы қабақтың эритемасы. Қанда: эритроциттер 3,4 млн, гемоглобин 116 г/л, лейкоциттер 12 тыс., таяқшаядролы 2%, сегмментядролы 56%, эозинофилдер 8%, лимфоциттер 26, моноциттер 8, ЭТЖ-40 мм/сағ. Жалпы белок-72 г/л, альбуминдер 46%, глобулиндер 54%, альфа1-3,5%, альфа 2-12%, бета-10%, гамма-28%, АЛТ-42 ЕД, АСТ-68 ЕД. Сіздің болжам диагнозыңыз.
@ "дерматомиозиттік көзілдірік"
@ "көбелек"
@ полиартериит
@ терінің индурациясы мен ісіну
@ таңертенгілік құрысуы
~ 24 жастағы С. деген науқас әйел дене қызуының көтерілуіне, буындарындағы ауырсынуларға, жүдеуге, шаштын түсуіне шағымданады. Объективті: бетсүйек үстінде эритема, қол-аяқ терісінде - «торлы ливедо»; қол ұшы буындары ісінген. Пульс минутына 120 рет. АҚҚ 170/110 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер 3,5 млн., гемоглобин 94 г/л, лейкоциттер 3,2 тыс., ЭТЖ-40 мм/ч, СРБ(+). Жалпы зәр анализі: протеин-2 г/тәул, эритроциттер көп мөлшерде, лейкоциттер 10-15 көру аймағында. Диагнозды нақтылауға керек зерттеу:
@ LE – жасушаларының титрін анықтауға
@ рентгенографиялық зерттеу
@ Ваалера-Розе реакциясы
@ антистрептолизин-О титрін
@ бүйректің ультрадыбыстық зерттеу
~ 46 жастағы Б. деген әйел науқас бетінң, қолдың және аяқтың ісінуіне, саусақтардың ұюына, жұтуының қиындауына, жөтелге және күштеме кезінде ентігуге шағымданады. Объективтi: терiсi тығыз, бозғылт; өкпесінде әлсiреген тыныс, әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Қанда: эритроциттер 3,2 млн. гемоглобин – 117г/л, лейкоциттер-7,4 тыс., ЭТЖ 38 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша осы ауруда қолданатын таңдамалы препарат:
@ Д-пеницилламин
@ преднизолон
@ метотрексат
@ тауредон
@ ремикейд
~ Лейкопения, полиартрит, лимфаденопатия, спленомегалия, гепатомегалия қатар келген симптомдар келесі буын ауруына тән:
@ ревматоидты артрит
@ Рейтер ауруы
@ псориатикалық артрит
@ остеоартроз
@ подагра
~ Науқаста бетінде амимия, ауызы айналасында «шақша» (кисет) тәрізді қатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған, жұтуынын қиындауы. Диагнозды анықтау үшін информативті зерттеу:
@ топоизомеразаға антиденелерді анықтау
@ циклдік цитрулиннирленген пептидке антиденелер
@ ревмотоидты факторды анықтау
@ қос спиральды ДНК- ға антиденелерді анықтау
@ антинуклеарлық антиденелерді анықтау
~ 30 жастағы науқас тұмаумен ауырғаннан кейін, бұлшық еттері ауырып, әлсізденген, қабағы іскен, аздаған физикалық жүктемеге ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: жүрісі сылбыр - сүйретілген, қабағы іскен, қабағында, жақ пен мұрын қанаттарында және «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда - иық белдеуінде, сандарында ауырсыну байқалады, қолын жоғары көтеруге қиналады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ - мин.100 рет АҚҚ 140/90 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер 4,5 млн., гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 7 мың, ЭТЖ 66 мм/сағ. Диагнозды анықтауға информативті зерттеу.
@ креатинфосфокиназаны анықтау
@ қос спиральды ДНК- ға антиденелерді анықтау
@ ревмотоидты факторды анықтау
@ кардиолипинге антиденелерді анықтау
@ жегілік (волчаночный) антикоагулянтты анықтау
~ 15 жастағы науқас дене қызуының 37оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке, мазасыздыққа, басы мен қолдарының өз бетімен қозғалуына, сөзінің түсініксіздігіне шағымданады. Балтырда боз-қызғылт түсті сақина тәрізді санаулы бөртпелер анықталады, дене температурасы 38,2оС. Қанда: лейкоциттер – 8,5 мың, ЭТЖ – 29 мм/сағ. Неғұрлым мүмкін диагноз:
@ жедел ревматикалық қызба
@ жүйелі қызыл жегі
@ шекелік артериит
@ түйінді полиартериит
@ бейспецификалық аортоартериит
~ Жүйелі қызыл жегімен ауыратын, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайтын 34 жастағы науқас әйел қызбаға, бетіндегі эритематозды бөртпелерге, ісінулерге, басының ауыруына, есте сақтауының нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Зерттегенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсікпен байланыстырады. Клиникалық протокол бойынша тиімді тактика:
@ метил-преднизолонмен пульс-терапия
@ преднизолонның дозасын тәулігіне 40-50 мг дейін арттыру
@ преднизолонды тоқтатып, азатиопринді тағайындау
@ преднизолонды тоқтатып, циклофосфамидті тағайындау
@ еміне кризанолды қосу
~ 23 жастағы жас қыз көру өткірлігінің төмендеуіне, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:
@ преднизолон + диклофенак
@ индометацин + стугерон
@ триамцинолон + продектин
@ метотрексат + преднизолон
@ метилпреднизолон + плазмаферез
~ 50 жастағы науқас әйел тізе буындарындағы жүргеннен кейін күшейетін «механикалық сипаттағы» ауырсынуға шағымданады. Объективті: қол басы дисталды фалангааралық буындардың қатты түйіндер мен шығыңқырау түрінде деформациясы. Тізе буындары дефигурирленген, периартикулярлық тіндер тығыздалған. Қанда: эритроциттер 4,2 млн, лейкоциттер 6,6 мың, ЭТЖ - 25 мм/сағ. Науқас 3 ай бойы стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, бірақ ауырсыну синдромы басылмаған. Неғұрлым тиімді тактика:
@ артроскопия жүргізу
@ хондропротекторлар тағайындау
@ преднизолон тағайындау
@ колхицин тағайындау
@ Райта-Хеддельсон реакциясын жүргізу
~ 20 жастағы науқасты жарты жыл бойы тізе мен тобық буындарының ісіңкіреуі мен ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, бел омыртқа аймағында, сол жамбас буынында ауырсыну пайда болған. Объективті омыртқа бойында ауырсыну анықталады, сол жақ жамбас буынында және омыртқада бүгу қиындаған, сол жақ төс-бұғана қосылысы тұсында деформация; ирит белгілері анықталады. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:
@ сульфасалазин+аркоксиа
@ диклофенк+метотрексат
@ преднизолон
@ Д-пеницилламин
@ хлорохин+10% индометацин жақпа майы
~ 65 жастағы науқас әйел сол жақ маңдай мен төбе сүйек тұсында қатты бас ауыруына, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті сол жақ шеке артериясы бойында пальпацияда ауырсыну, жуандау, ирелеңдеу анықталады, осы аймақта тері қызарған. Қан анализінде: лейкоциттер 6,5 мың 1 мкл-де, ЭТЖ 34 мм/сағ; СРБ +++. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:
@ преднизолон
@ мовалис
@ Д-пеницилламин
@ метотрексат
@ азатиоприн
~ 28 жастағы науқас әйел күрт әлсіздікке, жүдеуге, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуіне, тобық пен білезік буындарының ісіңкіреуі мен ауырсынуына, жоғары қанағыштыққа шағымданады. Қарағанда теріде шеттері қызарған ортасы депигментацияланған дискоидты ошақтар, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия анықталады. Қан анализінде: эритроциттер 1,5 млн, лейкоциттер 2,5 мың, тромбоциттер 46 мың 1 мкл-де. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:
@ метилпреднизолонмен пульс-терапия
@ гидрооксихлорохин
@ азатиоприн
@ циклофосфамидпен пульс-терапия
@ метотрексат
~ 45 жастағы науаста Рейно синдромы типі бойынша перифериялық вазоспазм ұстамалары, қол сусақтарының проксималды фалангааралық буындары аймағында терінің симметриялық қалыңдауы. ЭФГДС: рефлюкс-эзофагит. Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы: өкпенің екі жақты базалды фиброзы. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тағайындау.
@ Д-пеницилламин
@ метотрексат
@ циклофосфамид
@ азатиоприн
@ плаквенил
~ 23 жастағы науқас арқасының төменгі бөлігінде және жамбас буындарында құрысу мен күшті ауырсынуға шағымданады. Рентгенографияда: сегізкөз-мықын қосылысы аймағында контурларының тегіс болмауы мен буын қуысының тарылуы анықталады. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді емдеу тактикасы.
@ сульфасалазин + мовалис
@ преднизолон + диклофенак
@ преднизолон + метатрексат
@ тауредон + целебрекс
@ циклоспорин + преднизолон
~ Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас, циклофосфан қабылдауда, қанда лейкоциттердің мөлшері 2,9 мыңға дейін төмендеп кеткен. Клиникалық протокол бойынша тиімді тактика.
@ циклофосфанды тоқтатып, преднизолонды 1 мг/кг дозада тағайындау
@ циклофосфанды тоқтату
@ циклофосфанды азатиопринге ауыстыру
@ циклофосфаннын дозасын төмендету, плазмаферезды бастау
@ циклофосфаннын дозасын өзгертпеу, бірақ қатар преднизолонды тағайындау
~ 50 жастағы науқас кешке қарай күшейетін аяқ буындарындағы ауыруға шағымдармен жолықты. Анамнезден: артралгия шамамен 7 жыл мазалайды, алғашында тізе буындарында орташа ауырсыну мен кезенді ісінуі байқалған. Халықтық дәрілермен өздігімен емделген. Объективті: тері шелмайы артығымен дамыған. III – IV саусақтың ұшында дистальды фаланг аралық буындарының шеткі бетінде қалың түйіндер. Тізе буындарының қозғалысында «Қырт». Солжақ тізе буыннын жергілігінде гипертермиямен ісіңкі. Тексеру: жалпы қан анализі: гемоглобин 120г/л, эритроциты 4,0х1012/л, түскі көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 7,5х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы аққуыз 70 г/л, СРБ+. Клиникалық протокол бойынша сырқаттанудың базистік терапияның дәрісі ретінде болады:
@ хондроксид
@ делагил
@ преднизолон
@ циклофосфан
@ аллопуринол
~ 45 жастағы ер адам Г. атты науқас оң жақ аяғының үлкен башпайындағы қатты ауырсыну сезімі, ісінуі, табанның дорсальді бетінің қызаруы, дене қызуының 38-ге дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан-фалангааралық буын аймағының ісінуі мен гиперемиясы, қозғалысы күрт шектелген, құлақ қалқандарында сары түсті, d 2-4 мм болатын ауырсыну сезімсіз тері астылық түйіндер. Қанда: лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ 30 мм/сағ, СРБ (++), мочевина 15,0 ммоль/л. ЖЗА: меншікті салмағы 1014, эритроциттер 5-7 к/а, ураттар (+++). Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат:
@ аллопуринол, себебі қан ұюдағы ураттардың пайда болуын тұншықтырып ксантиноксидазаға ферменттерді тежейді.
@ метотрексат, себебі фолий қарсы әсері жасушалардың митозын бәсендетеді
@ плаквенил, себебі дәнекер тіннің және иммунокомпетентті жасуша метоболизміне әсер етеді.
@ преднизолон, себебі А2 фосфолипазы және гиалуронидазаның белсенділігін бәсеңдетеді
@ циклофосфан лимфоцитарлық клон пролиферациясын бәсеңдетіп иммуносупрессивті әсерге ие.
~ 17 жастағы қыз баланың дене қызуы көтеріліп, ірі буындарында симметриялы ұшпалы ауыру сезімі және жүрек қағуы пайда болды. 10 күн бұрын баспамен ауырған. Қарап тексергенде: терісінде – сақина тәрізді эритема. Антистрептолизин-О, титірі динамикада жоғарылағаны анықталады. Бензилпенициллин тағайындалған. Медикаментозды ем жоспарына қосымша тағайындауда тиімді препарат:
@ диклофенак ЦОГ тежейтін және РГЕ2 синтезін басады
@ дигоксин, миокард жиырылуы қызметін жақсартады
@ амлодипин, кальций жолдарының блокаторы
@ метопролол, бэтта-адреноблокаторы
@ спиронолактон жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әрекетін күшейтеді
~ Стационарға 28 жастағы науқас әйел түсті. 9 жыл бұрын ауруға шалдыққан, анық себептерсіз ұсақ білезік буындарында ауырсынулар, бет терісінде бөртпе пайда болып, біраз уақыттан кейін ісіну қосылған кезде. Қызба тұрақты түрде сақталып отырды (37,6-38,3˚С). Тұрақты түрде преднизолонмен емдеу өткізіліп отырды (максималды дозасы 40 мг/тәул., демеушілік – 10-15 мг/тәул). Соңғы 8 ай барысында преднизолонды 60 мг/тәул. дозасында қабылдады, осының аясында эпигастрияда ауырсынулар және қара нәжіс пайда болды.Болуы мүмкін асқыну.
@ стероидтік ойық-жара
@ Иценко-Кушинг синдромы
@ мезентериалды тамырлардың тромбозы
@ көкбауыр инфаркті
@ стероидтік диабеті
~ Э. атты 32 жастағы науқас ұзақ уақыттан бері ревматоидты артритпен ауыратын, вирусты С гепатит анықталды. Метотрексатты базистік ем ретінде қабылдағанда токсикалық гепатит дамыған. Метилпреднизалонмен пульс–терапия нәтижесіз. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:
@ ремикейд, TNF-2 моноклональды қарсыдене
@ кризанол, мононуклеарлық фагоцитті функциясының блокаторы және Т-лимфоциты
@ азатиоприн, антиметаболитомды пуринді негіздері болып табылады
@ диклофенак ЦОГ тежейтін және РГЕ2 синтезін басады
@ D-пенициламин, пролиферации СД4+, СД8+- лимфоциттерін басады
~ 67 жастағы науқас әйел қол басының фаланга аралық буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, дене қызуының 37,30С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, жүдеуге шағымданады. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 100 г/л, ЭТЖ – 36 мм/сағ. Неғұрлым мүмкін диагноз:
@ паранеопластикалық артрит
@ ревматоидты артрит
@ жүйелі қызыл жегі
@ остеоартроз
@ түйінді полиартериит
~ 32 жастағы науқас әйел рецидивтеуші түйінді эритемаға және ерін мен ауыздың шырышты қабаттарында афтозды жаралар. Зерттегенде увеит белгілері мен қынаптың шырышты қабатында жаралар. Неғұрлым мүмкін диагноз.
@ Бехчет синдромы
@ Фелти синдромы
@ Рейтер синдромы
@ Шарп синдромы
@ Шегрен синдромы
~ 52 жастағы науқас әйел қол басы фаланга аралық буындардың ауырсынуы мен қозғалысының шектелуіне шағымданады. Қарағанда дистальды фаланга аралық буындарда 0,5 см дейін тығыз түйіндер анықталады, пальпацияда шамалы ауырсынады. Буындар сәл деформирленген, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында буын қуысының тарылуы, остеопороз. Неғұрлым мүмкін:
@ остеоартроз
@ ревматоидты артрит
@ реактивтік артрит
@ псориаздық артрит
@ подагра
~ 50 жастағы науқас кешке қарай күшейетін аяқ буындарындағы ауырсынуы шағымдармен жолықты. Анамнезден: артралгия шамамен 7 жыл мазалайды, тізе буындары орташа ауырсынуы, кезенді ісінуімен басталды. Халықтық дәрілермен өздігімен емделген. Объективті: тері шелмайы артығымен дамыған. III – IV саусақтың ұшында дистальды фаланг аралық буындарының шеткі бетінде қалың түйіндер. Тізе буындарының қозғалысында «Қырт». Солжақ тізе буын жері гипертермиямен ісіңкіреген. Тексеру: жалпы қан анализі гемоглобин 120г/л, эритроциттер 4,0х1012/л, лейкоциттер 7,5х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы аққуыз 70 г/л, СРБ+. Осы сырқаттанудың рентгендік белгілері.
@ буын саңылауының тарылуы, остеосклероз, остеофитоз
@ остеопороз, буын саңылауының тарылуы, узуры
@ остеопороз, буын саңылауының тарылуы, "пробойник"симптомы
@ дистальды фаланг остеолизы, эпифизарлы остеопороз
@ буынның симметриялық зақымдануы, қаңқа қырының энтензопатиясы
~ 40 жастағы ер кісіні қарап тексергенде тері жамылғысы бозғызлт, көзге мойын тамырларындағы пульсация, жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек ұшы түрткісі күшейген, жайылмалы, аускультацияда: жүрек ұшы түрткісінде тондары әлсіреген, II тон қолқа үстінде естілмейді, қолқа және Боткин нүктелерінде диастолалық шу анықталды, АҚҚ 140/20 мм.с.б.б. Қан және несеп анализіндері өзгеріссіз, дене температурасы қалыпты. 25 жасында буындардың ауырсынуымен баспа ауыруын өткірген. ЭКГ-де өзгерістерді байқауға болады.
@ сол қарыншаның гипертрофиясы
@ митральды Р тісше, сол жүрекшенің гипертрофиясы
@ сол жүрекшенің және сол қарыншаның гипертрофиясы
@ оң қарыншаның гипертрофиясы
@ оң жүрекшенің және оң қарыншаның гипертрофиясы
~ Жүрек аускультациясында жүрек соғуының I-ші дыбысының нашарлауы, жатқан жағдайда жақсы естілетін, қолтық аймағына берілетін жүрек ұшында жұмсақ систолалық шуыл анықталған. Шуылдың пайда болу себебі.
@ сол қарыншадан сол жүрекшеге қанның регургитациясымен
@ қолқадан сол қарыншаға қанның регургитациясымен
@ оң қарыншадан оң жүрекшеге қанның регургитациясымен
@ жүрекшелер аралық қалқаның ақауы арқылы қан ағымының өтуімен
@ қарынша аралық қалқаның ақауы арқылы қан ағымының өтуімен
~ 52 жастағы К. атты науқас клиникаға қозғалыс кезінде оң жақ иық буындарының ауыратын шағыммен келді. 5 жыл бойы ауырады, ауру пайда болғанда қозғалыс кезінде аталған буында ауру мен сықыр пайда болған. Стероидты емес қабынуға қарсы препаратпен емделгенде бұл жағдайлар азайған. 1 жылдан соң ауру қайтадан пайда болған. Буынның сырт көлемі өзгермеген, жергілікті дене қызуы байқалмайды. Пальпацияда буын ауырады. Жалпы қан анализі: эритроциттер 4,6 х1012 /л, лейкоциттер 7,6 х109/л, гемоглобин 135 г/л, ЭТЖ 15 мм/сағ, ревматоидты фактор (-), СРБ (+). Оң жақ иық буыны рентгенограммасында - буын саңылауларының тарылу, субхондральді остеосклероз, шекті остеофиттер байқалады. Клиникалық диагнозын қойыңыз.
@ оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА 0
@ оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА I
@ оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА II
@ оң жақ иық буынының остеоартрозы, III деңгей , ФА III
@ оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III
~ Науқаста ұзақ уақыттан бері осьтік қаңқаның ірі буынының рецидивты моноартритпен сегізкөз-мықын буындардағы кездестін ауырсынуы, куәландырады:
@ анкилоздаушы спондилоартритті
@ бел-сегізкөздің остеохондрозді
@ ревматоидтық артритті
@ реактивты артритті
@ псориатикалық артритті
~ Клиникалық протокол бойынша ревматоидты артриттің бірінші таңдау препаратты болып келеді:
@ метотрексат
@ диклофенак
@ кризанол
@ сульфасалазин
@ преднизолон
~ 65 жастағы П. атты науқаста остеоартроз болжам диагноз анықталды. Диагнозды нақтылауға көмектесетін әдіс.
@ буындардың рентгенографиясы
@ С-реактивті ақұызды анықтау
@ синовиалды суйықтын анализы
@ ревматоидты фактор анықтау
@ қандағы несептік қышқылы деңгейді анықтау
~ 38 жастағы К. деген науқаста, ІІ-ІV саусақтардың проксимальды фалангааралық буындарының полиартрит, сағат 12-ге дейін таңертенгілік құрысулар, ревматоидты фактор анықталған. Науқасты өлімге әкелетің асқыну:
@ бүйректің екеншілік амилоидозы
@ регионардық остеопороз
@ офтальмопатия
@ сан сүйегінің асептиталық некрозы және деструкциясы
@ пневмосклероз
~ Е. деген 70 жастағы науқаста, басының оң самай аймағында қатты ауырсыну сезімі, оң көзінің көру жітілігінің төмендеуі, самай артериясының тығыздалуы анықталды. Объективті: дене температурасы 37,50С. Қол және аяқ бұлшықеттерінің пальпациялау кезінде - ауырсыну. Жалпы қан анализінде эритроциттердің тұну жылдамдығы айқын жоғарлаған. Қажетті зерттеу әдісі:
@ самай артериясының биопсиясы
@ стернальды пункция
@ эхокардиография
@ эзофагодуоденоскопия
@ самай артериясының ангиографиясы
~ 35 жастағы М. деген науқаста зерттеу кезінде анықталды: ксерофтальмия, кератоконъюктивит, құрғақ стоматит, сілекей бездерінің ұлғаюы, лимфоаденопатия. Мүмкін болатын диагноз.
@ Шегрен ауруы
@ Такаясу ауруы
@ Бехтерев ауруы
@ Иценно-Кушинг ауруы
@ Бехчет ауруы
~ 60 жастағы, С. деген науқаста жүрген кезде аяқтардың ірі буындарының ауырсынуы байқалады. Объективті: толық. Тізе буындарының варусты деформациясы, пальпациялау кезінде буындар ауырсынусыз, қимыл-қозғалысы шектелген. Екі аяқ басының «Halus valgus» анықталды. Клиникалық протокол бойынша базистік терапияның препараттары болып табылады:
@ хондропротекторлар
@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттары
@ кальций препараттары
@ глюкокортикоидтар
@ дезагреганттар
~ 40 жастағы науқас ауызының құрғау сезіміне, көзінің құрғауна, көзінде «құм» тәрізді сезімі болуына, құрғақ жөтелге, аяқтардың терісінде майда нүктелі бөртпелерге, құлақ маңы және жақасты сілікей бездерінің ұлғаюына мен ауырсынуына шағымданды. Тексергенде лимфаденопатия және гепатомегалия анықталды. Қанда: жалпы ақұыз 85г/л, гипергаммаглобулинемия, СРБ+++, ревматоидты фактор - 1:520. Иммунологиялық зерттеуде: криоглобулинемия анықталды. Сиалография – көлемі 1,5 мм дейін сиалоэктаздары. Клиникалық протокол бойынша емінде таңдаулы препарат:
@ азатиоприн
@ ритуксимаб
@ преднизолон
@ сульфасалазин
@ метотрексат
~ 1977 жылы туылған Д. атты науқас омыртқа жотасының бел аймағындағы және сегізкөз-мықын буынның ауырсынуы, бел аймағының құрысу және қимыл-қозғалысы шектелуы шағымдармен ауруханаға жатқызылды. Объективті: науқас «сұраушы» қалыпы. Макаров және Кушелевский I, II симптомдары оң мәнді. Бірінші кезекте жүргізу қажет:
@ сегізкөз-мықын буындарының рентгенографиясын
@ жүректің ультрасонографиясын
@ сүйек денситометрисын
@ омыртқа жотасының бел аймағының магнито-резонанстік томографиясын
@ эндолюмбальды пункциясын
~ Науқас М. 36 жаста келесі шағымдармен қаралды: ауыз қуысындағы ұсақ, көлемі 1см жаралар, кей жерлерде бірігіп кеткен, сонымен бірге жыныс мүшелерінде де жаралардың болуы, коньюктиваның қызаруы, кеуденің алдыңғы бетінде эритемалық бөртпелер. Мына лабораториялық тәсіл диагнозды нақтылауға көмектеседі:
@ HLA-B 51 анықтау
@ Skl-70 анықтау
@ Ревматоидты факторды анықтау
@ HLA-B 27 анықтау
@ ДНК-ға антиденелерді анықтау
~ 50 жастағы ер кісі, оң аяқ басының қатты ауырсынуына шағымданады. Ауырсынуы кенеттен, таңертенгі сағат 7 басталды, көбінесе оң аяқтын I – плюсне-фалангоаралық буында орналасқан. Буын терісі айқын гиперемияланған, ісінкі, аймақтық гипертермия. Пальпациялағанда қатты ауырсыну. Дене температурасы 37,50С. Диагностикалаудағы информативті әдіс:
@ қанда және несепте зәр қышқылын анықтау
@ артроскопия
@ қанның клиникалық анализі
@ ревматоидты фокторды анықтау
@ аяқ басы буындарының рентгенографиясы
~ 28 жастағы науқас клиникаға төмендегі шағымдармен түсті: бет, мұрын аймағындағы бір-біріне қосылған эритемалық дақтар, еріндерінде, кеуде клеткасының алдыңғы бетіндегі және мойнындағы қызыл сақиналы бөртпелердің болуы, қол басының проксимальді фалангааралық және алақан-фалангалық буындарының ауырсынуы және ісінуі. Бел аймағының ауырсынуы. АҚҚ 160/110 мм сын. бағ.б. Зерттеу кезінде LE-клеткалық феномен анықталмады. Зерттеу тәсілдерінің біреуі диагнозды нақтылауда маңызды:
@ антинуклеарлы факторды анықтау
@ кардиолипинге антиденені анықтау
@ ревматоидты факторды анықтау
@ креатинфосфокиназанын деңгейін анықтау
@ криоглобулиндерді анықтау
~ 70 жастағы, Ж. деген науқаста шүйде аймағында, арқасында, иық белдеунде үнемі ауырсыну, қол және аяқ буындарының ауырсынуы мен қимыл-қозғалысы шектелуі, дене температурасы 370С, әлсіздік байқалады. Жалпы қан анализінде ЭТЖ-нің жоғарлауы. Преднизалонның кіші дозасы (15 мг) тез арада оң нәтиже берді. Мүмкін болатын диагноз.
@ ревматикалық полимиалгия
@ түйінді полиартериит
@ ревматоидты артрит
@ остеоартроз
@ ревматикалық қызба
~ Базалды пневмосклерозы, склеродактилия, кардиосклерозы бар 34 жастағы, К. деген науқасты клиникалық протокол бойынша базистік терапияның препараты ретінде тағайындалады:
@ Д-пеницилламинді
@ Преднизолонді
@ Диклофенакті
@ Кризанолды
@ Циклофосфанды
~ Қабылдау бөлімшесіне 58 жастағы ер кісі келесі шағымдарымен жеткізілген: қол және аяқтын проксималды бөліктердің бұлшықеттерінің қатты ауырсынуы мен әлсіздік, қол басы буындарының ауырсынуы, көз айналасында «көзілдірік» симптомы тәрізді эритематозды бөртпе. Ауырғаны 5-6 апта ішінде. Ауыру бұлшықеттерінің айқын әлсіздігенен басталды, соңғы 2 күн ішінде науқас төсектен тұру және өзін қантамасыз еталмады. Бұлшықеттері ісінкі, пальпациялағанда ауырсынады. ЭТЖ 50 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша преднизолонның адекватті дозасын тағайындаңыз:
@ 80-120мг
@ 10-20 мг
@ 20-40мг
@ 40-60мг
@ 60-80мг
~ 52 жастағы науқас жүргенде және жұмыс уақытының соңына күшейетін тізі буындарындағы ауырсынуға, қозғалған кезде сықырлау, таңертенгі құрысулар 20 мин. дейін созылатын және қимыл-қозғалысының шектелуіне шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Семіздік I дәрежелі. Қарағанда тізе буындары деформирленген, қол астында крепитация анықталады. Екі тізе буындарының рентгенограммасында: буын саңылауының тарылуы, шеткі остеофиттер, буынмаңы остеопорозы. Клиникалық протокол бойынша патогенетикалық терапия ретінде қолдануға тиімді:
@ хондропротекторларды
@ глюкокортикоидтарды
@ цитостатиктерды
@ биологиялық препараттарды
@ кальций препараттарды
~ 38 жастағы У. деген науқас сол тізе және сирақ-табан буындарының ауырсынуы, ісініу және қимыл-қозғалысынің шектелуіне шағымданады. Бір ай алдың урогенитальды (уреаплазма) жұқпалы ауыруға қарсы ем қабылдаған. Объективті: тізе мен сирақ-табан буындарының дефигурациясы, терісінің гиперемиясы анықталды. Буындардың пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Қозғалысы шектелген. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин 120 г/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша ем үшін қолдануға ұсынылады:
@ Антибиотиктер + стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
@ Антибиотиктер + цитостатиктер
@ Антибиотиктер + биологиялық препараттар
@ глюкокортикоидтар + стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
@ цитостатиктер + биологиялық препараттар
~ 50 жастағы науқас әйел II-IV қол саусақтарының проксималды фалангааралық және алақан-фалангааралық буындарындағы ауырсыну сезімі мен ісінуіне, қозғаудың қиындығына, 1 сағат көлемінде таңертеңгелік құрсуларға шағымданады. Ауырсынулар 6 ай ішінде мазалаған, соңғы 2 акптада суықтанудан кейін жағдайы нашарлаған. Объективті: екі қолдың буындарының симметриялық дефигурациясы. Пальпациялағанда ауырсыну, қимылы шектелген. Қанда: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 115 г/л, лейкоциттер 6,0 мың., ЭТЖ 32 мм/сағ, СРБ теріс. Ваалер-Роуз реакциясы 1:24. Клиникалық протокол бойынша базистік терапия ретінде метотрексат 2,5 мг дозасын келесі схемамен ұсынылады
@ аптасына 6 таблетка
@ күніне 1 таблетка
@ айына 1 таблетка
@ күніне 6 таблетка
@ айына 6 таблета
~ 25 жастағы әйел, қол басы майда буындарының ауырсынуы, бетінің қызаруына шағымданады. Об-ті: беті, қол басы фалангааралық буындары ісінкі, буындары пальпациялағанда ауырсынулы, мұрын қырында эритема. Қан анализінде: анемия, лейкопения, антинуклеарлы фактор 1:64, ревматоидты фактор 1:10, «жегілік» жасышалар 8:1000 лейкоцитке. Клиникалық протокол бойынша ауыруды емдеу үшін таңдаулы препарат болып табылады:
@ преднизолон
@ триамцинолон
@ гидрокортизон
@ дексаметазон
@ метилпреднизолон
~ Вирустық инфекцияны өткірген 25 жастағы науқас ірі буындардағы ауырсынуы, субфебрилитет, өткінші ақсақтық, бас айналуы, көз көру өткірлігінің төмендеуіне, арықтауға шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, мойын тамырларына берілетің жүректің аускультация нүктелерінде систолалық шу естіледі. Сол жақ шыбық артериясының пульсациясының бәсеңдеуі, артериалды қан қысымы сол қолында анықталмайды. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ преднизолонды
@ азатиопринді
@ индометацинді
@ циклофосфанді
@ экстенциллинді
~ 23 жасар қызда баспадан кейін үш аптадан соң дене қызуы қайтадан көтеріліп, ірі буындардың симметриялы көшпелі ауырсыну және жүрек соғуы пайда болды. Қарап тексергенде ісінген тізе буындар сіңірлері бекінген жерлерінде майда түйіндер анықталады. Динамикада антистрептолизин-О, антистрептогиалуронидаза титрі жоғарылаған. Бензилпенициллин тағайындалған. Клиникалық протокол бойынша медикаментозды емдеу жоспарына қосымша қосу қажет.
@ преднизолонды
@ циклофосфанды
@ аллопуринолды
@ диклофенакты
@ циклоспоринды
~ 20 жасар науқас вирустық инфекциядан кейін пайда болған бетінің қызаруына, қол басы буындарының ауырсынуына, бас ауыруына, бетінің ісінуіне шағымданады. Объективті: бетінде «көбелек» тәрізді эритема, бетінің, қол саусақтар буындарының ісінуі, қолдың терісің пальпациялағанда мұздай. Жалпы қан анализінде - анемия, лейкопения, эритроцитердің тұну жылдамдығының үдеу. Клиникалық протокол бойынша ауырудың емінде таңдаулы препарат:
@ метипред
@ метотрексат
@ циклофосфан
@ делагил
@ плаквенил
~ 45 жастағы науқас әйел терiнiң құрғақтық пен тартылу сезiмiне, жұтынған кезде ауырсынуына, шашалуына шағымданады. Объективтi: бетi амимикалық, қолдарында тығыз ісік, терiсi мұздай, «мәрмәр» түсті. Клиникалық протокол бойынша аурудың емінде қолданылатын препарат:
@ Д-пенициламин
@ Диклофенак
@ Преднизолон
@ Триамцинолон
@ Циклофосфамид
~ 25 жастағы науқас, қол басы буындарының ауырсынуы, бітінің ісінуі, бет терісінің қызаруына шағымданады. Объективті: бет терісінде – эритема, қол басы буындары ісінкі, пальпацияда ауырсынуы. Қан анализінде: гемоглобин 90г/л, эритроциттер 2,2х1012/л, тромбоциттер 355х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы 30 мм/сағ., антинуклеарлы фактор 1:64. Клиникалық протокол бойынша базистік терапия жүргізу ушін тиімді препарат:
@ преднизолон
@ кризанол
@ метотрексат
@ циклофосфан
@ диклофенак
~ Науқас, 20 жаста, қол басы буындарының ауырсуына және ісуіне, таңертенгілік құрсуына шағымданады. Объективті: екі жақтанда III-V саусақтардың проксимальды фалангааралық буындарындағы қимыл-қозғалысы шектелген. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,2х1012/л, лейкоциттер 10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы 41 мм/сағ, С-реактивті белок +++. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ метотрексатты
@ кризанолды
@ преднизолонды
@ азатиопринды
@ циклофосфанды
~ 50 жастағы науқас, тізе буындарының жүрген кезде ауырсынуына шағымданады. Объективті: тізе буындарының пішіні бұзылған (дефигурация). Жалпы қан анализінде эритроциттер 4,2х1012/л, лейкоциттер 3,0х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы 11 мм/сағ. Тізе буындарының рентгенограммада остеофиттер. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ хондроитин сульфатты
@ кальцеминді
@ мовалисті
@ индометацинді
@ преднизолонды
~ 20 жастағы ер науқаста иық белдеунің бұлшық еттерінде ауырсыну сезімі, бұлшық еттерінің әлсіздігі, дауыстың анық шықпауы, шашалуы, қабақтарының ісінуі, физикалық күштемеден кейін ентігу пайда болды. Объективті: қабақтары ісінкі, айналасында гематома; иық белдеуінін бұлшыќ еттердегі ауырсынуы сезімі, сирақ терісі депргментациялы. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 110г/л, эритроциттер 4,5х1012/л, лейкоциттер 7,0х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы 66 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша емді бастау керек.
@ глюкокортикостероид
@ цитостатик
@ аминохинолин
@ антиагрегант
@ стероидты емес қабынуға қарсы
~ 25 жастағы науқаста босанудан кейін бұлшық еттерінің ауырсыну сезімі, бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болды. Бір апта алдын қабақтарының ісігі, физикалық күштемеден кейін ентігу, дауыстың анық шықпауы, шашалуы қосылды. Объективті: иық, сан белдеулеріндегі бұлшық еттері ісінкі, ауырсыну, беті амимикалық. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары түйық, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет, АҚҚ 140/90 мм.с.б.б. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,5 млн., гемоглобин 110 г/л, лейкоцит тер 7 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы 66 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша емін бастау керек.
@ глюкокортикостероидтан
@ цитостатикалық препаратар
@ аминохинолиндық туындылар
@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
@ антифиброздық препараттар
~ 20 жасар ер кісіні омыртқа бағанасының бел бөлігінде тыныштықта жоғалмайтын, қимылдағанда жеңілдейтін ауыру сезімі, қозғалысының шектелуі мазалайды. Сонымен қатар кеуденің ауырсынуы мен сіресуі байқалады. Рентгенограммада: екі жақты сакроилеит симптомдары, синдесмофиттер, костовертебралды буындардың зақымданулары. СРБ- теріс мәнді. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ сульфасалазинды
@ солумедролды
@ метотрексатты
@ циклоспоринді
@ циклофосфамидті
~ 25 жастағы әйел, дене қызуының 38С жоғарылауына ентігу, жөтел, ісінуге шағымданады. Об-ті: лимфаденопатия, мойында мен мұрын қырында эритема; полисерозит, кардит, нефрит өзгерістері. Қанда: эритроциттер 2,4 млн., гемоглоьин 70 г/л, лейкоциты 2,2 мың., ЭТЖ 70 мм/сағ., антинуклеарлы антиденелер айқын оң. Несеп анализі: белок-1,2 г/тәул, эритроциттер 20-30 көру айм. Клиникалық протокол бойынша тиімді тағайындау:
@ Преднизолонды
@ Пенициллинді
@ Индометацинді
@ Циклофосфамидті
@ D-пеницилламинді
~ 43 жасар әйелді торшасының ауыруы, ентігу, жұтынудың қиындауы, артралгиялар, бет пен қол ұштары терісінің тығыздалуы, шаштарының түсуі мазалайды. Об-ті: беті мимикасыз, ауыз айналасында радиалды қатпарлар, телеангиэктазиялар. Қол тырнақ бунақтарының деформациялары, терісінің тығыздануы, бұлшық еттерінің гипотрофиясы, шаштың түсуі. Жүрек шекаралары үлғайған, тондары бәсендеген, жүрек ұшында систолалық шу. Рентгенограммада: пневмосклероз белгілері. Болуы мүмкін диагноз.
@ жүйелі склеродермия
@ дәнекер тіннің аралас ауруы
@ ревматоидты артрит
@ түйінді периартериит
@ жүйелі қызыл жегі
~ 30 жастағы әйел қол саусақтары буындарындағы ауырсыну сезімі мен ісінуіне, таңертең буындарын қозғаудың қиындығына шағымданады. Қарағанда: екі қолдың II-IY проксималды бунақтараралық буындарының симметриялық дефигурациясы. Ауырсыну және экссудативті өзгерістер әсерінен көрсетілген буындардың қимылы әсіресе жазылуы шектелген. Қанда: эритроциттер 4 млн., гемоглобин 128 г/л, лейкоциттер 12 мың., ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ айқын оң мәнді. Диагнозды нақтылау үшін тиімді жүргізу:
@ Ваалер-Розе реакциясын
@ Мурексид сынамасын
@ Н LA B-27 анықтау
@ Райт-Хеддльсон реакциясын
@ Стрептококкқа қарсы антиденелердің титрін анықтау
~ 12 жасар ер балада скарлатинадан кейін екі аптадан соң дене қызуы қайтадан көтеріліп, әлсіздік, симметриялық ірі буындардың көшпелі ауырсыну сезімі пайда болды, жазу таңбасы өзгерді. Қарағанда: тізе буындары ісінген, сипағанда ыстық. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Қанда: ЭТЖ 40 мм/сағ, СРБ айқын оң, антистрептолизин-О титрдің динамикада жоғарлау. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ преднизолонды 20 мг
@ преднизолонды 1 мг/кг
@ индометацинды
@ кларитромицинды
@ натрий диклофенакты
~ 45 жастағы ер адам сирақ-табан буынының қатты ауырсынуы сезімі («жайылғы асты ауыру») және дене қызуының 37,5С дейін көтерілуімен бөлімшеге түсті. Ұстама кенеттен түнде пайда болды. Қарағанда: буын аймағы ісінген, қызарған, ауырсынады. Бір ай бұрын осындай ұстама бірінші табан-сүйек бақайшақ буынында болып өздігінен қайтқан. Клиникалық протокол бойынша тағайындауға тиімді препарат.
@ индометацинді
@ кларитромицинді
@ преднизолонды
@ сирдалудті
@ трамадолды
~ 30 жастағы әйел жедел респираторлы ауыруына байланысты бисептол қабылдаған. 2-3 күн қабылдағанда жағдайы жақсарған. Ауырудың 7 күні дене қызуы қайтадан 38,80С көтеріліп, турақты болды. Қанда: лейкоциттер 12 мың, эозинофилдер 9%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ бисептолды тоқтату
@ преднизолонды тағайындау
@ бисептолды триметопримге ауыстыру
@ бисептол орнына эритромицин тағайындау
@ қосымша супрастин тағайындау
~ 40 жасар әйел тізе буындардың ісінуіне және ауыру сезіміне шағымданады. Сонымен қатар шынтақ буындарының терісінде «түймедақ» тәрізді өзгерістер пайда болды. Тексергенде: тізе және қолдың саусақ ұштарының дисталды бунақтар аралық буындарының айқын деформациясы, тырнақтары өзгерген.Клиникалық протокол бойынша төмендегі қандай дәрілер тобын тағайындау тиімді:
@ цитостатиктерді
@ антибиотиктерді
@ стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді
@ алтын препараттарын
@ кортикостероидтарды
~ 38 жастағы әйелді ентігу, жұтынудың қйындауы, артралгиялар, беті мен саусақтар терісінің тығыздануы мазалайды. Об-ті: беті мимикасыз, ауыз айналасында радиальді қатпарлар, теленгиэктазиялар. Саусақтың тырнақ фалангілерінің пішіні өзгерген, терісі тығыздалған, қатты, бұлшық еттерінің гипотрофиясы, шашы түскен. Клиникалық протокол бойынша D-пеницилламиннің төмендегі мөлшерін тағайындау тиімді:
@ 150-250 мг/тәу
@ 25-50 мг/тәу
@ 600-450 мг/тәу
@ 1000-1200 мг /тәу
@ 1200-1500 мг/тәу
~ 45 жастағы әйел, қол саусақтарының ісінуі, таңертеңглік буындарында қимыл-қозғалысының ауырлауыну шағымданады. Об-ті: қос қолдың II-IY саусақтарының проксимальды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Қанда эритроциттер 3,2 млн., гемоглобин 108 г/л, лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 41 мм/сағ, СРБ–айқын оң. Валер–Розе реакциясы 1:60. Клиникалық протокол бойынша қабынуға қарсы тағайындауға тиімді препарат:
@ преднизолонды
@ делагилді
@ циклофосфанды
@ Д-пеницилламин
@ алтын препараттарын
~ 42 жастағы әйел адам ревматоидты артритпен ауырады және СЕҚҚ препаратты қабылдайды,баспадан кейін буындық синдром күшейіп ,дене температурасы 37,5 с көтерілген.Қан анализінде: ЭТЖ 50 мм\сағ СРБ+++ Ваалера-Розереакциясы 1:40. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.
@ глюкокортикостероидтар, цитостатиктер
@ антибиотиктер, СЕҚҚП
@ D-пеницилламин
@ СЕҚҚП жоғары дозада
@ аминохинолин препараттары
~ 50 жастағы науқас, соңғы екі жыл бойы тізе буындарының аздап ауыруы мазалайды, жүргенде күшейетініне шағымданады. Объективті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығыздалған. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының тарылуы, субхондральды склероз. Клиникалық протокол бойынша барынша тиімді препарат.
@ донаны
@ кальцеминді
@ преднизолонды
@ целебрексты
@ парацетамолды
~ 34 жастағы әйел кеуденің алдынғы жоғарғы аймағында есекжем тәрізді бөртпелердің пайда болуына, айқын әлсіздікке, қызбаға, тыныштықтағы ентігуге, білезік және тізе буындарының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. Об-ті: жағдайы ауыр, терісінде торлы ливедо; полиартрит; өкпеде әлсіреген везикулалық тыныс, төменгі бөліктерінде крепитация. R-граммада: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: ЭТЖ 45 мм/сағ. ПЦР HCV РНК «+», криоглобулин – 42 ед. (қалыпты 30 ед.). Зәр анализінде: эритроциттер 7-8 көру аймағында, белок 1,1 г/л. Клиникалық протокол бойынша тиімді емдеу тәсілі.
@ пульс-терапия 1500 мг метипредпен к/і тамшылатып + плазмаферез
@ триамцинолон 20 мг/тәул+ азатиоприн 400 мкг аптасына
@ циклофосфамид аптасына 600 мг + преднизолон 10 мг /тәул
@ преднизолон 50 мг/тәул +плазмаферез
@ преднизолон 100 мг/тәул. парентералді + метотрексат аптасына 7,5 мг
~ 15 жасар қызда баспадан кейін үш аптадан соң дене қызуы қайтадан көтеріліп, айқын әлсіздік, жүрек соғуы, ентігу, ірі буындардың симметриялы ісінуі және көшпелі ауырсыну пайда болды. Тізе буындар сіңірлері бекінген жерлерінде майда түйіндер анықталады. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Динамикада антистрептолизин-О жоғарылаған. Эхокардиограммада байқалатын өзгерістер.
@ митралды регургитация, миокард жиырылуының төмендеуі
@ қарыншааралық перденің гипертрофиясы
@ оң қарыншаның артқы қабырғасының гиперкинезиясы
@ митральды қақпақшаның алдынғы жармасының пролапсы
@ сол қарыншаның шығу жолының динамикалық обструкциясы
~ 40 жасар ер адам тізе және сирақ-табан буындарының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. 10 жылдан астам ауырады. Қарағанда: құлақ қалқанында майда түйіндер. Қанда: ЭТЖ 30 мм/сағ, зәр қышқылыа - 0,56 ммоль/л. Сирақ-табан буындарының рентгенологиялық мүмкін болатын өзгерістер:
@ буын саңылауының тарылуы, «пробойник» симптомы
@ буын саңылауының тарылуы, субхондралды склероз
@ буын саңылауының кеңеюі, көптеген эрозиялар
@ буын саңылауының тарылуы, буын айналасындағы остеопороз
@ буын саңылауының үлкеюі, киста тәрізді ағару
~ Коллагеноз ауырумен ауратын 34 жастағы М. деген науқаста, преднизолон және стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну және қыжыл пайда болды. Клиникалық протокол бойынша қосымша тағайындалатын препарат.
@ протон помпасының ингибиторларды
@ Н2-гистаминоблокаторларды
@ прокинетиктерді
@ алюминий препараттарды
@ өсімдік дәрілерді
~ 30 жастағы әйел, тез шаршаңдыққа, физикалық күш түскендегі еңтігуге, табанының ісінулерге шағымданады. Анамнезінде: балалық шағында алғашқы ревматикалық шабуыл болған. Объективті: жүрек тондары бәсендеген, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, аяқтары ісінкі. Жүргізілуге тиімді зерттеу.
@ доплерэхокардиографины
@ коронарографияны
@ электрокардиографияны
@ электромиографияны
@ компьютерлік томографияны
~ Науқас С., 60-жаста, екі жыл бойы тізе буындарының баспалдақпен төмен түскен кезде күшеетің, жүрген кезде кезендік ауырсыну сезімі мазалайды, диклофенак қабылдағаннан кейін басылатын. Объективті: науқас артық салмақты, тізе буындары үлкейген, қызарған. Тізе буындарының рентгенограммасында: буын саңылауның тарылуы, шетте сүйектердің өсіндері. Болжам диагнозыңыз.
@ гонартроз
@ ревматоидты артрит
@ ревматикалық артрит
@ реактивті артрит
@ коксартроз
~ 23 жастағы науқас әйел, қол басы майда буындарының ауырсынуына, бетінің қызаруына және ісінуіне шағымданады. Қарағанда: беті ісінкі, мұрын қанаттарында эритема, фалангааралық буындары ісінкі, палпациялағанда ауырсынуы байқалады. Қан анализінде: анемия, лейкопения, антинуклерлы фактор 1:64, ревматоидты фактор 1:10, «жегілік» жасушалар 8:1000 лейкоцитке. Зәрде протеинурия 3г/л. Мүмкін болатын диагноз.
@ жүйелі қызыл жегі
@ жүйелі склеродермия
@ ревматоидты артрит
@ ревматикалық артрит
@ дәнекер тіннің аралас ауруы
~ 30 жастағы науқасты қол басы майда буындарының ауырсынуы, қозғалысының шектелуі, 2 сағатқа созылатын таңертеңгілік сіресу мазалайды. Қан анализінде: Ваалер-Роуз реакциясы оң мәнді. СРБ +. Қол басы буындарының ретгенограммасында: буын жігінің тарылуы, остеопороз анықталды. Клиникалық протокол бойынша тиімді дәрмек.
@ метотрексат
@ сульфасалазин
@ Д-пенициламин
@ циклофосфан
@ азатиоприн
~ 42 жастағы науқас 6 жылдан бері ревматоидты артритпен ауырады. Аурудың белсенділігі соңғы 6 ай бойы жалғасуда, рентгенограммада эрозиялар саны артқан. Диклофенакпен қоса (150 мг/тәул.) преднизолон 10мг/тәул. тағайындағанда уақытша жақсару байқалған, ал преднизолон дозасын 7,5мг/тәул. төмендеткенде жағдайы қайта нашарлаған. Осы жағдайды ескере отырып, клиникалық протокол бойынша науқасқа ем тағайындаңыз:
@ преднизолонмен бірге метотрексат тағайындау
@ преднизолон дозасын арттыру
@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттын дозасын арттыру
@ кризанол тағайындау
@ кеналогты буын ішіне енгізу
~ 32 жастағы науқас әйел қол саусақтарының ауырсынуына, қолын суға салғанда тері түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Саусақтары бастапқыда ағарады, соңынан көгереді, кейде қызыл түсті болады. Бұл жағдай 2 жылдан бері байқалуда. Қарағанда бетінде бірнеше телеангиоэктазиялар, тырнақ маңында кеңіген капиллярлар анықталды. Клиникалық протокол бойынша осы жағдайда қан айналымды жақсартатын ең тиімді дәрмекті таңдаңыз:
@ нифедипин
@ тиклид
@ D-пеницилламиндә
@ трентал
@ курантил
~ 25 жастағы жігітте, бел омыртқа аймағы және сол жақ жамбас - сан буындарында ауру сезімі пайда болған, тізе буындарының ауыру сезімі, әсіресе, түнде күшейетін және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Алғашында 6 ай бұрын тізе буындарының ауыру сезімі пайда болған. Объективті: омыртқа бойымен ауру сезімі. Қозғалысы шектелген. Қанда: гемоглобин 120 г/л, эритроциттер 3,7 млн, лейкоциттер 7 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы 30 мм/сағ, С реактивті ақуыз оң мәнді, ревматоидты фактор теріс мәнді. Клиникалық протокол бойынша емінде алғашқы таңдаулы препарат.
@ сульфасалазин
@ хинидин
@ кризанол
@ метотрексат
@ преднизолон
~ Жүйелі қызыл жегімен сырқаттанған науқаста жедел респираторлы вирусты инфекциядан кейін қызыл зәр пайда болды. Зәрде протеинурия 2,5 г/л. Тәулігіне 10мг преднизолонның қолдау (поддерживающая) мөлшерін қабылдайды. Клиникалық протокол бойынша науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы.
@ преднизолонмен пульс-терапия
@ преднизолонның тәуліктік мөлшерін 60 мг дейін жоғарылату
@ петотрексатпен қосарланған терапия
@ к/т 120мг преднизолонды енгізу
@ к/т циклофосфамидті енгізу
~ 35 жастағы жігітте, бел омыртқа аймағы және сол жақ жамбас - сан буындарында ауру сезімі пайда болған, тізе буындарының ауыру сезімі, әсіресе, түнде күшейетін және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Алғашында 6 ай бұрын тізе буындарының ауыру сезімі пайда болған. Объективті: омыртқа бойымен ауру сезімі. Қозғалысы шектелген. Қанда: гемоглобин 120 г/л, эритроциттер 3,7 млн, лейкоциттер 7 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы 30 мм/сағ, С реактивті ақуыз оң мәнді, ревматоидты фактор теріс мәнді. Клиникалық протокол бойынша емінде алғашқы таңдаулы препарат.
@ сульфасалазин
@ диклофенак
@ кризанол
@ метотрексат
@ преднизолон

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет