Төзімділікке жүгірудегі іріктеу және спорттық бағдарлау негіздері


Күресшінің жылдамдық қабілеті және оны арттыру әдістемесі



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі51,67 Kb.
#87402
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
13 Кенжебек Бауыржан Рахымжанұлы дене қасиеттері ord

Күресшінің жылдамдық қабілеті және оны арттыру әдістемесі
Спортшының жылдамдық қабілетіне қозғалыс әрекетін немесе берілген жаттығу аз, қысқа уақыт аралығында орындай алу қабілетін жатқызады.Жылдамдық қабілет орындалатын жаттығудың түріне қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым немесе күрделі қозғалысты орындау үстінде аз күш жұмсалынып, қайталау жиілігі де төмен болса, онда оны жылдамдықтың қарапайым түріне жатқызады. Қозғалыстың қарапайым түрлелі негізінен екі факторға бағынады. Біріншісі адамның нейромоторлық қасиетінің жылдамдығына байланысты болады.
Біріншісі, көбіне адамның генетикалық қасиетіне бағынып, спортпен жаттыққан адам мен жаттықпаған адамның арасындағы алшақтық үлкен болмайды. Мысалы, спортпен шұғылданбаған адамның қарапайым қозғалысты орындауға жіберген уақыты 0,2-0,3 сек. болса, шебер спортшының уақыты 0,1-0,2 сек. Осы көрсеткіш арқылы спортпен жаттыққан адамның қарапайым қозғалысқа кететін уақыттың айырмасы бар жоғы 0,1 сек.екендігі анықталады.
Екінші фактор бойынша қозғалысты ұйымдастырып, оны орындауға кететін жылдамдықты жаттығу арқылы арттыруға болатындығы анықталады. Сондықтан әр адамның өзіндік жүйке мен бұлшық етінің ерекшелігін ескере отырып, қозғалысты орындаудың тиімді тиімді жақтарын таба білу арқылы жылдамдықты арттыру жолын қарастыруға болады. Еске сақтауға қажет нәрсе, ол қарапайып қозғалысты орындауға кететін латенттік уақыт тітіркендіргіш уақытынан артық болады.
Күрес және басқа жекпе- жек спортында қарсылас қозғалысын алдын ала сезу арқылы әрекет етуі (көру, есту, сүйкену арқылы емес) алдын ала мүмін болытын әректтің алдын орау мақсатында дайындалған шараларды іске асыру ретінде әрекет етеді. Осылай әрекет ете білу қабілеті, күрес сияқты қарсылас әрекетін алдын ала болжауы күрделі болып келетін спорт түрлерінде маңызды рөл атқарады. Жаттығу арқылы осы қабілетті арттыруға болады, бірақ әр адамның ерекшелігіне байланысты жылдамдықтары әр түрлі болады. Адам әрекеті және алдын- ала болжау арқылы әрекет ету жылдамдығы қарапайым және күрделі болып келуі ықтимал. Күрделі әрекет (дизьюнктивтік) яғни бір- бірін ауыстырмалы әрекет болуы немесе дифференциялды салыстырмалы болып келеді. Боксшының өзінің қарсыласының әрәкет түріне қарай шабуылдау немесе қорғануы, футболшының допты қақпаға соғуы немесе соқпай әріптесіне беруі дизьюнктивті әрекетке жатады, яғни бір мезгілде қақпаға доп соғып, допты әріптесіне бағыттай алмайды.
Ал дифференциялық әрекет өте күрделі әрекеттердің біріне жатады. Оны іске асыруға үлкен күш- жігер мен байқағыштық қабілет пен бірге көпткген қозғалыс жолдарының бірден- бір дұрысын табу керектігі немесе басталған қозғалысты шұғыл доғарып, басқа әрекетке көшу қажеттігі керек болады. Мысалы, баскетболшы допты карзинаға түсіруге әрекет еткен кезде қарсыласының тосқауыл әрекетін көріп, допты карзинаға түсіру емес, өз әріптесіне беру жолын қарстыруға мәжбүр болады. Сол сияқты семсерлесуші шабуылды бастай беріп, өз қарсыласының қарсы әрекетін тойтара отырып өз шабуылын әрі жалғастыруға мәжбүр болады.
Спортшының жылдамдық қабілеті жан- жақты түрде жаттығу кезеңінде және жарыс үстінде бірнеше қарапайым қозғалыс жылдамдықтарының жиынтығы арқылы күрделеніп, комплексті жылдамдықты құрайды. Комплексті жылдамдыққа жүгірушінің сореден шығу жылдамдығы, барлық қашықтық бойындағы жылдамдығы және мәреге жету кезіндегі соңғы жылдамдығы жиынтығының қосындысын айтуға болады. Оған жарыс кезіндегі велосипедшілердің спринттік жарыстағы қысқа қашықтықтағы жылдамдықты ұстау тәсілі, бокстағы жұдырықпен соғу, гимнастикадағы күрделі секірулер, гандбол мен су добындағы қақпаға доп соғу және т.б. күрделі қозғалыстар жиынтығын айтуға болады.
Жылдамдықтың жан-жақты көрсеткішінің негізгі бір саласы, ол адамның жүйке жүйесінің қозғалмалы өткізгіштік және оның қозу мен тежеу кезеңдерінің өті жылдамдығы ерекшелігіне байланысты болып келетіндігі. Жылдамдықтың әртүрлі болуына адам бұлшық еті қозғалысының ерекшелігі және бұлшық ет талшықтарының қай түрі басым болуына да байланысты. Бұлшық еттің созылмалылығы, бұлшық еттің, ішкі тереңдегі еттердің бір-бірімен байланыстығы да әсер етеді.
Спортшының жылдамдық қабілеті оның күшінің, иілгіштік қасиетінің, координациялық мүмкіндігінің мөлшерімен және спорттық шеберлігінің деңгейімен де тығыз байланысты. Жылдамдықтың әртүрлі болып келуі бұлшық еттің биомеханикалық, ресинтездік жұмыстарды атқару мүмкіндігімен және адамның ерік-жігерлік қасиетінің ерекшелігімен де байланысты.Қимыл қызметінің тез немесе баяу болуы бұлшық еттің жиырылу жылдамдығына байланысты. Арнайы жүйке жасушасы келген импульстер арқылы бұлшық еттер жиырылып сүйектерді қимылға келтіреді.
Қимыл бірліктері өздерінің құрылысы мен қызметі жағынан кіші үлкен болып бөлінеді.Кіші қимыл бірліктерінің құрамындағы мотонейрон шығып, аксоны жіңішке, ұшының тармағы аз болады. Олар бет, қол мен аяқ саусақтарында, дене мен аяқ қол қимыл бірліктерінің құрамына енеді. Үлкен қимыл бірліктерінің құрамына ірі мотонейрон, аксона жуан, оның ұштары көптеген тармаққа бөлініп бірнеше мыңға жуық ет талшықтарын жүйкелендіреді. Олар көбәнесе кеуде мен аяқ қол бұлшық еттерін жүйкелендіреді, денедегі қимыл бірліктері аралас. Ет талшықтары өзінің қызметі жағынан баяу (қызыл) және шапшаң (ақ) болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет