Түпқараған аудандық білім бөлімі Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы



бет2/4
Дата08.11.2023
өлшемі0,98 Mb.
#190423
1   2   3   4
Байланысты:
сауат ашу 1
IT клуб, IT клуб, Unit 7 Presentation, Задачи, Снимок экрана 2023—09—06 в 10.00.40, Біз ақылды баламыз ашық сабақ
Тапсырмалар
1-тaпсырма
1. Өтілген әріптерді жатқа жаз.
2. Сөздерді буынға бөл. Нан, ана, апа, тап, тана, ат, ата, пана.
2-тапсырма

  1. Дыбыстардың кіші әрпін жаз. Ғ, П, Т, Р, А.

  2. Сызбаға байланысты сөйлем құра. .

3-тапсырма

  1. Құрамында ш, л әріптері бар үш сөз ойлап жаз.

  2. Әріптерден сөз құра. т, п, а, н.

4-тапсырма



  1. Құрамында ғ дыбысы бар үш сөз жаз.

  2. Сызбаға байланысты сөйлем құра. . .

5-тапсырма


1.Буынның сыңарын тап, сөз құра. да, пан, ба, шо, ман, ла, лық, ор.
2. Сөздерді оқы. Мағынасын түсіндір. Бала, дала, қала, ойна, ойла.

6тапсырма


1. Сөздерден сөйлем құра. болады, балық, суда.
2. «Кімнің есінде көп сақталады?» Шана, пана, ара, таға, Отан, сабақ, ыдыс, ат.
7-тапсырма

  1. Дауысты дыбыстардың астын бір рет сыз. Дана, көше, дос, талант, кеме.

  2. Ағаш сөзіне екі сөйлем құрап жаз.

8-тапсырма


1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой. Қа...ын, д…птер, к...з, а...дар, үй…ек.
2.Дауысты дыбыстарды теріп жаз. H, т, а, ғ, ш, у, л, р, о, п, к.

9-тапсырма


1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптер койып, буын құрап жаз.
H…, т..., ғ…, ш…, у…, л….
2. Сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.
Шопан, қарға, қала, ойла.

10-тапсырма


1. «Қақпашы» сөзінен бірнеше сөз құрап жаз.
2.Бір буынды сөздерді тап. Жарыс, доп, арыстан, нан, талап, үкі, теңіз.

11-тапсырма



  1. Сыныптағы оқушылардың аттарын алфавит ретімен жаз.

2.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз: Өзенде … мол . …… пісті.
Керекті сөздер: Cy, алма.

12-тапсырма



  1. Сөйлемді сызбамен көрсет. Біз бірінші сыныпта оқимыз.

  2. Сөздерді буынға бөліп жаз: Ыдыс, жасыл, көгершін, цирк, еден, ою.

13-тапсырма
1. Қ дыбысынан басталатын 5 сөз жаз.
2. Есте сақта, жатқа жаз. Досан, торғай, жарыс, жайлау, ыдыс.

14-тапсырма


1. Құстар ұшып келді. Асты сызылган сөзді буынға бөл.
2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Көше, сурет, алмұрт, үйрен, қарт.

15-тапсырма


1. Ң дыбысынан аяқталатын 5 сөз жаз.
2. Кітапхана сөзін қатыстырып сөйлем құра.
16-тапсырма
1. Буын құрап жалғастыр: Ep…, ке…, те…, ке…, ше…
2. Болат ойыншық кеме жасады. (дауыссыз дыбыстардың астын сыз)

17-тапсырма


1. K, қ дыбысынан басталатын сөздер жаз.
2.Дауысты дыбыстарды жатқа жаз.

18-тапсырма


1. Туыстық атауларды жаз.
2. Суретті диктант.(кітап, етік, кілт, елік, бесік)

19-тапсырма


1. Киік- дала аңы. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Көпше түрінде жаз. аға -ағалар, ата –аталар, апа- , ана- , әже- , гүл- .

20-тапсырма


1. Ит, әже сөздерін қатыстырып сөйлем ойлау.
2. Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп жаз: Көже дәмді тамақ.
21-тапсырма
1.Сөздерді топтап жаз:Әтеш, бота, өгіз, каз, үйрек, ұзау, қозы, көкек.
2. «Балапан» сөзінен сөз теріп жаз.
22-тапсырма
1. Ө дыбысы бар бес сөз жаз.
2. Төл аттарын теріп жазындар.
Қайың, кұлын, қаз, бұзay, алаң, лақ, жаңа, қозы, теңіз.

23-тапсырма


1. Г әрпін қатыстырып 5 сөз жаз. Гүл сөзіне сөйлем жаз.
2.Атам жазда жайлауда болады. Мен қозы бақтым.(Дауыссыз дыбыстардың астын сыз).

24-тапсырма



  1. Терме диктанты. Y дыбысы бар сөздерді теріп жаз.

Күміс, өгіз, күріш, ұлан, үкі, сөнді, түлкі.
2. Көп нүктенің орнына я әріптерін кой: а…қ, а...з, қо…н, а…, о…, қо….

25-тапсырма


1. Вагон, футбол сөзіне сөйлем құpa.
2. Сөздегі бір дыбысты ауыстыру арқылы сөз құра. Ата, бала, құр, жыр.

26-тапсырма


1. Ю мен Я дыбыстарына сөздер жаз.
2.Жатқа жазу. Қар еріді, су ақты.
Күндер туды шуақты.

27-тапсырма


1. Kici атын қатыстырып бір сөйлем жаз.
2. B мен Ф дыбысы бар сөздерді теріп жаз. Темір, вагон, сәнді, автобус, ферма, фото, әдемі.

28-тапсырма


1. Бұл темір жол вокзалы. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Сөз құра. ы,с, қ. Ғ,ы, ң, а, ш. Т, у, а.

29-тапсырма


1. B мен Ф дыбысына сөздер жаз.
2. Әлия қияр жинауға көмектесті. Я әрпі бар сөздің астын сыз.

30-тапсырма


1. Дауыссыз дыбыстан аяқталатын 10 сөз ойлап жаз.
2. Дауысты дыбыстарды жатқа жаз.

31-тапсырма


1. Сөйлемді сызба арқылы көрсет.Автобус аялдамаға тоқтады.
2. Тиісті әріптерді қойып жаз: Бо...у, пи…з, монт…р, теле…он.

32-тапсырма


l. Е дыбысын қатыстырып 4 сөз жаз.
2. Я, ю әрпін қатыстырып 5 сөз, 1 сөйлем ойлап жаз.

33-тапсырма


1. Цирк жайлы әнгіме құрастыр. Сөйлем ойлап жаз.
2. Щ дыбысын қатыстырып сөз жаз.

34-тапсырма


1. «Авиация» мен «Чемпион» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
2. Біз Отанымызды сүйеміз.(Сөйлемнің схемасын сыз)
35-тапсырма
l. Ь мен ъ белгісі бар сөздерді жаз.
2. Досыңа хат жаз (3 сөйлем)

36-тапсырма




1. Сызба бойынша сөйлем құра. .
2.Альфавитті ретімен жаз:
хабар, кұлын, женіс, көбелек, алаң, немере, ішік, үлкен, тарақ, сағыз.

37-тапсырма



  1. Буыннан сөз құра. жұ, на,ты, ран, мыс, бо, ой, ал.

  2. Сөздерде неше әріп бар екенін санмен көрсет:

Туфли , фирма, ана, жаңбыр.

38-тапсырма



  1. Кім? сұрағына жауап беретін 5 сөз жаз.

  2. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

39-тапсырма



  1. Сөздегі бір дыбысты ауыстыру арқылы сөз құра. Ата, көлік, бала, жыр.

2.Қосарлы дауыстыларға сөздер ойлап жаз.

40-тапсырма



  1. Жалғастыр(дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын сөздер).

Тау, уақыт, тауық, .......

  1. Не? Сұрағына жауап беретін 5 сөз жаз.

41-тапсырма



  1. Жіңішке дауысты дыбыстарды жаз.

  2. Тасымалданбайтын сөздерді тауып жаз.

42-тапсырма

  1. Ай, нұр буындарынан басталатын 10 қыздың атын жаз.

  2. Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.

43-тапсырма



  1. Түсті білдіретін сөздерді жаз.

  2. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.

44-тапсырма



  1. Бек буынымен аяқталатын 10 ұлдың атын жаз.

  2. Сөздерді буынға бөліп, тасымал түрлерін көрсет.

Қарлығаш, жаңбыр, кілем.

45-тапсырма



  1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қой.

Құстар ұшт... . Жапырақтар сарғайд... . Мал жайылд... .

  1. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөз жаз.

46-тапсырма


1.Берілген сандарды сөзбен жаз. 23, 12, 7, 10.
2. Жұп дауыстыларды ата.

47-тапсырма


1. Жуан айтылатын сөздерді жаз.
2. Доп, кесе, дәрігер сөздерін көпше түрде ата.

48-тапсырма


1. Аю, ұя, ата, ақын сөздері неге тасымалданбайды?
2.Сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
Қыздар серуендеуге шықты.
49-тапсырма
1.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді тап, ата.
Ұшақ, торғай, атай, ұстаз, аю.
2.Не істейді? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.

50-тапсырма


1.қ, ғ дыбыстарын қатыстырып бірнеше сөз ойла.
2. Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.
Ша...мат, ...алам, ас...ана, ба...а.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет