Құлпырып көктем келді. Айнараның бау-бақшасында қызу жұмыс жүріп жатыр. Анасы талдың түбін әктеп жатыр. Әкесі жер қопсытып, ағасы гүл егіп жатыр. Ал, Айнара еккен гүлдерге, жас шыбықтарға су құйып жүр.
Құлпырып көктем келді. Аспанда әдемі ақша бұлттар көшіп барады. Күн күлімдеп өз шуағын шашып тұр. Мәди мен Еркеназ көктемді қуана қарсы алды. Айнала жасыл желек жамылған Жеміс ағаштары гүлдеп, айналаға қызғалдақ өсіп шығыпты.