Қайта Өрлеу Заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли. Қайта Өрлеу Заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сана-сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға – ол Н. Макиавелли.
Николло Макиавелли (1469-1527ж.ж.) өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, әсіресе, өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әр-түрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді. Ол ертеден келе жатқан “алдымен өмір сүру, содан кейін фәлсәфәлау² айдарымен өмір сүруге тырысты ( prіvus vіvere deіnde phіlosopharі ).
Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды. Сондықтан, Флоренциядағы Республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген Н. Макиавелли өзінің негізгі еңбектерін жазады. Олар “Патша², “Флоренция тарихы², “Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде² т.с.с..