Тұрар Рысқұлов –1894 жылы 6 желтоқсанда Шығыс Талғар болысында дүниеге келген. Қызы Сәуле Тұрарқызының айтуынша, жетімдік пен кедейлік қамытын ерте киіп, әділетсіздік көрген әкесі жасын жылға үлкейтіп алғанын айтады
Тұрар Рысқұлов –1894 жылы 26 желтоқсанда Шығыс Талғар болысында дүниеге келген. Қызы Сәуле Тұрарқызының айтуынша, жетімдік пен кедейлік қамытын ерте киіп, әділетсіздік көрген әкесі жасын 2 жылға үлкейтіп алғанын айтады. Яғни Тұрар 1896 жылы туған.
Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай, Сырдария облысынан Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеге қамалған әкесі жалғыз ұлы Тұрарға өш алушылардың зияны тиер деп өзінің қасына алдыртады.
« Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрмеде орыс тілін үйренеді.Түрмеде әкесі баласына өткен өмірін айтады. Араға жылдар сала Тұрар әке әңгімесін досы Мұхтар Әуезовке айтады. Ұлы жазушы сол әңгімеден «Қараш-қараш оқиғасы» деген атақты туындысын жазып шығады. Осылай Тұрар әкесіне әңгімеден ескерткіш қояды.
1910 жылы Рысқұлов ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, 1914 жылы бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде оқуын тастап, Меркі ауылына аттанды. Халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай, босатып жіберуге мәжбүр болады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Рысқұлов Меркіге «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына қабылданды. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін халықтыашаршылық тырнағынан арашалап қалуға,,. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты.
1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1924 жылы 4 ақпанда Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын
.1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді.
Тұрардың мінез-құлқын оның 1933 жылы Сталинге жазған хатынан байқауға болады, ол жерде Тұрар аштықтан өліп жатқан халқының тағдырын ашық жазған. Осы хаттан кейін ғана Қазақстанға азық-түлік арқылы көмек көрсету мәселесі шешілді. Ұжымдандыру қазақтарды негізгі азық-түлік көзінен - малынан айырды. 1932-1933 жж. ашаршылық салдарынан ұлт жойылып кете жаздады. Тұрардан басқа ешкімнің шындықты айтуға батылы жетпеді.
first
Тұрар Рысқұлов алма ғайып ауыр кезеңде халқы мен жері үшін кеңестик билікті пайдалануды жөн көрді. Бірақ өзі шексіз сеніп қызмет еткен кеңестік жүйенің қанды қасабына, ешкімді талғамай жұтатын диірменіне түсті, түсті де мерт болды. Империяның Тұрарға өшикені ме әлде одан сескендігі ме әйтеуір Рысқұлов ты ату туралы бұйрыққа Сталинің өзі қол қояды. он ай бойы турмеде азаптап кинап 1938 жылы оныншы акпанда атылады. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды.
Тұрар Рысқұлов денесін Мәскеу тубіндегі Коммунаркада, Чекиздік ягодканың саяжайына апарып тастай салады. Бул алаңда 14к жанның сүйегі жатыр.
Халқым сен аман бол, өзің барда менің де атым өшпес Тұрар Рысқұловтың сөзі. Бүгінде алыстан менмұндалаған ескерткіші туған даласына көз тастап түрғандай. Тұрар Рысқұдовтың таудай тұлғасын анық бреді. Ол қазақ ұлты ғана үшін емес, барша түркі жұрты үшін еңбек еткен ұлы қайраткер өмірі тартысқа толы тұғырлы тұлғаның есімі мәңгілік ел есінде