«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет93/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128

«Жұлдыз» журналы 2001 жылғы №1-6 сандарында этнографиялық баян болып табылатын Ахмет Жүнісұлының «Пәниден бақиға дейін» мақаласын «Дәстүр» айдарында үзбей беріп отырған. Қаймағы бұзылмаған баба тіліміздің мәйегін еміп, сахара тұрмысының қайнаған ортасында өскен, көргені-түйгені мол, көкірегі қордалы қаламгердің «Пәниден бақиға дейін» атты үлкен танымдық еңбегі сол кездерде редакцияның да олжасы болғанын редактордың алғысөзінен байқаймыз. Кейін келе «Жұлдызда» жарық көрген материалдар толықтырылып Қапиза Әлжанованың құрастыруымен үш мың дана тиражбен «Пәниден бақиға дейін» атты кітап болып қайта бастырылды. Тәрбиенің түп тамыры халықтық педагогика дейтін болсақ, бұл кітап сол асылдың бір сынығы еді. Орталық кітапхананың қорында қазақ халқының әдет ғұрпы, салт-санасы, ою-өрнектері, ұлттық киім-кешектері туралы жазған ғалым-этнографтар А.Сейдімбеков, С. Қасиманов, С. Кенжеахметовтердің кітаптары жеткілікті. Ал, А.Нүсіпоқасұлының «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» дейтін 5 томдық кітабы Гүлбаран Етекбаева апамыздың «Бесіктен бақиға дейін» кітабына азық болғандай. Олай дейтініміз, «Бесіктен бақиға дейін» кітабы «Ағаш бесіктен жер бесікке дейіннің» көшірмесі іспеттес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет