Г.Етекбаева «Бесіктен бақиға дейін» кітабын даярлау барысында Авторлық құқық туралы заңның ескермегенін және пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздерге сілтемелерді ұсынбағанын аңғарамыз. Мәселен, А.Нүсіпоқасұлының бес томдық «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітабының 1-томынның 7 бетінде «Қалжа беру» дәстүрі туралы түпнұсқа былайша басталады: «Қалжа - босанған анаға арнаулы мал сойып беретінет пен сорпа. Әйелдерді ерекше құрметтеп, қадірлейтін халқымыз аналар жүкті болғаннан бастап ерекше күтімдеп, оған «қалжа» деп күні ілгері еркек қой әзірлеп қояды. Жаңа босанған анаға «қалжа» берудің үлкен маңызы бар. Яғни, қалжаға сойған малдың бауыздау қанын сәл ағызып, қалған қанын таза ыдысқа құйып алып, оны шарбы маймен араластырып қуырып, жаңа босанған анаға, дәрі ретінде береді. Піскен мойынды бөлмей мұжып, «баланың мойны тез бекісін» деп биік бір жерге ілдіріп қояды. Асықты жілікті де мұжып, сорпаға қандырады. Міне бұл «қалжа жеу» деп аталады.Қалжа жеген әйелдер белін тез бекітіп, қол-аяғын бауырына тез алады. Түрлі ауру-сырқауларға қарсылық қуаты артады. Омырау сүті молайып, нәресте тез ширайды. Омырау сүтіне қанған бала есейгенде мықты болады. Сондықтан үлкен кісілер әлжуаз жігіттерды көргенде: «Әй, сен туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?» - деп кейістік білдіреді». Айтпағымыз түсінікті болу үшін өзгертілген сөздердің тізімін курсивті әрі қою қара түспен белгілеп, Түпнүсқа деген атаумен беріп отырамыз.