«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет105/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы
конвергенция үдерісінің эволюциясы
Бүгінде көз алдымызда әлемдік тәжірибеге негізделген, оперативті, техникалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалана білетін және нарықтық экономиканың принциптерін ескерген әмбебап қазақ журналистикасы жан-жақты әрі қарқынды дамып келеді. Соның ішінде технологиялық дамудың негізінде пайда болған журналистикадағы бірегей үдеріс – конвергенция. Яғни, сандық технология, бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс нарығының қайта жаңғырып, халық талғамының өзгеруі – медиа кеңістіктегі конвергенция үдерісінің пайда болуына, дамуына әкеліп отыр. Өзіміз көріп отырғандай, сандық хабар тарату жүйесі бұқаралық ақпарат құралардарында контент ұсыну, оны сақтау және таратуға жаңа леп әкелді. (Rayport & Яворский, 2001). Контентті интернет порталда орналастырып, әлеуметтік желіде бөлісу арқылы оны қанша адам көргенін немес оқығанан анықтау мүмкіндіктері пайда болды. Бұл өз кезегінде жаңалықтың қаншалықты маңызды болғанының көрсеткіші. Шынтуайтына келгенде, журналистика саласы және ақпараттық мекемелер бүгінде сын сағатта тұр. Жаңа заман ұсынып отырған мүмкіндіктерді журналистика әлі толыққанды пайдалана алмауда. Әлеуметтік желі мен мобильді телефонияның мүмкіндіктері ақпарттық нарықты кеңейткені соншалық, журналистика сол нарықтың бір кішігірім бөлігі болып қалғандай. Дегенмен де, журналистиканың бітім-болмысы едәуір өзгермеді. Тек нарықтық экономикаға бейімделу жолында масштабтау, жылдамдық және табыс табу көздерін іздеп, дамытуда.
Сандық хабар таратуға келсек, ол бұқаралық ақпарат құралдарында бір контентті бірнеше салада (телевизия, мерзімді баспасөз немесе радио) бірдей пайдалануға мүмкіндік берді. Ал біздегі отандық хабар тарату нарығы әлі толыққанды сандық ақпарат таратуға көшіп үлгермеді. Мемлекеттің қолдауымен жартылай ғана ауысты. «Қазтелерадио» АҚ жоспарына сәйкес тұрғындарды эфирлік сандық телеарналармен қамту көлемі 2018-жылға қарай 95 пайызды құрауы тиіс. Мәселен, «OTAU TV» тікелей жерсеріктік хабар тарату жүйесіне жазылушылардың санын 2018 жылға қарай 800 000 абонентке жеткізуді көздеп отыр.
Халықаралық медиа саласының даму тарихына назар аударсақ, 1990 жылдары Америка мен Еуропа телебайланыс секторын ырықтандыра бастайды да, оған толықтай еркіндік береді. Нәтижесінде, бәсекеге қабілетті БАҚ нарығы пайда болды. (Dal Зотто & Dowling, 2003; Dal Zotto & ван Краненбург, 2008). Осылайша, медиада қызмет көрсету деңгейі жоғарылап, әмбебап, сан салалы медиа кеңістік пайда болды. Халық өз қызығушылығы мен қажеттілігіне орай ақпараттық және көңіл-күй көтеруге бағытталған медиа өнімдердің алуан түрін қалауынша таңдай бастады. (Aitamurto, Sirkkunen, и Лехтонен, 2011; Rayport & Яворский, 2001). Қазірдің өзінде әрбір индивидтің жеке қажеттіліктері ескерілуде, ал аудиториямен кері байланыс күннен күнге артуда.
Медиа конвергенцияның эволюциялық даму жолын талқыламас бұрын, технологиялық платформалардың пайда болу және медиа контенттің өзгеруіне әсер ету тұстарын анықтап алған абзал. Мәселен, технологиялық платформалар редакцияның қызметін атқаруда. Оның салдарынан жаңалықтар редакциясы және ақпараттандырушы басқа да редакциялардың қызметі басқаша сипат алып, тіпті мұндай баламалы қызметтердің түсініксіздігінен жаңылыс пайда болды. Аталмыш конвергенция үдерісі осылайша қарқынды дами берсе, көптеген жаңалық тарататын мекемелер жарияланымдар мен таратылымдарды тоқтатып, хостинг және монетизация сынды көрсететін қызметтерінің жоғалу ықтималдығы бар.
Медиа-конвергенция тұтынушыларға, былайша айтқанда пайдаланушыларға өзінің жеке контентін жасап, оны таратуға да мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ, пирингтік технологияның (теңқұқықты алмасу, яғни п2п (p2p) немесе (peer-to-peer), яғни, басқа біреуге пайдалы болатын ақпаратпен бөлісу, сізге қызық болған ақпаратты алу) дамуы ақпарат таратуды орталықтандырды. Мұның барлығы БАҚ-ты жаңа бәсекелестік белестерге жетелеп, қарқынды дамуына алып келді. Әрине мұндай технологиялық прогресстің басқа жақтары да бар. Айталық, контентті тұтынушылар бұрындары сапа мен сауаттылыққа жете мән берсе, қазіргі ол контенттің заманауилығына (дигитализация) назар аударады. Осылайша, біз масс медиа кеңістігінде орын алып жатқан конвергенция үдерісінің эволюциялық жолын және оның типтерін анықтауға көштік.
Журналистикадағы конвергенция үдерісі технологиялық конвергенцияның нәтижесінде туып отыр. Технологиялық конвергенция, яғни әртүрлі технологиялық жүйелердің балама міндетін біріздендіріп, түрлі функционалды мүмкіндіктерді жақындастыру арқылы, нарықты агрегациялауға алып келді (Yoffie, 1997). Қазіргі таңда, нарықта кабельдік желінің қызметі мен телекоммуникациялық қызмет көрсететін компаниялардың, мобильді байланыс пен спутниктік провайдерлердің арасында қызу бәсекелестік жүріп жатыр. Кейде олардың ұсынып отырған қызметтеріндегі айырмашылықты байқау қиын. Мәселен, контентті әзірлеу кезінде интеграциялық стратегияны жиі қолданатын болды. Айталық, телекоммуникация саласы қызметтер түрін көбейту үшін интернет немесе дыбыстық аудио месседждер секілді сан түрлі қосымшалар ұсынып жатыр. Бұл өз кезегінде медиа компаниялардың жұмысына қауіп төндіреді (Вирц, 2011). Нәтижесінде мұндай өнімдер бәсекелес немесе қосымша конвергенциялық үдеріске алып келеді. Өнім конвергенциясы бизнес конвергенциясына алмасады. Бұл ретте компания өз ішінде немесе сыртқы әріптестікті жетілдіру арқылы конвергенцияға бейім салаларды сәтті интеграциялаған жағдайда ғана бұрынғысынан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болады (Вирц, 2011).
Ал медиа және телекоммуникация саласындағы конвергенция үдерісі вертикалды бизнес – телефон, телевизор, компьютерді және горизонтальды бизнес – контент, қызметтер пакеті, желілік хабар тарату, инфрақұрылыс манипуляциясы және терминалдық қызметтерді мүмкіндігінше түрлендіре түсті. Мұның барлығы ауыз толытрып айтатын өзгерістерге алып келді. Мәселен, медиа компаниялар өз уақытында ұзақ уақыт бойы шығармашылық бастамадан бастап өндіріске дейін, маркетинг, тіпті таратуға дейін бір жүйеде, қатаң бақылауда ұстап тұрды. Бірақ біртіндеп техникалық прогресстің арқасында бұл бақылау бәсеңдеп, өнім интернет арқылы нарыққа шығып, өз тұтынушысына кедергісіз жетіп жүр. Осылайша, медиа контент интернеттің арқасында дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының көмегін қажет етпейтін болды. Егер бұл ретте стратегиялық конвергенция жүзеге асса, ол өндірістік құрылым дивергенциясына (алшақтау, айырылысу) алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, көптеген медиа контент, жалпы интернет контент ұсынатын кез келген ұйымдар, мекемелер немесе БАҚ сайттары компьютердің мүмкіндіктеріне негізделген сайт жасап қана қоймай, оның ұялы телефон параметрлеріне бейімделген қалыпты нұсқасын да сапалы әрі тартымды жасауы тиіс. Google consumer barometer-дің 2016 жылғы зерттеу жұмысына сәйкес, 2016 жылы 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда смартфон пайдаланушылардың саны 40 мемлекетте 30%-дан 70%-ға өскен. Бұл өз кезегінде мобильді интернетті қолданушылардың санының артуына алып келді.
Яғни осы эволюцияның нәтижесінде жаппай нарыққа бағытталған технология, БАҚ және телекоммуникация арасында консолидация үдерісі жүріп жатқаны байқала бастады. Айталық, нақты бір салаға бейімделген байланыс операторлары мен ірі медиа-плеерлер соңғы құрылымдық өзгерістерді айқындайды. Қазақстандағы операторларды мысалға алатын болсақ Active, Kcell, Tele 2 сынды ірі байланыс операторлары мен Altel секілді интернет операторы барынша өз аудиториясын кеңейтуге тырысуда. 2015 жылы бір Kcell операторында 10,4 миллион тіркелген абонент болса, Tele2 байланыс операторында 016 жылдың наурыз айында Tele2 өз бизнесін «Қазақтелеком» АҚ-ның мобильді бөлімшесі болып табылатын Altel операторымен біріктіре отырып, абоненттер базасын 6,4 миллионға жетіп отыр.
Жалпы алғанда 2016 жылы Қазақстандағы абоненттер саны 31,2 млн нөмерді құрап отыр. Әлбетте, бұл ретте бір адамның бірнеше байланыс операторларын қатар пайдалана алатынын ұмытпау керек.
Мұндай эволюцияның нәтижесінде технологиялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникациялық компаниялардың өзара консолидациясын байқап отырмыз. Мысалы Alma TV, бұл – жаңа дәуірдің интернет-телевизиясы. Alma TV арқылы тек теледидардан ғана емес, қалта телефоны мен планшеттен 70-тен астам телеарнаны тамашалауға болады. Біз атап өткен пакеттік қызметтердің де айқын дәлелі ретінде Almt TV-ді алсақ болады. «Три в одном» атты пакетінде интернет + ТВ + IP-телефония секілді қызметтер ұсынылады. Яғни мұндағы медиа конвергенция үдерісі құрылымның поляризациясына, яғни ірі конгломератқа немесе қосымша кішігірім еркін қожалықтарға алып келеді. Тіпті, ірі конгломераттардың ішінде майдалараның жұтылып кету тенденциясы бар.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда журналистиканың және журналистикадағы көптеген жаңа заманға сай қалыптасып келе жатқан үдерістердің барлығы IT саласының дамуымен тікелей байланысты. Бұл ретте жасанды интеллект, «ақылды» заттар, виртуалды өмірдің дамуы, блокчейн (blockchain) және көптеген бизнесті дамытуға бағытталған платформалар да осы информациялық технологиялардың бет-алысына белгілі бір деңгейде бағынышты.
Заман талабына сай туындап отырған журналистикадағы жаңа медиатехнологиялардың дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына әсерін мойындау қажет. Себебі, жаңа технологиялық мүмкіндіктер ойлаудың дәстүрлі жүйесін белгілі бір деңгейде өзгеріске ұшыратып, БАҚ стратегиясына өзіндік ықпалын жүргізіп отыр. Десек те, кешегі журналистика мен бүгінгі жаңа журналистиканың арасындағы байланыс сақталып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет