Жартылай өткізгіштер (мысалы, германий, кремний) өткізгіштер мен жартылай өткізгіштер аралығындағы орынды алады.
Кулон заңы: Вакуумдегі қозғалмайтын екі нүктелік зарядтардың F өзара әсерлесу күші q1 және q2 зарядтарға тура пропорционал және олардың арасындағы r қашықтықтың квадратына кері пропорционал:
ε0 = 8,85·10-12 Кл2/(Н·м2) немесе ε0 = 8,85·10-12 Ф/м – электрлік тұрақты
Өрістің берілген нүктесінде орналасқан бірлік оң сынақ зарядына әсер ететін күшпен анықталатын физикалық шаманы осы нүктедегі электростатикалық өрістің кернеулігі деп атайды.
Әрбір нүктесіне жүргізілген жанама кернеулік векторының бағытымен сәйкес келетін сызықтарды кернеулік сызықтары деп атайды.
Біртекті өрістің кернеулік сызықтары кернеулік векторына параллель болады. dS аудан арқылы өтетін кернеулік векторының ағыны: