Стенокардияны емдеу өмір салтын өзгертуді, еңбек пен демалыс тәртібін реттеуді, дене және көңіл-күй жүктемелерін жоюды, майларды шектейтін емдәм ұстануды, дәрілік препараттардың тобын қолдануды қарастырады. Тұрақты емес стенокардияда науқастарды ауруханаға шұғыл жатқызу қажет (қарқынды бақылау палатасына). Стенокардияны емдеуде келесі препараттардың топтары қолданылады:
-Антиангиналдық құралдар (жүрек ауырсынуына қарсы) – жүрек бұлшық етіне оттегінің қажеттілігін азайтатын және/немесе оттегіні жеткізуді арттыратын дәрілік құралдар.
-Антикоагулянттар – қанның ұюын басатын және тромбылардың түзілуіне кедергі келтіретін препараттар тобы. Бұл топтың негізгі өкілі – гепарин.
-Антиагреганттар – тромбоциттердің жабысу қабілетін азайтатын дәрілік құралдар, осылайша, қанның тұтқырлығын азайтып, тромбы түзілуіне кедергі келтіреді. Негізгі өкілдері – ацетилсалицил қышқылы (Аспирин) мен клопидогрел (Плавикс).
-Қажет болса, артериалдық қысымның деңгейін реттейтін препараттар тағайындалады; қандағы холестерин деңгейін азайтатын препараттар (статиндер).
-Органикалық нитраттарды қабылдауда (нитроглицерин, изосорбид динитраты және мононитрат) организмде азот оксиді бөлінеді, ол жүрек бұлшық етінің оттегіге қажеттілігін азайтады, веналарды кеңейтіп, қанның жүреккке қайтуын азайтады, бұл жүрекке жүктемені азайтады; сондай-ақ, тамырларды кеңейтіп, жүрекке қан ағымын ұлғайтады.
-β-адреноблокаторлар (пропранолол, бисопролол, метопролол, соталол, атенолол) артериалдық қысымды азайтады, жүрек ырғағын және жүрек бұлшық етінің оттегіге қажеттілігін азайтады.
-Кальцийлік түтіктерді тежеушілер (верапамил және оның туындылары, нифедипин және оның туындылары, дилтиазем және оның туындылары) стенокардияның келесі түрінде ауырсыну байқалғанда тағайындалады: атеросклерозсыз «таза» тамырлар болуында кеудедегі ауырсыну байқалғанда және басқа препараттар тиімсіз болғанда. Мұндай дәрілердің әсері миокардтың оттегіге қажеттілігінің төмендеуіне байланысты (жүрек ырғағының, артериалдық қысымның азаюы) және оттегінің жүрекке келуінің жақсаруына байланысты (жүрек тамырларының түйілуін жою). 48-72 сағат ішінде, белсенді емдеуге қарамастан, стенокардия ұстамасы қарқындылығы мен ұзақтығын өзгерпесе, шұғыл коронарографияны орындауға және стенттеуге немесе аорта-коронарлық шунтирлеуге көрсетімдер пайда болады.
Коронарлық артерияларды стенттеу – тамыр саңылауына стент қою арқылы жүрек артериясының өтімділігін хирургиялық қалпына келтірудің заманауи әдісі. Аортокоронарлық шунтирлеу (АКШ) —жүрек артериясында қан ағымын қалпына келтірудің хирургиялық әдісі – коронарлық тамырдың тарылған тұсын шунттар – дененің басқа жерінен алынған тамырларды тігу арқылы айналып өту.
Басқару тактикасы, амбулаториялық жағдайда тұрақты стенокардиясы бар науқастарды динамикалық байқаудың негізгі қағидалары және халықтың денсаулығын жақсарту шаралары
Аурудың бірінші жылында пациенттің жағдайы тұрақты және дәрі-дәрмектермен емдеудің жақсы төзімділігі кезінде пациенттердің жағдайын әр 4-6 айда бағалау керек. Егер болашақта жағдай тұрақты болып қалса жәнепациент оны жеткілікті түрде бағалай алса, онда жылына бір рет амбулаториялық тексеруден өту жеткілікті. Әйтпесе, амбулаториялық-емханалық сапарлар жиірек болуы керек. Науқастың жағдайын бағалау үшін (әсіресе қарт адамдар) көбіне оның туыстары мен достарынан сұрау алу көмектеседі. Егер жүректің ишемиялық ауруының ағымы нашарласа немесе емдеудің жанама әсерлері пайда болса, науқас немесе оның туыстары кезектен тыс дәрігермен белсенді түрде кеңесу керек.
Медициналық және еңбек сараптамасы, оңалту бағдарламасы, санаторлық-курорттық емдеу.
Еңбек сараптамасы науқастарға қандай жүктемелерден аулақ болуды анықтау мақсатында жүргізіледі. Уақытша еңбекке жарамсыздық науқастарда 2 айдан 4 айға дейінгі аралықты құрайды.
Оңалту бағдарламасы
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды:
1) бірінші кезең (ерте) - аурудың жіті және жітілеу кезеңдерінде, операциялық араласулар, жарақаттар кезіндегі қалпына келтіру емі. Бірінші кезең мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеде) асқынулардың профилактикасы және клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін реабилитолог дәрігердің кеңесінен кейін жүргізіледі.Бірінші кезеңде пациентті ерте қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды өткізу өмірлік маңызды функциялар тұрақтанғаннан кейін өткізіледі. Негізгі ауруды емдеу курсы және бірінші кезең аяқталған кезде бейінді маман реабилитолог дәрігермен бірлесіп пациенттің әлеуетін айқындайды және алғаш рет белгіленген оңалту диагнозын, ОБШ бойынша пациенттің бағытын қалыптастырады және шығару эпикризін рәсімдей отырып, пациентті оңалтудың келесі кезеңдеріне (екінші немесе үшінші) жіберуді қалыптастырады. Оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңдеріне жолдама жаңа жағдайларды немесе ілеспелі аурулардың асқынуын қоспағанда, стационардан шыққан сәттен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. ОБШ-ны және ХКЖ/ХКЖ-БЖ критерийлерін бағалаудың қолданылу мерзімі оңалту кезеңдері арасында күнтізбелік 30 күнді құрайды;
2) екінші кезең (жалғастырушы) - қалпына келтіру емі және медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе оңалту төсектерінде, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда жүргізіледі. Екінші кезең МДТ мамандарының қатысуымен ХКЖ немесе ХКЖ-БЖ негізінде пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне, БӘФ-ның бұзылуына байланысты емдеу ұзақтығымен ауырған аурудан (операциялық араласудан) кейін 6-9 айдың ішінде бір рет өткізіледі. Бір емдеу курсының ұзақтығы және екінші кезеңнің еселігі реабилитолог дәрігердің немесе ОБШ бойынша МДТ қорытындысы, ХҚЖ немесе ХҚЖ-БЖ өлшемдері бойынша, пациент жағдайының ауырлық дәрежесі бойынша анықталады.Екінші кезеңнің ішінде қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың бірнеше курстарын өткізген кезде әрбір курс жаңа жағдай деп есептелед. Екінші кезеңнің курстары арасындағы интервалдың ұзақтығы 30 күннен аспайды. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың екінші кезеңін жүргізу үшін пациентті бір медициналық ұйым шегінде бейінді бөлімшеден оңалту бөлімшесіне ауыстыру кезінде оны оңалтудың жаңа жағдайы деп саналсын;
3) үшінші кезең (кеш немесе қолдаушы) жіті, жітілеу кезеңде емдеу аяқталғаннан кейін және ХКЖ немесе ХКЖ-БЖ өлшемшарттарын бағалағаннан кейін БӘФ сақталған кезде жүргізіледі. Қалпына келтіру емі мен екінші кезеңді медициналық оңалтуды жалғастыруды талап етпейтін жағдайда, пациент ОБШ-ға сәйкес, қалыптастыру тәртібіне сәйкес медициналық оңалтудың үшінші кезеңін қалыптастыру тәртібін алады. Үшінші кезеңді медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының оңалту төсектерінде (созылмалы аурулары бар және жекелеген нозологиялық нысандары бар балалар үшін), амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда жүргізіледі.Үшінші кезеңді медициналық оңалту ересектер үшін жылына екі рет және балалар үшін жылына үш рет емдеу жиілігі бар оңалту диагнозы қойылған сәттен бастап 3 жылдың ішінде жүргізіледі.
Жүректің ишемиялық ауруын курорттық емдеу, ең алдымен, аурудың дамуына әсер ететін барлық қолайсыз факторларды жоюға негізделген: зиянды әдеттерден бас тарту, белсенді физикалық өмір салтын сақтау, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа келтіру, дене салмағын қалыпқа келтіруДәрігерге уақтылы жүгіну және оның ұсынымдарын мүлтіксіз орындау жүректің ишемиялық ауруын толық бақылауға кепілдік береді және мүмкін асқынулардың алдын-алу болып табылады. минералды суларды қабылдауды, сондай-ақ физиотерапиялық жаттығулар, ваннаның әр түрлі түрлері (көмірқышқыл газы, минералды, қылқан жапырақты меруерт және йод-бром) сияқты процедуралық элементтерді қолдану қажет.