Тұрақтылығың құрылымдық – механикалық факторы Тұрақтылығы жоғары көбіктерді алу беткі қабаттарында гель тәрізді құрылымдар тузуге қабілетті БА3 қолданған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ауырлық күші мен капиллярлық куштердің әсерінен сұйыктың ағуына кедергі жасайтын БАЗ молекулаларындағы полярлы топтардың гидраттануынан жұқа қабаттардың тұрақтануына байланысты жүреді. Гидраттанған молекулалар көпіршіктердің тұрақтылығын арттыратын беттік қабаттардың түзілуіне себеп болады. Сол сияқты беткі қабаттағы үлкен ауданды алатын молекулалардың көмірсутек тізбегінің бұліктері де гидраттанады. Тұрақтылық адсорбциялық қабаттың жеке молекулаларының арасындағы тартылыс күштері есебінен пайда болады, сол сияқты бұған сұйықтың қозғалғыштығы да әсер етеді.
Көбіктің тұрақтылығын оның көпіршіктерінің арасындағы сұйық қабатының тұтқырлығын жоғарылату арқылы да арттыруға болады.
Ерітіндіге шамалы БАЗ мөлшері мен бірге стабилизатор қосқанда адсорбциялық қабаттың тұтқырлығы өте тез өседі. Оның өсуі көбіктүзгіш пен стабилизатордың мольдық қатынасына байланысты.
Тұтқырлығы белгілі мәніне жеткенде, ерітіндіде көбік түзілу процессі тоқтайды. Бұл құбылыс БАЗ түріне және оның концентрациясына тәуелді болады.
Көбіктің тұрақтылығына Плато – Гиббс каналдарындағы қысымның әсері Полиэдр формалы көбіктің негізгі қасиеті, атмосфералық қысыммен салыстырғанда төмен болатын Плато – Гиббс каналдарындағы тепе-теңдік жағдайындағы капиллярлық қысым.
Көбік каналдарындағы капиллярлық қысымды оның шамасы тұрақталғанға дейін өлшейді. Көбіктің қабаты ең жұқа болған кезде, Р саны өзгермейді. Көбіктер ескірген кезде көбіктің қабыршықтары жұқарады, олардың қисықтығы ұлғаяды, ал Плато – Гиббс каналдарындағы қысымы азаяды.
Плато - Гиббс каналдарының радиусы (R)
Лаплас тендеуі бойынша табылады:
Pσ =2σ | R
мұндағы σ – көбік түзуші ерітіндінің беттік керілу күші.
Көбік түзілу кезінде пайда болатын бұл каналдардағы қысым көбіктің мөлшеріне, дисперсиялылығына жане ондағы сұйықтың беттік керілуіне байланысты болады. Плато-Гиббс каналдарындағы тепе-теңдіктегі қысым (PG) көбіктің биіктігімен Н анықталады:
PG= PG°- p.gH,
мұндағы, РG° - көбіктің төменгі қабатындағы қысым; р - ерітіндінің тығыздығы; g – гравитациялық тұрақты.
Гравитациялық өрісте қысым РG биіктіктің функциясы болып табылады, сондықтан көбіктің түрліше қасиеттері, оның сақталу уақыты (Ԏ) да биіктікпен бірге өзгереді.
Капиллярлық қысым көпіршіктердегі қысым мен Плато-Гиббс каналдарындағы қысымның айырмасы:
Pσ =PB-PG.