ІV. «Дыбыстау». (10мин)
Қатысушы топтарға QR код және тақырыпшалар беріледі. Сол арқылы ұялы телефон көмегімен фильм және мультфильм үзінділерін көріп, рөлге бөліп дыбыстайды.
Берілетін тақырыптар:
«Жазғы мектеп-2021»;
«Сыныпқа жаңа оқушы келді»;
«Сынып жетекшісі жұмыстан соң».
«Бекіту сұрақтары» :
-Мұғалім үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспарын жасағанда нені ескеру керек?
Қорытынды бөлім.
V. Рефлексия.( 5 мин)
«СМС» әдісі. Тақтада «WhatsApp» қосымшасының терезесі ілінген. Хабарламаға арналған бос орындарға қатысушылар тренинг туралы пікірлерін жазады немесе смайликтер арқылы жеткізеді.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары:
№
|
Үлгерімі төмен оқушылармен
жүргізілетін жұмыстар
|
Берілетін тапсырмалар
|
Орындауға берілетін жұмыс
|
1
|
Жаңа тақырыпты игерту
|
Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау
|
Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.
|
2
|
Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу
|
1.Тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу
2. Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау
|
Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.
|
3
|
Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту
|
1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.
2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру
|
Сөзжұмбақ жасау
Тест құрау
|
4
|
Шығармашылық жұмыстарға баулу
|
Әр тарауды ең маңызды тақырыптары бойынша реферат жаздыру
2.Пайдалы құралдарға сипаттама жасату
|
Реферат жазу
|
5
|
Сөйлеу қабілетін дамыту
|
1.Үй тапсырмасын сұрау
2. Ауызша сұрақтар қою
|
Ауызша жауаптарын
талдау
|
Анықтама
12.05.21 ж. №273 мектептің жас мамандары Қожахмет Эльвира, Тоғызбаева Айдана, Сағынаев Хамит бірігіп «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында трнинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты жас мамаманға үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту жұмыстары бойынша өзара тәжірибе алмасу. Тренингке 12 жас маман қатысты. Тренинг төмендегі бөлімдерден тұрды:
І. Психологиялық дайындық. (3 мин)
ІІ. Топқа бөлу. (4 мин)
ІІІ. «Ой қозғау». (8 мин)
ІV. «Дыбыстау». (10мин)
V. Рефлексия.( 5 мин).
Тренингке қатысқан жас мамандар өздерінің сөз шберліктерін, тапқырлықтарын,жылдамдықтарын және актерлік шеберліктерін көрсетті. Жалпы тренингтке жаңа әдіс-тәсілдер мен қызықты ойындар сәтті шықты. Тренинг өз мақсатына жетті және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасауда көптеген техникалар қамтылды.
Жас мамандар: Қожахмет Э.
Тоғызбаева А.
Сағынаев Х.
Достарыңызбен бөлісу: |