Тренинг тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет Мақсаты: Оқушылардың «Мейірімділік»



Дата08.09.2017
өлшемі67,38 Kb.
#30015


Тренинг тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты: Оқушылардың «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

- Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

- Мейірбандыққа тәрбиелеу



Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, ойтүйін жасау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Түрі: тренинг - сабақ
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі :

-оқушылардың назарын сабаққа аударту;

-психологиялық дайындық;

-шаттық шеңбері,сәлемдесу.



1. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім:

-Салеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар!Бүгінгі біздің «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы тренингке қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Көңіл күйлерің қалай? Енді балалар  менің  айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Мұғалім оқушыларға шеңбер құрып тұруды ұсынады.

-Осындай мейірімді, ақылды, білімді, қайырымды жандарды көргеніме қуаныштымын. Ендеше біз бір-бірімізге күлімсіреп, мейірімімізді шаша отырып, бүгінгі сабағымыз көңілді , әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге жақсы көңіл- күй тілейік.



Сергіту сәті 
Күнге қарап қолымды 
Бір, екі, үш деп соғайын /қолды соғу/ 
Қарап тұрған көршіме 
Мен қолымды бұлғайын /бір - біріне қол бұлғау/ 
Жылы - жылы жүзбенен 
Маңдайыннан сипайын /сипау/ 
Жылы - жылы сөзбенен 
Жүрегімді сыйлайын /жүректі ұсыну/ 
Ыстық алақаныммен 
Қолыңды бер қысайын /қолды қысу/ 
Амандасып өзіңмен 
Құшақтасып алайын /құшақтасу/ 
Жаңа сабаққа кіріспе.

Оқушыларды екі топқа бөлу. «Мейірімділік», «Сыйластық».

Жаңа сабаққа дайындық.

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік –асыл қасиет». Біз бүгін сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі- мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамның бір-біріне деген мейір шапағаты –әдептілік белгісі, сол туралы білеміз . Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімелесу. «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: Жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі, мейірімді,бауырмал,кешірімді,сыпайы,әдепті, жанашыр.Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

-Әрине, мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру. (тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)

жақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

жарастық                                                                           махаббат

 

шыдамды                   Мейірімділік шуағы                           рақымшыл



 

 

ынтымақ                                                бауырмалдық



 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.

 Оқушылар үнтаспадан «Анашым» әнін тыңдайды.

Әңгімелесу. Сұрақ-жауап арқылы.

-Ән кім туралы?

Видео көрсету



«Ойланайық, пікірлесейік» бөлімі
1. Әлгінде көрген видео сіздерге қандай сезім тудырды және қандай ой түйдіңіздер?
2. Адами қарым - қатынас деген не?
Қарым-қатынас - имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
Мұғалім:

-Балалар жаңа өздерің фильмде көргендей ешқашанда жаман әрекеттерге бармаймыз , яғни ата- анамызды әрқашанда сыйлап, мақтан тұтамыз.



Дәйексөз:

Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана — халық ұғымында жаратушы. Ол табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші жан. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Шығармашылық әрекет. Тапсырма бойынша оқушылар мейірімділік кестесін толтырады. Күннің бейнесін жасайды.
«Мейірімділік» «Сыйластық».

І топ: ІІ топ:



Мейірімді адам қасиеттері: Мейірімді істер:

Мейірбан,Адал, Ақылды, Үлкенге көмек,Ізгілік,

Ашық жарқын,Кең пейілдік, Қайырымдылық,Қамқорлық,

Сезімталдық,Дарқандық, Барымен бөлісу,Қол ұшын беру

Жомарттық. Жанашыр болу.
«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),

Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),

Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),

Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ….! (болмайды).



Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.


Тыныштық сәті: (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі)Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз дем алып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазыр керемет, әрі сыйқырлы , мейірімділік пен сүйіспеншілікке , ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық , сүйіспеншілік,мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуанышз, ізгілік сыйлап жатса , қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт жетті. Сиқырлы әлеммен қоштасап отыра, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар.

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау,игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Бағалау:

-Балалар сіздер бүгін сабаққа  барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысым көп.



«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар  бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай  жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза сен ғажайыпсың, Ақжол сен ақкөңілсің т.б».



Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.


Жолдыбай негізгі мектебі


Тренинг



Өткізген:Омарова А.А.

2016

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет