Түрі: ауызша журнал Көрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер, монтаждық фильмдер, мультимедиалық проектор



Дата21.11.2016
өлшемі108,22 Kb.
#2236
Тақырыбы:  «Алаш тұлғалары» ашық тәрбиелік шара
Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихатау. Тәуелсіздігімізді айқындау.

Түрі: ауызша журнал

Көрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер, монтаждық фильмдер, мультимедиалық проектор.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 9-сыныптар аралығында

 Арнайы ұйымдастырлып отырған  «Алаш тұлғалары » атты тәрбелік шарамызға  қош келдіңіздер!

І. Бөлімі “Алаш автономиясының құрылу туралы деректі фильм” бейне түсіріліміне назар салайық!

     ІІ.Бөлім «Алашорда үкіметінің құрылуы» түсіндірме

1.оқушы 9 «а» сынып оқушысы Зинуллин Мирас

Алашордаүкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің баска да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұраксыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыкка ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқаноблысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді. Міне осылайша ұлттық идеяологияны ұстанғандар арасынан алғашқы Алашорда автономиясын құру қолға алынып оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов болды.



ІІІ.Бөлім «Алашорда және Кеңес үкіметі»

Жүргізуші: Файзуллин .Е.Ж.

2. оқушы:        1918 жылы 5 каңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті. Кеңестік билік бұрынғы отарлық езгідегі халықтарға тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін мәлім етті. Бұл белгілі бір ұлттық автономиялық мемлекеттікті иемденуі емес, оның белгілі бір бөлігінің ғана, яғни жұмысшы және шаруалардың өзін-өзі билеу мүмкіндігіне ие болғандығын білдіретін шара еді. МұстафаШоқай 1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды. Осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар аттанып, барған бетте Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері бойынша Халық Комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға II Жалпықазақ-қырғыз съезінің (Орынбор, 1917 ж. желтоқсан) қаулысын табыс етеді.

Жүргізуші: Алғаш “Алаш автономиясын” құруда өз үлесін қосқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаевтардың қосқан еңбектері көп болды. Ендігі кезекті біз осы алаштың бес арысы туралы білеміз. XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі — уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.

3. Оқушы: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)


Ахмет Байтұрсынов — қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы,  қаңтар айында  Қостанай облысы,  Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала  Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905 жылы жер меселесі,  казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық,  ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

4 Оқушы Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.


1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады.

Жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларынан эпизодтық көрініс

«Ақын iнiме» «Жұртыма»

Жүргізуші: “Ұрпаққа аманат” атты

Ахмет Байтұсынов туралы деректі фильмге назар аударалық.

Жүргізуші: Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, «Әдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынов аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларыныңшығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.

Жүргізуші: ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.

5.Оқушы: Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады,» Абай» журналын шығаруға ат салысады.

6. оқушы . 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

7. оқушы: Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды

8. Оқушы Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілерұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, «Көшу» өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, «Ұршық» өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.

Жүргізуші: Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілерұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, «Көшу» өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, «Ұршық» өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.

Жүргізуші: XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтьш оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.

9. оқушы: Жақаңның Алаш қайраткерлерінің арасындағы орны ерекше. Елі үшін туылып, ел үшін шаһит кешетін тұлға болады. Ол сол елдің ертеңінің нұрлы болуы үшін жанталасады. Міне, Жақаң — қазақтың ертеңі үшін туылған жан. Иә, ол алыс ауылдарда мұғалімдік қызметін атқара жүріп жәбір көрген қара қазақты көріп, патшаның отарлауына қарсы бір жола күрес жолына түседі. 1905 жылы Орал қаласында «Пікір» деген газет ашуға ат салысқан еді. Сол кездегі газет дегеніңіз үлкен идеологиялық қару болатын. 1904 жылдың басында Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы екеуі Алаш ұлдарын патшаға қарсы күреске шақырып үндеулер жазды. Осы үндеулердің әсерінен қазақ халқының патшаға қарсы наразылығы күшейе түсті. Патша үкіметі ел наразылығының соңы көтеріліске соғуынан қорқып саяси тінтулер жүргізе бастады. Кітапханаларды жапты, пошта хабарларын конфискеледі. Осындай алмағайып уақытта, осы ұрымтал тұсты тиімді пайдалану үшін Міржақып пен Ахмет Омбы қаласына жүріп кетеді. Сол жерде Жақаң Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаевтармен танысып, жасырын кездесулер жасайды.. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени — саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді.

 10. Оқушы: Міржақып 58 статьямен айыпталып айдауда жүріп 1935 жылы өлді. Оның өлімін естіген торғайлық ақын Файзолла Сатыбалдыұлы өз жоқтауында:

Міржақып пен Ахмет,
Нақақтан-нақақ болды шет.
Бір уақыттар болғанда,
Ақталар орнап әділет…
Қиянат кетпес тоқтаусыз,
Әділ сөз қалмас құптаусыз,
Күндердің күні болғанда,
Міржақып кетпес жоқтаусыз…,  - деген екен.

11. Оқушы: Мыржақып Дулатұлы өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар менауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш «Оян,қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағын мынандай өлең жолдарымен бастайды:

   Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

   Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

   Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

   Қазағым, енді жату жарамасты.



 Жүргізуші: Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі- Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.

12. оқушы: Өмір жолы. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының. жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.

13. оқушы: Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы Ташкентте «Педагогика» атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған «Сауатты бол» атты оқулығы жарық көреді.   1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.

Жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай,  Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды.  Алғашқы өлеңдерінің бірін »Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет  тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі  келеңсіз мінез-құлықты,  әрекетсіздік пен жалқаулықты,  сауатсыздықты сынайды. Елін  білім алуға, өнерүйренуге шақырады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», Қазағым», т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына  алаңдаушылық жатады.  Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты.

Қортынды:

Жүргізуші:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр,-



дей  келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтынешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс- тартыс көп. Міне, Мағжанның өкініші — осылар.

 

 

 

 
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет