Түрік халықтарының мәдениеті
Қойшығара Салғараұлы аударған Түріктер, 1999
Жыу кітабынан: Түріктер шаштарын жайып, сол жақ етегін жоғары қайырып жүреді. Киіз үйде тұрып, судың тұнығын, шөптің шұрайлысын қуып отырады. Мал шаруасымен, аң аулаумен айналысады. Ет жеп, қымыз ішеді. Теріден және жүннен тоқылған киімдер киеді. Байырғы сиуннулар сияқты әдептілік, әділеттілік дегенді білмейді.
Билеушісін алғаш хан көтергенде жақын жоғары шенді ұлықтары оны ақ киізге отырғызып, күн қозғалысы бағытымен тоғыз рет айналады. Әр айналған сайын оған ұлықтары тағзым етіп отырады. Бұдан кейін оны атқа отырғызып, торғын матамен мойнын орап, қатты тартып сонан соң тез босатып, неше жыл қаған боласың деп сұрайды. Билеушісінің өңі бұзылып, көзі қарауытады, Ол нақты айта алмағандықтан оны ұлықтары өздері есептеп шығарады.
Олардың қару жарақтары: Ысқырма жебелі садақ, Суй кітабында Мүйіз сияқты садақ, сауыт , найза, қылыш және семсер. Соңғы екеуін тастамай сән үшін тағып жүрді. Туында бөрінің алтын басы бар. Қағанды фули деп атаған. Ол бөрі деген ұғым, олар қасқыр текті екендігін көрсету үшін осылай дейді. Ат үстінде шауып келе жатып, садақ тартуға шебер. Тумысынан жауыз, аяушылықты білмейді. Шапқыншылық жасау үшін айдың толуын күтеді.
Өлген адамның денесі шатырға жайғастырылады. Туыстары жиналып, құрбандыққа жылқы мен қой шалып, етін шатырдың алдына жайып қояды, атқа мініп шатырды жеті рет айналып шыққаннан кейін, есікке кірерде беттерін пышақпен тіліп, дауыс қылады, қан мен жас бірге ағады, жоқтау рәсімін аяқтайды. Өлген адамның мінген атын, мүлкін оның денесімен бірге өртеп, күлін жинап, жылдың бір мезгілінде көмеді.
Қымызды масайғанша ішеді, бір біріне қарсы тұрып ән салады. Аруаққа сыйынып, бақсыға сенеді. Соғыста өлуді ардақ тұтады, ауырып өлгенді намыс көреді. Олардың салты көбіне сюннуларға ұқсас.
Қаржаубай Сартқожа Орхон мұралары
Балбалдар
Балбалдар туралы Я.Шер, Л.Р.Қызласов, Кляшторный , Вайнштейн сияқты зерттеушілер қалам тартты.
Кейбір ғалымдар балбалды асқа сойылған малдың басын ілу үшін жасалған тұғыр десе, Осы ғалымдар оны өлтірілген адамдардың символы деп тұжырымдаған.
Балбалдар жайлы нақты деректерді түріктердің өздері яғни Күлтегін, Білге қаған тастағы мәтіндерінде айтылған.
Елтеріс Құтлығ қаған қайтыс болғанда оның киелі орнына тоғыз оғыздың бас қағаны балбал тіккен. Мәтінде “ Әкем қағанға Баз қаған балбалын бас етіп тікті дейді.” Білге қаған “ Алып ерлерін өлтіріп балбал қыла бердім” деседі. Яғни түріктер өздерінің қолымен өлтірген жауларының мүсінін өздері қайтыс болған киелі кешенге орнатқан. Оның себебі монгол түрік халықтары Ұлы адамның қасиеті өлгеннен кейінде киелі деген ұғым оларда берік болған. Түркілер өздері өлтірген адаамға аруақ ретінде қараған. О дүниелік адам ол аруақ, оны қорлауға болмайды. Жау болсада аруақты құрметтеу керек. Бұл Тәңірлік діннің міндеті. Осы дүниеде Баз қаған Елтерес қағанға қызмет етті, о дүниеде қызмет етеді. Бұл Тәңірлік діннің уағызы. Оның белгісі балбал мүсін екі қолын кеудесіне қойып қызмет етіп құлдық ұрып тұр.
Махмүд Қашқари Диуани лұғат ат түрік
«Диуан луғат ит-туркте» камтылған сөздер -- түгелдей түрк!
тілдеріне тән сөздер. Бірақ ол сөздердің түсінігін Махмуд Қашқари
араб тілінде жазған.
«Диуан»--XI ғасырда, Қарахан дәуірінде жазылған мұра. Ав-
торы - Махмуд ибн ул-Хусаин ибн Мухаммад ал-Қашқарн (Мах-
муд Қашқари) - Махмуд Қашқаридың өмірі туралы мәлімет өте
жұпыны. Оның өміріне тікелей қатысты негізгі дерек әлемге әйгілі.
«Диуану луғат ит-түрк» деп аталатын еңбегі ғана. «Диуандағы»
мәліметке қарағанда, М. Қашқаридың бұл сөздіктен баска тағы бір
«Қитаб-и джавахир ан-нахв фи луғат ат-турк» («Түркі тілдері син-
таксисінің қымбат қасиеттері») деп аталатын еңбегі болған. Бірақ
бұл еңбектен ешбір дерек жоқ.
Махмуд Қашқаридың әкесі - Барсағандық рудан шыққан
адам, кейін Қашқарға көшіп барған. Махмуд сонда туған болу ке-
рек. О. Прицактың есебі бойынша, Махмуд Қашкари 1029 жыл
мен 1038 жылдар арасында туған, Қарахан әулетінен шыққан, өйт-
кені оның әкесі Хусаин бин Мухаммед Маверен ахрды жаулап алу-
шы Барсағанның әмірі Бағра ханның (Харук бин Сулейманның)
немересі деп танылады.
Махмудтың өзінің айтуынша, «Диуанды» жазудан бұрын ол
түріктердің барлық елі мен даласын түгел аралап шыккан.
Махмуд Қашқари «Диуанға» тек түркі тіліне тән сөздерді ғана
енгізуді мақсат еткен. Сондықтан бұл сөздіктен түркі халқының кнім-кешек пен үй жиһаздары, құрал-саймандар мен шаруашылық бұйымдары, қару-жарақ пен музыкалық аспаптары, туыстық атаулары мен рулар, атақ-дәрежелері атаулары, тағам аттары мен хайуанаттар, өсімдіктер мен әлем аттары, ай және күн аттары мен калалар, аурулар мен дәрі-дәрмектер, ойын-сауық және салтка байланысты, тағы да басқа алуан түрлі салаға бөлініп жатқан сөздерді табуға болады.
«Диуанда» 29 тайпаның аты аталады. М. Кашқаридың картасы бойынша, олар мекендік жайларының ыңғайына байланысты Румнан бастап Шығыска карай; ең алдымен беченек, одан соң кыфчак, огуз, йемек, башғырт, басмыл, кай, йабаку, татар, хыркыздар орналаскан; ары карай чигель, тухси, йағма, уграк, чарук, чомыл, уйғур,тангут, хытай, тавчачтар орналасқан болып шығады.
Түркі тілдерін топ-топқа бөлгенде (классификациялағанда),М. Қашқари қазіргідей олардың бір-біріне туыстық жақындығы емес, сол тілдің табиғи тазалығы тұрғысынан, басқа тілдер әсерінің каншалықты ықпал еткені тұрғысынан қараған.
Ұлы бабамыз аталмыш кітабына арнайы тәртіппен 6800 түркі сөзін топтастырып (110 жер-су атына, 40 ел мен тайпаға)араб тілінде анықтама-түсінік берген. Қітапқа інжу-маржан екі және төрт жолдық 242 шумақ бәйіттер мен 262 мақал-мәтелді мысал ретінде пайдаланған. Бір ғажабы «Диуанға» енген 875 сөз бен 60 мақал-мәтел қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылып келеді екен.
Бухси - бұл тамақ бидайдан жасалады. Қайнатып алынған бидайға бадам дәнін қосады. Оған бал мен сүтті араластырып құйып, ашытады. Дайын болғанда бидайын жеп, суын ішеді.
** *
Тутмач - түріктердің атақты тағамдарының бірі. Бұл тамақ Зұлқарнайынның кезінде пайда болған екен. Зұлқарнайын кезекті бір соғысын аяқтаған кезде жасағының азығы таусылайын деп қалыпты. Олар: Бізні тутма ач - Бізді аш ұстама деп жалбарыныпты. Бізді босат, елімізге -- үйімізге кетейік дейді. Зұлқарнайын данышпандарымен кеңесіп, ақыры осы тамақты ойлап тауыпты. Бұл тамақ денеге қуат беріп, адамның өңін қызартады. Әрі құрсағында ұзақ сақталады. Оның қоюын жеп, сорпасын ішеді. Түркілер бұл тамақты Тутмач деп атаған. Мұның түп негізі Тутмач -- Аш ұстама. Екі «А» әріпінің қосылып айтылуынан Тутмач болып кеткен. Мұның мағынасы өзіңді аш ұстамай, осы тамақты пісіріп же деген болады.
Кемач- кулге кемiп пicip1лген нан.
Кузмэн- кембеш нан.
Токуч - токаш нан.
Сузмэ - сузбе, катык.
Сармусак, -- сарымсак.
Тузлук - туздык, туз салатын ыдыс.
Катма йуга - майга nicipiлген жука каттама нан.
Достарыңызбен бөлісу: |