ТРИЗ технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі.
Құрастырғандар: Ұ.Мамекова №7 яслибақша меңгерушісі
Г.Манджекова №7 яслибақша әдіскері
Пікір жазған:
Х.Т. Наубаева - І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік
Университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
орталығының директоры,
психология ғылымының докторы.
Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу үрдісінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігімен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп, танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Осы себептен білім ордасы балабақша, ал бала бақшаның жаны тәрбиеші болғандықтан ұстаздың алдында кәсіби шеберлікпен қатар оқытудың әдістерін зерттеп, нәтижеге жету мақсатында №7 ясли бақшасының іс-тәжірибесі көрсетілген « Мектепке дейінгі оқу тәрбие үрдісі барысында Триз ойындары арқылы баланы жан-жақты дамыту» тақырыбындағы әдістемелік құралын ұсынып отырмыз. Құралда балабақшаның таңдалынып алынған мәселесі бойынша теориялық негізі, балалармен өткізілген ой-дамыту жаттығулары, үлгі сабақтар ,жыл бойына тәрбиешілердің өткізген ашық сабақтары және триз технологиясының тиімділігін көрсететін диагностикалық даму картасы ұсынылған. Сонымен қатар балабақша педагогтарының ашық сабақтары мен мерекелік іс-шаралары көрініс тапқан.
Кіріспе.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер мен заманауи балабақшалар мен мектеп жасына дейінгі оқу мен тірбие мәселелеріне зор көңіл бөлуде. Атап айтқанда, болашақ жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың ден саулығын нығайту,адамгершілік, имндылық қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортыны тану,ондағы құбылыстарды байқау,математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілетін жетілдіру және оның сапасын арттыру көзделіп отыр.Осы орайда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың ненегзігі мақсаты және міндеттері бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру. Замана қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту сұраныстарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет. Осы мақсаттарға жеткізетін сара жолдың бірі-балабақшада жаңаша оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұғымдардың бірі иновациямен байланысты. Иновацияны жете түсініп иновациялық әдіс-тәсілдерін балабақша өмірінде кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады деп ойлаймын.
Тәрбие мен білім беруді жаңаша ұйымдастырудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып, оның жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету және айту, құрудың негізгі жолдарын талдап зерттеу керек ететінін анық. Қазіргі заман талабына сай балабақшада оқу- тәрбие жұмысын жаңаша құруды қалап жүзеге асыруға болады. Әрине, ол мектепке дейінгі жастағы балалардың даму ерекшелігін ескеріп, шаршатпай ойната отырып, тәрбие мен білім беруді қажет етеді.
Неміс психологы В.Штерннің есептеуінше, бала сәби шағында «осыған керек болад-ау» деген ұғыммен білім мен тәрбие алмайды және шартты түрде ұмтылмайды. Үш жасқа дейін «өз жоспары» бойынша, бес –алты жасқа келгенде ғана үлкендердің қозғауымен жүретін есту процесіне саналы түрде қатысады. Ол кезде тәрбиелі жұмысты оның психикалық даму ерекшелігін ескере отырып жүргізілгені абзал.
ТРИЗ технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі.
Кейбір адамдарды әлсіз, дәрменсіз шешімдердің қанағаттандыратыны өте өкінішіті жағдай. Есесіне олар күнделікті үйреншікті шешімдер.
Г. С Альтшуллер
ТРИЗ- бұл обьективті заңдылықтардың даму жүйесін зерделейтін және проблемалық шешу әдістемесін әзірлейтін ғылым.Техникалық шығармашылық әдістемесі өндірістегі интеллектуалдық өнімділікті жоғарлату үшін қажеттіліктен туындаған әдіс.Ол екі концепцияға сүйенеді. Бірінші жағдайда ерекше ойлайтын дарынды адамдарда шабыты келген кезде ойлап, табатын ерекше туынды. Бұл көбейтуге зерделеуге келмейді.Екінші жағдайда жасанды жүйенің өзгеруі адаманың субьективті еркіне сүйене отырып жүргізілмейді,обьективті заңдылықтаға сүйенеді. Бұл технологияның негізгі,техникалық жүйелер қалай болса солай емес,белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді.Ол заңдылықтарды танып білуге болады.ТРИЗ жаңа ойларды нақты бір ғылымға айналдырады.Себебі ол, логикалық шешімдерге сүйенеді. Триз технологиясының негізгі мақсаты:
Техникалық амалдарды шешуге.
Жүйелі ойлауға.
Икемді ойды дамытуға.
Қайталанбайтын логикалық құрылым жасауға.
Қазіргі заман талабына сай тәрбиелеумен білім берудің негізгі мақсаты баланың шығармашыл, жеке бас болып дәстүрден тыс әр саладағы мәселелерді шешуге бейім әрекет ете алатын баланы тәрбиелеу болып табылады. Сол себепті оқыту мен тәрбиелеуде дәстүрлі түсіндіру, көрсету әдісін қазіргі даму заңдылықтарын ескере отырып, жеке бастың дамуына бейімделген белсенді әрекет етуші технологияға ауыстыру уақыт талабы.Бұл талап тек мектепті ғана қамтып қойған жоқ,балабақшаныда қамтыды. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелер жаңа технологияларға белсенді бейімделіп, араласып келеді. Мектепке дейінгі балалардың жасы, ерекше жас.Бұл кезде әр баланың шығармашылық қабілетін өз еркінен тыс ашуға мүмкіншілік бар. Мектепке дейінгі баланы дамытуда екі психологиялық үрдісті қамтиды.Елестету- бұл нақты білімді негізге ала отырып жаңа идеяларды тудыра білу, жаңа обьектілердің бейнесін жасау.
Қиялдау – бұл да жаңа, бірақ, ертегідегі шындыққа ұласпайтын таңғажайып обьектілердің бейнесін нақты білім негіздеріне сүйене отырып ойдан шығару.
Мектепке дейінгі тәрбиеге бейімделген ТРИЗ технологиясы «Барлық жағынан да шығармашылдық» ұранымен жұмыс істейді.ТРИЗ бұл тәрбиешіге нақты әдістемелік ұсыныстары бар сабақ құрылымдары мен ұжымдық ойын бағдарламасы. Триз бағдарламасын нақты іске асыру үшін балаға ойын,тақырып таңдауда еркіндік беру керек. Сол кезде ғана ол заттардың құрылысымен танысып қарама-қайшылықтарын түсінеді,түйіткілдерін шешуге үйренеді. Мектепке дейінгі баланың қарама- қайшылықтарды шешіп үйренуі –шығармашылық ойлаудың кілті болып табылады.Балалармен жұмыстың негізгі әрекеті педагогикалық ізденіс. Педагог балаларға дайын білімді бермейді.Сол білімге жету тәсілдерін көрсетіп,өз еңбектерімен жетуге тәрбиелейді. Балабақшада триз технологиясын қолданудың негізгі мақсаты:
Өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Баланы дәстүрден тыс ойлауға үйрету.
ТРИЗ әдістемесі бойынша төрт деңгейден өту арқылы біз мақсатқа жетеміз:
1. Алдымызға мәселе аламыз, сол мақсаттың нақтылығын анықтаймыз.
2. Қарама-қайшылықтарды анықтау.
3. Қарама-қайшылықтарды шешу.
4. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін баланың алдына амалдарды ұсынамыз.
Мысалы: Сүзгішпен суды қалай тасуға болады.Сүзгіш болғандықтан ол су болмау керек.Ендеше су қандай жағдайда болғанда тасуға келеді. Су өз бетімен ағып кетеді. Не істейміз?
Жауабы біз суды қатырып сүзгішке салуымыз керек.Бұл деңгейде бала өз бетімен бір жаңалық ашып шығармашылық қиялы дамиды.Өздері шешім айтуға үйренеді.
Соңғы деңгейде бала әр түрлі әрекеттерді қолдана отырып, өзінің білімін болжампаздығының мәселені шешу жолдарын білуінің арқасында кез-келген жағдайдан шығуды үйренеді.Бұл деңгейде тәрбиеші тек бақылаушы қызметін атқарады.Бала тек өз күшіне ғана сенед.Сондай –ақ тексеру үшін эксперименттік жағдайлар ұсынуға болады,бұл жағдайда бала өзінің тапқырлығын көрсету керек.
Балабақшада ТРИЗ технологиясын қолдану екі мақсатты көздейді:
1.Икемді ойлау,қозғалыс белсенділігі,жүйелілік,диалектикалық дұрыс сөйлеу.
2.Белсенді ізденімпаздық,жаңашылдық,шығармашыл ойлауға талпыныс.
Бірқатар зерттеушілердің ойынша, заманауй интеллектуалдық әрекеттің педагогикалық және психологиялық ойдың негізі, белсенді ізденімпаздық әрекет әдістеріне негізделсе, мектепке дейінгі баланың интеллектуалды әрекеті табиғи үйреншікті болуы мүмкін.Бұл ата-анамен педагогтың күнделікті тәрбие беру барысында баланың танып білуге қызығушылығын ояту қажеттілігін туғызу,өз беттерімен мәселені шешу,нәтижеге жетуге тәрбеленуінің,бағыт беруінің арқасында туындайды.Мектепке дейінгі тәрбиелеуде ТРИЗ технологиясын алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыруда тиімді екені байқалды. Мысалы: «Ұқсастықтарын тап» ойыны арқылы қарама-қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын тауып айту керек.
«Не жетіспейді» деген ойын арқылы баланың есте сақтау қабілеті шынығады.
ТРИЗ әдісін тіл дамыту сабақтарындада қолдану өте тиімді.Триз әдістемесін мектепке дейінгі тәрбиелеудегі тіл дамыту сабақтарында қолдану арқылы төмендегідей көрсеткіштерге ие боламыз:
· Баланың танымдық әрекетін белсендендіру.
· Баланың шығармашылығын көрсетуге мотивациялау.
· Бейнелі ойлауға жағдай жасалады.Сөздік қоры лексикасы молаяды.
· Синоним ,антонимдермен танысады.Тіл құралын кеңінен қолданудың нәтижесі көрінеді.
· Сөйлемнің лексикалық-грамматикалық құрылымын мойындау қалыптасады.
· Ойлау әрекетінде аналитикалық-синтетикалық операциясының икемділігі дамиды.
Тіл дамыту сабақтарында ТРИЗ элементтерін қолдану кезінде төмендегідей дидактикалық принциптерді ескеру керек
1. Таңдау еркіндігі
2. Мәселенің ашықтығы-мәселені шешуде бірнеше жауаптың болуы.
3. Әрекеттілігі-кезкелген шығармашылық жұмысқа практикалық әрекетті араластыру керек.
4. Кері байланыс. Тәрбиеші баланың ойлау операциясын меңгергенін үнемі бақылап отырады.Себебі жаңа шығармашылық жұмыста ол қажет болуы мүмкін.
5. Кіршіксіздік-шығармашылдық мәселе әдеиі құралды қажет етпейді,ол өткен сабақтың бөлімі болуы мүмкін.Бұл баланың мүмкіншілігін,білімін кеңінен қолдануға мүмкіншілік жасайды.
Тіл дамыту сабақтарында ТРИЗ элементтерін қолдану әдістері:
Қуыршақтарды қолдану-қуыршақпен сөйлесу арқылы алға қойған проблеманы шешу.Диалогты сөйлеу,білмегенін сұрау.
Логикалық тапсырмаларда баланың сөздік қорын дамытуға көмектеседі: «Туыстығын тап», «Үшінші артық»-ұқсастығын салыстыру арқылы үшіншісін шығару.т.б.
Сабақтың соңында тәрбиеші қорытынды жасай келе баланың рефлексивті сараптама жасауына икемдейді .
Бүгінгі сабақта не істедіңдер? Жаңа не білдіңдер? Не өте қызықты болды? Нені түсінбедіңдер?- деп тәрбиеші келесі сабаққа жоба жасайды.
Қазіргі кезде техникалық триз әдіс-тәсілдері балабақшада балалардың диалекті ойлауын шығармашылық қиялын,ой ұшқырлығын дамыту үшін кеңінен қолданылуда.Балабақшадағы триздің мақсаты –баланың ой қиялын дамыту,жүйелі ойлауға баулу,болып жатқан жағдайды тереңнен түсіну ғана емес,тәрбиешінің қолына нақты дамыту тәрбиелеу құралын беру.Тәжірибе жүзінде баланың білім сапасын көтеру,шығармашыл жеке бас болып дамуына,айнала қоршаған ортадағы бірлікпен қарама-қайшылықтарды түсінуіне өздерінің кішкентай проблемаларын шешіп білуге үйрену.
ТРИЗ технологиясы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей: Жүйелі жақындау. Компоненттік, құрылымдық фунционалды және генетикалық жақындау элементтері негізінде қоршаған ортаның жүйелі көрністерінің бастауларын қалыптастыру, бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру обьектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы түсінік қалыптастыру. Каталог әдісі. Балалардың кез- келген тандалған сөздің белгілелрін екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету. Қарама-қайшылықты шешу әдісі- ұсынылған заттармен құбылыстарды әр қырынан қарау; Сиқырлы обьектілер әдісі- балаға таныс обьектінің сипаттарын екінші бір обьектіге таңып айту, қолдану; Салыстыру әдісі- заттармен обьектілердің ұқсастық ерекшеліктерін анықтау.
Қорыта келгенде
- Триздің өзге әдістерден, теориялардан ерекшелігі- бұл жеке әдістердің, әрекеттердің, машықтардың жиынтығы емес, бұл көптеген амалдарды шешу, соның ішінде педагогикалық, жаңа идеяларды тауып, әрқашан творчестволық ізденісте болып, әдіс құру талпынысы.
- ТРИЗ әдісін ойлап шығарушылар, шығармашылық педагогиканың жаңа деңгейіне шығуға тырысады-жеке шешімдерді табу үшін емес,балалармен бірге күнделікті жағдайлардың логикалық шешімін дұрыс, сауатты табу принципін құрастыруға тырысады. Балалар мен ересектер мәселесінде айырмашылық жоқ: оның мағынасы жас ерекшеліктеріне қарсы келеді. Ойлау қабілеті дамыған бала өз денгейінде мақсаттарды шешуге машықтанып,өмірге жанжақты болып келеді.
Мектепке дейінгі оқу- тәрбиеде қолданылатын жаттығулар жиынтығы:
«Иә - жоқ» немесе «Менің жасырғанымды тап» ойыны.
Мысалы: Тәрбиеші «Піл» сөзін жасырады. Балалар (Бұл жанды нәрсе ме? Бұл өсімдік пе? Бұл жануар ма? Бұл үлкен бе? Бұл ыстық жақта өмір сүре ме? Бұл піл ме?) деген сұрақтар қояды. Балалар ойлағандарын тапқанға дейін тәрбиеші «иә» не «жоқ» деп жауап береді.
Балалар бұл ойынды үйренгеннен кейін, бір-біріне сөздерді жасырып ойнай бастайды. Олар сан түрлі бейнелер бола алады: «Машина» , «Раушан», «Саңырауқұлақ», «Қайың», «Су», «Кемпірқосақ» т.б. Айналадағы сөздерді ойлап табу жаттығулары балаларға ол бейненің жағымды-жағымсыз жақтарын ажырата алуларына көп көмегін тигізеді. Мысалы: «Жақсы-жаман» , «Ақ-қара», «Айыптаушы-қорғаушы» т.б.
«Ақ-қара» ойыны
Тәрбиеші балаларға ақ үй бейнеленген суретті көрсетеді, ал балалар бейненің жағымды жақтарын атай бастайды. Содан кейін қара үй бейнеленген суретті көрсеткен кезде, олар бейненің жағымсыз жақтарын атайды. (Мысалы: «Кітап».Жақсы- одан көп қызықты нәрселерді білуге болады… . Жаман- ол тез жыртылып қалады… т.б.) Мынандай бейнелерге талдау жасауға болады: «Жұлдызқұрт», «Қасқыр», «Гүл», «Орындық», «Дәрі», «Төбелес», «Ана» т.б.
«Керісінше немесе қайта бұрылу» ойыны. (Доппен ойналады).
Тәрбиеші допты балаға лақтырып, бір сөзді атайды, ал бала сөздің керісінше мағынасын атап допты жүргізушіге қайтарады . (жақсы-жаман, жасау-сындыру, шығу-кіру)
Ішкі және сыртқы ресурстарды табу ойыны.
Мысалы: «Күлшеқызға көмектес».
Күлшеқыз қамыр иледі. Ол қамырды жаяйын деп еді, ол оқтаудың жоқ екенін білді. Ал өгей шешесі оған түскі асқа тоқаш пісіруді бұйырды. Күлшеқыз енді қамырды немен жаяды? Балалардың жауабы: Көршілерге барып, солардан сұрау; дүкенге барып, жаңасын сатып алу; Бос бөтелкемен жаюға болады; немесе домалақ бөрене тауып, оны жуып жаюға болады; қамырды кіші қылып кесіп, үстінен ауыр затпен бастырып қою керек.
Ойынның екінші кезеңінде, балаларға аллгоритмнің көмегімен шешілетін керісінше айтылатын ойындар ұсынылады.
Мысалы: Ғалымдар қоянның жаңа түрін ойлап тапты. Сырт көрінісі бойынша ол бұрынғы қояндар сияқты, бірақ жаңа коянның түсі қара. Жаңа қоянда қандай қиындық тууы мүмкін? Қоянның тірі қалуы үшін, оған қалай көмектесуге болады? Балалардың жауаптары: (Қара қоянды ұстау түлкіге оңай болады… . Әсіресе ақ қарда ол тез көрініп қояды… . Енді оған тек қана жердің астында ғана өмір сүру керек… . Немесе мүлде қар жоқ, қара жерде өмір сүру керек… .Ал оған енді түнде ғана қыдыру керек… . Олар оны қорғау үшін, қоянға бұдан былай адамдармен бірге болу керек… .)
Бала керісінше ойлаудағы «Қосарланған сырды» ойлау қабілеттері дами түседі. Тәрбиеші балаға керісінше ойлаудағы қабілетіне рұқсат беріп, оны дамыту қабілетін оятуы тиіс.Керісінше ойлауға рұқсат беру, баланың ойлау қабілетінің даму сатысындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл үшін мұғалімдер ойын және ертегі тапсырмаларында пайдаланатын көптеген тәсілдер мен толық әдістемелік жүйелер бар.
Сиқырлы бейнелер әдісі - бір немесе бірнеше бейнелердің ерекшеліктерінің басқа бейнелерге ауыстыру.
Мысалы: Доп. Ол қандай? Күлетін, ұшатын, дәмді, түнде ертегілер айтатын… .
Бұл әдіс балаларға ойлап табуды, сөйлеуді, қиялдауды ғана емес, сонымен қатар өздерінің ойлау қабілеттерін меңгере алуға көмегін тигізеді. СБӘ арқылы қиял-ғажайып жануарларды, оларға ат қоюды, олардың ата-анасы кім?, қайда тұрады?, немен тамақтанады?, не болмаса «Қызықты жануарлар» суреттерін, «Пиктограммаларды» ойлап тауып, сипаттауға болады.Мысалы: «Арыстанмаймыл». Оның ата-анасы: арыстан және маймыл. Ыстық жақта өмір сүреді.Жерде өте жылдам жүгіреді, талда жақсы өрмелейді. Жауларынан тез қашып құтылып, биіктегі жемістерді тез, оңай ала алады.
«Жүйелік сараптама» әдісі құрылымдардың анықталған бейнесі арқылы бір-бірімен байланысқан, бір-бірірне міндеттелген әлемді жүйелі түрде қарастыруға көмектеседі. Оның мақсаты-жүйелі және күрделі жүйе, құрылымдарының өзара қатынасын және міндеттердің орны мен атқаратын ролін анықтау болып тадбылады.
Мысалы: «Бақа» жүйесі, Жүйелі бөлікке- аяқтары, көздері, қанайналу жүйесі, ал күрделі жүйе бөлігіне қарастырып отырған жүйе - су алабы кіреді.
Тәрбиеші сұрақтар қояды: «Егер барлық бақалар жоғалып кетсе не болар еді?», «Олар не үшін қажет?», «Олар қандай пайда пайда әкеледі?» (Балалар өздерінің шығарған шешімдерінің жауап нұсқаларын ұсынады). Нәтижесінде әлемде барлығы да белгілі бір жүйе бойынша құрылған , ал сол жүйенің бір бөлігін бұзатын болса, басқа бөліктер (жүйелер) бұзылады деген тұжырымға келеді.
КАӘ (кішкентай адамдармен әдіс) тәсілі-табиғи және қолөнер әлемінде болып жатқан заттар арасындағы қозғалыстарды өңдеу. (қатты-сұйық-газ тәрізді)
«Кесектер» ойыны (мұнда кішкентай адамдар мен олардың қарым-қатынас белгілері бейнеленген) балаларға өлі және тірі табиғаттың заңдылықтарымен танысуға, өз дәрежесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге, алғашқы ашылулар жасауға септігін тигізеді. Осындай «кішкентай адамдар» арқылы балалар «Мұхит», «Жанартаудың атқылауы» т.б. үлгілерін жасайды.
Қиял - ғажайып тәсілдері:
Керісінше жасау. Бұл тәсіл бейненің атауы мен қасиетін қарама-қарсы мағынасына ауыстырады, оларды өзге бейнеге ауыстырады.
Мысалы:Біз жарық барда бейнелерді көре алатын болсақ, қараңғылық бізге оларды көруге мүмкіндік бермейді.
Ұлғайту-кішірейту. Белгілі бір бейнелердің сапасын ауыстыру үшін қолданылады. Оның көмегімен заттың көлемін, жылдамдығын, күшін, салмағын өлшеуге болады. Ұлғайту мен кішірейту шексіз болуы мұмкін.
Ауыспалы- үнемі. Бұл тәсіл бейнелерді ауыстыру үшін қажет. Алдына - ала ненің ауысып тұратынын, ненің үнемі бір қалыпта тұратынын анықтау керек. Таңғажайып бейнелерді жасау үшін «Ауыспалыны» үнемі тұратын бейнеге, ал «Үнеміні» ауысып тұратын бейнеге ауыстыру әдісін пайдалану керек.
Мысалы: Компьютерді «ауыспалы» тәсіл арқылы өзгертсек, оның пішінін басқалай етіп немесе басқа бір затқа айналдыруға болатын еді. Ал адамды «үнемі» тәсілі арқылы өзгертсек, оның бойын бір жасынан бастап өмір бойы бірдей етуге болтын еді. (үлкен адамның бойы)
Мұғалімнің жұмысының негізгі кезеңі-триздік- бұл ертегілермен жұмыс, арнайы әдістердің көмегімен жаңа ертегілер ойлап шығару және ертегілердің тапсырмаларын шешу.
Ертегі бойынша коллаж.
Танымал белгілі ертегісі негізінде жаңа ертегі құрастыру. «Біздің ертегілер кітабымызбен болған оқиғаларға тап болды. Ондағы беттердің барлығы шатасып кетті. Буратиноны, Қызыл телпекті, Бауырсақты сиқыршы тышқанға айналдырып жіберді. Олар қайғырып, бұдан құтылу амалын іздеуге кірісті. Хоттабыч атаны кездестіреді, бірақ ол сиқырлы сөздерді ұмытып қалыпты...» Ары қарай тәрбиеші мен балалардың біріккен шығармашылық жұмысы басталады.
-Танымал кейіпкерлер жаңа жағдайда. Бұл әдіс балалардың ойлау, қиялдау қабілетін дамытады, Балалардың әдеттегідей ойлау қабілетін бұзады. Ертегідегі негізгі кейіпкерлер қалады, бірақ қиял- ғажайып, ерекше жаңа жағдайға тап болады.
«Қаздар мен аққулар» ертегісі. Жаңа жағдай:қыздың алдынан қасқыр шығады.
Ертегілердегі құтқару жағдаяттары.
Мұндай әдіс мүмкін болатын көріністер мен ертегілердің соңын алдына ала құрастыруға қызмет етеді.
Бала құрастыра алудан басқа, қиын жағдайдан жол тауып шығу жолдарын үйренеді.
«Бір күні марғау жүзіп көрейін деген шешімге келді. Ол жағадан өте алысқа жүзіп кетті. Кенеттен дауыл басталып, ол суға бата бастады…» Марғауды құтқару үшін өз ойларыңды ұсыныңдар.
Жаңа ертегілер. Бұл әдіс, таныс көріністерге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі.
Ескі ертегі-«Кішкентай-Аймүйіз(сиыр)» Ертегінің жаңаша түрі- «Аймүйіз-қатал, жалқау»
«Жандылар» ертегілері: (тамшы және сия)
Ең алдымен балалар сия жасауды үйренеді (қара және түрлі-түсті). Осыдан кейін тіпті үш жастағы балалар оларға қарап бейнелерді көре алады, заттар немесе олардың жеке бөлшектері және «сенің сияң мен менің смям неге ұқсас» деген сұрақтарға жауап бере алады.
«Бұлар кімді, нені есімізге түсіреді?» деген сұрақ қойып, « суретті бастыру немесе аяқтау» арқылы келесі кезеңге өтуге болады. «Жанды» тамшы мен сия бейнелері ертегіні құрастыруға көмегін тигізеді.
Ертегіні модельдеу.
Алдымен мектепке дейінгі балаларды ертегіні заттық- сұлбалық моделі бойынша құрастыруға үйрету қажет. Мысалы, бала фантазиясының бастамасы ретінде затты немесе суретті көрсету керек.
Мысал: қара үй (бұл жалмауыз кемпірдің немесе басқа біреудің үйі болуы мүмкін, ал қара болған себебі онда тұратын адам жауыз болуы мүмкін)
Келесі кезеңде кейіпкерлердің (адамдар, жануарлар, ертегі кейіпкерлері, сиқыр объектілері) дайын сұлбалық бейнесі бейнеленген карточкалар ұсынуға болады. Сонда балаларға тек таңдау жасап, ертегіні ойластыру оңайға түседі. Балалар ертегінің қысқартылған сұлбалық түрін меңгергеннен кейін, олар өз беттерінше модельді тірек ретінде қолданып, ойластырған ертегі желісін бейнелеп айтып бере алады.
Триз әдісін қолданушы педагогтың жұмысы балаларға «Киімдердің өткеніне саяхат», «Ыдыс өзінің туған күні жайлы әңгімелейді», «Қарындаш тарихы» сияқты тарихи тақырыптарда әңгіме ұсыну және қарастырылып отырған объектінің уақыттық дамуы ылғи да жетілдіру керек екендігін, ойлап шығару керектігінің себебін түсіндіру.
Мектеп жасына дейінгі балалармен серуендеген кезде балалардың қиял-ғажап сезімдеріне белсенділік тудыратын алуан түрлі тәсілдерді қолданған жөн. Мысалы: жандану, табиғат заңдылықтарының өзгеруі,бейненің ұлғаю, кішірею дәрежелерінің әсері.
Мысалы, тәрбиеші балаларға былай дейді: «қанеки талды тірілтейік: Оның анасы кім? Оның достары кім? Ол желмен неменеге дауласып жатыр? Тал бізге не айталады?» Эмпатия (біреудің көңіл-күйін сезіну) әдісін де қолдануға болады.Балалар өздерін бақылаушы ретінде сезінеді: Ал егер сен гүлге айналсаң не болар едің? Сен нені армандайсың? Кімнен қорқасың? Кімді ұнатасың?
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін, олардың метепке баруға дайындықтарын нығайту үшін, өз беттерімен ойлау қабілеттерін арттыруға дамыту ойындарының маңызы орасан зор.
Дайындық кезеңі.
«Суретті аяқта» , «Құрылысты аяқта», «Геометриялық пішіндерден сурет құрастыр», «Бұл неге ұқсайды?», «Ұқсастықтарын тап», «Айырмашылығын тап», - деген сияқты ойын жаттығуларынан бастауға болады. Шығармашылықты,елестетуді, өзін-өзі билеушілікті, көңіл бөлуді, тез түсінуді одан әрі дамыту үшін жұпты таяқшалар тапсырмасы ұсынылады.Бас кезінде жай түрі (6,12 таяқщадан жай үйшік жасау), одан кейін күрделі түрі (қай таяқшаны ауыстырғанда ұй теріс қарап тұрады?) Негізгі кезеңде толықтай бас қатырғыш ойындарды (арифметикалық, геометриялық, әріптік, жіппен) шахматты пайдаланып, жұмбақтар ойлап, кроссвордтар құрастырып және оларды шешу қажет. Жұмбақ- бұл адамның миына өте пайдалы жаттығу, жақсы ойлай білуге және білімді толықтыруға деген маңызды қадам болып табылады.
«Жұмбақшылар-Білгіштер» Соққылаған ағашты.
Сонша кім екен қарашы.... (тоқылдақ)
Өзі нарттай қызыл екен,
Дәмі де оның ...... екен...(қызанақ)
Мұндай жұмбақтар балаларға қатты ұнайды және олардың көңіл –күйлерін көтереді, ойларын жинақтауға көмектеседі, ойлау қабілеттіліктерін арттырады. Балаларды білімділікке баулуға, ізденіске үйретуге жаттығу ойындары көмектеседі: «Не артық?», «Басында не, соңында не?», «Бос тор көзге қай пішінді орналастырған дұрыс?»
Ойындар: «Логикалық поезд», «Үлкен Лу-Лу» Балалар олардың өзара байланыстарын түсіндіре отырып, берілген суреттерден сөздер құрайды.Мысалы: кітап,тал,жөке,шай,стақан,су,өзен,тас,мұнара,ханшайым т.б. Балаларды мектепке толықтай дайындау кезіндегі тапсырмалар мен жаттығулар: Жалпы түрде дамыту; ойлау қабілеттерінің босаңдығын тексеру; қиялл-ғажйып әркеттерін пайдалану.
Мектеп жасына дейінгі баланы ТРИЗ әдісі бойынша дамытуға арналған ақыл- ой жаттығулары.
«Ақыл-ой » жаттығуының жиынтығы.
№1 Жаттықтырғыш
1.Сөздерді сол ретімен қайтала (6 сөзден кем емес) Терезе, кеме, қалам,киім, сағат;
2.Сенің ас үйің қандай екенін есіңе түсір. Онда кірмей тұрып көрініп тұрған 10-15 заттың атын атап бер. (Бұл жерде олардың нақтылықтары: түсін, көлемін, ерекше белгілерін анықтауға болады).
3.Бұл сөздердің ішінде біреуі артық. Қайсысы ?- Нан, кофе, үтік, ет. Неге ?
№2 Жаттықтырғыш (Сандармен жаттығу) 1.Математикалық белгілерді пайдалана отырып 0, 2, 5..., сандарын қалай алуға болады. 2.2, 4, 6..., деп, сандық қатарды жалғастыр. 3. Сұрақ белгісінің орнында қандай сан болуы тиіс? (Баған бойынша санау керек)
358 61? 141
4. «Қаңқа» ойыны. Анықталған дауыссыз әріптерді оқу ұсынылады. Мысалы: ҚЛП немесе БР. Енді осыдан сөз табу үшін бізге дауысты әріптерді қосу кажет болады. Нәтижесінде мынадай сөздер пайда болады: ҚЛП (құлып, қалып) БР (бар, бер, бор,беру)
5. (Серуеннен кейін ) Қиын тапсырма. 1.Серуендеу кезінде неше ер адам, неше әйел адам, неше бала көрдіңдер немесе кезіктірдіңдер? Қанша машина тұрды, қаншасы қастарыңнан өтті? Әлдебіреулер итпен қыдырды ма? Оны суреттеп бер. Көшеде велосипедшілер болды ма? Баланың арбасын сүйреткен адамдар болды ма? Суретті қара да, әңгіме құрастыр . Мысалы: Саяхатшы өзінің сөмкесін жинайды: балтасын, пышағын , арқанын дайындады, екінші бәтеңкесін әлі таба алмай жүр. Ал сағатына қарас, ол 15 минуттан кейін жолға шығу керек, т. б. (Қоңырау, саты ағаш, тәж, алма салынған себет, құмған, тарақ, раушан гүлі, жылан, балта, сандық ) суреттерін пайдалана отырып, ертегі құра.
№3 Жаттықтырғыш.
Сөздері бір әріптен басталатындай етіп, газет бетіне жарнамалық хабарландыру жаз.Мысалы: Базардағы біздің бөлімшеде биыл Бурабайдан Берік берген, бұралып би билейтін, бозғылт бұлбұл бар. Жеделхаттың мәтіні: Алайда,ағасына айтып ақшасын апарып алушылар, асығыңыздар.
Сөз тізбегін құра (құрама,одақ) Негізгі сөз. Кітап,жапырақ,тал,жөке,шай
№4 Жаттықтырғыш.
Ойлау қабілетінің босаңдығын тексеру. Тапсырма сұрақтарына тез жауап беруге тура келеді. Бұл үшін көп ойланбау керек.
Екі қолда неше саусақ, ал төрт қолда неше саусақ?
Шалшықта отырып алып, француз тілінде сөйлейді. Бұл кім? (Бақалар қашаннан бері, керек десең француз тілінде сөйлейтін болған. Түсіндіріп көр.)
Өзенге екі адам келді. Біреуі арғы жағалауда тұр. Егерде бір орынды бір қайық болса. Дала айтарлықтай суық. Дегенмен әлі қыс түсе қойған жоқ.Өзен де әлі қатып үлгермеген.
Шаруашылық дүкенінде әрі мылқау, әрі саңырау адам сатушыдан балғаны қалай сұрайды? Ал соқыр адам қайшыны қалай сұрамақ?
№5 Жаттықтырғыш.
Жүйелілік және жүйелік талдау.
Әр жолдан артық сөзді тап. Стол, орындық, жылан, жылқы, (жалпы аяқ жүйесінің бөлігі)
Құты, шөлдала,теңіз, аквариум, құмыра (жалпы су жүйесінің бөлігі)
2.Ұсынылған жүйеге сәйкес келетін сөздерді тап:
Орман-аңшы, қасқыр, талдар, бұталар, сүрлеу жол. Өзен-жаға, балық, балықшы, шырыш, балдыр. Қала-машина, ғимарат,көшелер, велосипед т.б.
3.Бір жүйелік жүйедегі «Стол шырағы» сөз тізбегін құрастыр. Ол мынадай тізбек болуы мүмкін: стол, шырағы-жарық-шырақ-әйнек т.б.
№6 Жаттықтырғыш. Қиял –ғажайып тәсілдері. «Келешек» тәсілі.
«Не шығатынын көр». Алыс ғаламшардан өзге ғаламшарлықтар ұшып келіп, біздің қаламызға қонды.Олрдың қандай-да бір зұлым жоспарлары бар. Олар сол жоспарларын жүзеге асру үшін бүкіл қаланың жарығын сөндіріп тастады.Қала қараңғылық кұйге енді. Жаққан жарықтар мен шырақтар дұрыс жарық бермейді.Өзге ғаламшарлықтардың қаланы (елді) басқарып,бұл жоспарларын іске асырмау үшін жарықты сөндірген жерге амалын тауып жетіп, жарық қосып оларға бөгет болу керек.Оны қалай істеуге болады.Олар қараңғылыққа өте жақсы дағдыланған, сол себепті олардың қолына түсіп қалмау керек.
«Ұлғайту» және «Ойластырушы» тәсілі.
Бір күні қала тұрғындары ұйқыдан оянғанда, қаладағы шөптің биіктігі бесінші қабатқа дейін өсіп кеткендігін көрді.Енді не болады? Бұл кімге ұнайды, кімге ұнамайды? Қала тұрғындарында қандай мәселе туындайды? Нәтижесінде қалай болады?
«Кішірейту» тәсілі. Балаларға қаладағы машиналардың көлемін ойыншық машиналардың көлеміндей етіп кішірейту ұсынылады. Ол кезде адамдар көлік мәселелерін қалай шешеді? Кішірейтілген машиналарды адамдар қалай қолданады? «Ақыл-ойға» жаттығуына машықтау қолданысын жүргізгізгеннен кейін шығармашылық ойлауды меңгеру кабілеттіліктерін тексеру мақсатында «ойын рейтингін» жүргізуге болады.
«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! РЕЙТИНГ»
Жұмыста ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін пайдалану кезінде мектеп жасына дейінгі балаларда психологиялық тұрғыдан ешқандай бөгет жоқ екенін аңғаруға болады. Ал ол мектеп жасындағы балаларда кездеседі. ТРИЗ әдісі осы бөгеттерден құтылуға, алғаш көргендегі қорқыныштан арылуға, мектеп және кұнделікті өмірдегі орын алған мәселелерді қабылдауға, және алда күтілетін тапсырмаларды шешуге көмектеседі. Сонымен қатар ТРИЗ әдісі, қоршаған ортадағы пайдалы шешімдерге негізделген, оқып-үйренудің адами қасиеттерін дамытады.
«Кішкентай адамдар әдісі» тәсілі. (КАӘ)
Заттар мен бөлшектердің қарым-қатынас ерекшеліетерін , табиғи құбылыстарды нақты сезіну үшін синектика (мәнді және жеке аналогиямен) негізінде жасалған әдіс. Бұл әдіс –кішкентай адамдар әдісі деп аталады. (КАӘ)
Бүл әдістің құрылымы КАӘ біздің айналамызда қаптаған кішкентай адамдардың бар екенін елестету негізінде құрылған. Неге адамдар, неге заттар, ұсақ бактериялар, атомдар емес? Өйткені кішкентай адамдар ойлай алады, іс-әрекет жасай алады, өздерін әртүрлі ұстай алады. Олардың мінездері және әдет-қылықтары әр түрлі, олар сан түрлі бұйрықтарға бағынады.
Үлгілерді қатарға тұрғызу белгілері.
«Кішкентай адамдар» қатты денелі, бір-бірінің қолынан мықтап үстай алады.
«Кішкентай адамдар» сұйық денелі, олардығ қолдары түсірулі.
«Кішкентай адамдар» газ тәрізді, олар жан-жаққа жүгіруде.
«Кішкентай адамдар» әдісі.
Балалармен бірге алдымызға мақсат қойып, ойласақ және бірге сурет салсақ, онда белгілер оларға түсінікті болады және естерінде тез сақталады. Бірақ сақтайтын белгілі бір ережелері бар.
Келбетті ұстау үшін ағаштан, тастан, шыныдан, матадан, пластмассадан жасалған кішкене адамдарға тән ортақ мінездері болады. Олар бір-бірінің қолдарынан ұстайды, алайда шыныдан жасалған кішкене адамдарға қарағанда тастан жасалғандары мықтырақ болады. (Суретте көрсетілгендей олардың қолы төмен түсірулі)
Сүттен, шайдан, судан, кисельден жасалған, яғни «тамшы» адамдар оларды құйған ыдыстың келбетін сақтайды. Олар бір-бірінің қолдарынан ұстайды, қолдары белдерінің тұсында және олар қатар тұрып бір бағытта қозғалады.
Ауадағы кішкене адамдар үнемі қозғалыста болады: олар қай кезде де бір жаққа ұшып бара жатады(газ, түтін,иіс т.б.) Олар кез-келген белгіде болуы мүмкін, ең бастысы олар қозғалыста болуы керек.
«Кішкентай адам» әдісі.
Кішкене адамдар секілді үлгілер жасау кезінде төмендегідей көріністерді ұсынуға болады:
Сыртқы сызбалары жасап отырған үлгі берілетін нақты үлгі.
Алдағы ресурстарды тез арада көрсете алатын үлгі тапсырмалыры.
Бөлшектерін ауыстыруға болатын үлгі.
Ішкі заттардың тұтастығын көрсететін кішкене адамдардың аз мөлшердегі сапасы.
Мектеп жасына дейінгі баланы ТРИЗ әдісі бойынша дамытуға арналған сабақ үлгілері.
№1 Сабақ
Ауа-райындағы қарама-қайшылықтар.
1.Тәрбиешінің көмекшісімен танысу.
2.Ауа-райы жайлы ойыншықпен диалог.
3. «Күн және жаңбыр» қимыл ойыны.
4.Балалармен ауа-райындағы қарама-қайшылықтар туралы талқылау.
5.Қорытынды шығару.
№2 Сабақ
Заттардағы қарама-қайшылықтар.
1.Әр түрлі белгілері бойынша ойыншықтарды сұрыптау.
2. «Жан-жаққа қаштық» қимыл ойыны.
3.Заттардағы қарама-қайшылықтар туралы талқылау.
№3 Сабақ
Заттардағы қарама-қайшылықтар. (жалғасы)
1. Мамандықтар жайлы әңгіме.
2. «Үйретуші» ойыны.
3. «Дүкен» дидактикалық ойыны.
4.Қорытынды шығару.
№4 Сабақ
Жағдайларындағы қарама-қайшылықтар.
1. Аурудағы қарама-қайшылықтар.
2. «Суық тию» ойыны.
3.Жағдайға сараптама жасау.
4.Қорытынды шығару.
№5 Сабақ
Көлемдегі қарама-қайшылықтар.
1. Проблемалық жағдайларға сараптама жасау.
2. «Үлкен және кіші» ойыны.
3. «Ретімен қой » ойыны.
4. Қорытынды шығару.
№6 Сабақ
Сападағы қарама-қайшылықтар.
1. Проблемалық жағдайларға сараптама жасау.
2. «Көп және аз» ойыны.
3. Сападағы қарама-қайшылықтар.
4. Қорытынды шығару.
№7 Сабақ
Нышандардағы қарама-қайшылықтар.
1.Қыстағы қарама-қайшылықтар.
2.Көңіл бөлуге ойнау.
3.Проблемалық жағдай.
4.Қорытынды шығару.
№8 Сабақ
Қарама-қайшылықтар бойынша талдап қорыту сабақтары.
Қарама- қайшылықтарды көрсете білу.
Қорытынды шығару
№9 Сабақ
Адамның бір жүйелілігі.
1. «Жинастыру жұмысы»
2. «Қол, аяқ, бас» ойыны
3. «Не-не үшін?» талқылау.
4.Қорытынды шығару.
№10 Сабақ.
Заттардың бір жүйелігі: «шайнек» бейнесі.
1. «Қай шайнек мықты» талқылау.
2. «Шайнекті толтыр» эстафеталық ойыны.
3. Бір жүйелілікке сараптама жасау.
4. Қорытынды жасау.
№11 Сабақ.
Заттардың бір жүйелігі: «машина» бейнесі.
1. Бір жүйелілікке сараптама жасау.
2. «Бағдаршам» ойыны.
3. «Белгіленулері бойынша машиналар қандай болады» талқылау.
4. Қорытынды жасау.
№12 Сабақ.
Бір жүйелілік бойынша талдап-қорыту сабағы.
1. «Құрағыштар» талқылау.
2. «Кім көбірек» ойыны.
3.Жұмбақтар құрастыру.
4.Қорытынды жасау.
№13 Сабақ.
Кішкене адамдар әдісі.
1. «Қандай зат бөліктерге бөлінбейді?» талқылау.
2. «Қатты заттарды ата» ойыны.
3. Кішкене адамдармен ............
4. Қорытынды жасау.
№14 Сабақ.
Қатты және сұйық кішкене адамдар.
1.Проблемалық жағдайларын шешу.
2.Қатты және сұйық заттарды салыстыру.
3. «Қатып қал» ойыны.
4. Жағдайының үлгісін жасау.
ТРИЗ әдісі бойынша жаттығулар.
Үлкен әпкесі бөлменің есігін жауып алып, бауырын кіргізбеді. Балаға бұл мәселені қалай шешуге болады.Анасына шағымдануға, есікті тарсылдатуға , жылауға … болады. Бала керемет әдіс ойлап тапты. Ол столды есікке апарып тіреді де, «Болды есікті тіреп тастадым, сен енді шығалмайсың» деді.Есік бірден ашылды. ТРИЗ әдісі мектепп жасына дейінгі балаларға мәселелерді шешудің қалыпсыз және әрекетті жолдарын табуға бағытталған.
Заттың іс- әрекеттерін ашуға арналған жаттығулар.
«Не істей алады?» Жүргізуші заттың атын атайды, ал балалар ол не істей алатынын айтады.Мысалы: велосипед дөңгелей алады, жүк таси алады, құлай алады.Оны бөлшектеп сатуға, айырбастауға, сыйға тартуға т.б. болады. Балаларға затты қиял-ғажайып әлеміне егізуді ұсыныңыздар. Мысалға, велосипедті Қызыл Телпекк «сыйға тартуға болады.» Велосипед оған қалай көмектесер еді?
«Менің достарым». Жүргізуші белгілі затқа «айналады» да өзіне дос іздейді. Мен – сулықпын. Яғни менің достарым - суда өмір сүретіндер. Балалар жүргізушінің қасына келіп ,соған сәйкес жауап береді.
ТРИЗ әдісі бойынша топтағы балалармен жұмыс істеген жақсырақ. Себебі олар бір-бірінен үйренеді. Ал, тек анасымен бірге орындаған тапсырмалар балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыпсыз жағдайда дамытады.
Жағдаяттардан шығудың жолын табуды дамыту жаттығулары.
«Не болған-неге айналды». Балаларға аталған заттан дайындалған нәрселерді атап, ұсынуға болады.
-Талдан не жасалынған? (қағаз, жиһаз, сіріңке).
-Дән болған, ал енді (тал) болды.
-Не көп болған,бірақ аз қалған? (Жұлдыздар, өйткені олар күндіз көрінбейді;қар , өйткені ол еріп кетті)т.б.
-Жасыл болған , сарғайып кетті. Ол не?
Тапсырмалардың нұсқасы: Заттарды атаймыз, ал балалар оның неден жасалғанын айтады.
«Кішкене поезд» Балаларға әртүрлі кезеңдегі заттар бейнеленген сурет карталары ұсынылады. Мысалы: дән, сабақ, ұн, қамыр, тоқаш. Балалар «кішкентай поезд» құрайды.Тапсырманың нұсқалары көп, оның барлығы «бұрынғы бейне», «қазіргі бейне», «келешектегі бейне» деген түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.
Бейнелер мен олардың әдіс, амалдарынының арасында байланыс тудыру жаттығулары.
«Күлшеқызға көмектес» (тапсырманы шешудегі ішкі және сыртқы әдіс,амалдарды табу)
Қатал өгей шеше Күлшеқызға түскі асқа тоқаш пісіруді бұйырды. Күлшеқыз алдымен қамыр иледі, ішіне салатын салманы дайындады. Енді оған қамырды жаю керек, бірақ еш жерде оқтау жоқ.Мүмкін Тұймеқыздың қытығына тию үшін қаскүнем әпкелері оқтауды әдейі тығып тастаған болар.Енді не істеу керек?
Нұсқалары: көршілерден сұрау, дүкеннен сатып алу, ағаш бұтағынан өзі жасау, бөтелкемен жаю немесе тоқашты қолдан жасау.
«Ертегілерден коллаж жасау»
Керемет орманда Дымбілмес, Бауырсақ, Буратино өмір сүреді. Бір күні Бауырсақ орманға саңырауқұлақ теруге барып, қайтып оралмайды. Дымбілмес пен Буратино оны іздеуге барады. Олардың алдынан қатты жылап келе жатқан Қызыл Телпек кезігеді... .
Одан кейін ертегі баланың қатысуымен жалғасады.
«Таныс кейіпкерлер жаңа жағдайда». Балаларға ертегі кейіпкерлерінің басқа жағдайдағы іс-әрекеттерін ойластыруды ұсынамыз. Мысал.Вини-пух орманнан шәркей тауып алып, оны киіп көрмек болады.Бірақ ол шәркейдің сиқырлы екенін білген жоқ. Африкадан бірақ шығады. Айналасы толған пальмалар мен тропикалық өсімдіктер. Қонжық бәріне таң қалып келеді. Бір кезде лаулап жанған отты көреді.Оттың айналасында Бармалей шапқылап жүр.
«Аукцион». Аукционға алуан түрлі заттар қойылады. Олар шынайы немесе сурет түрінде болуы мүмкін. Балаларға оларды пайдаланудың мүмкіндіктерін суреттеу қажет. Кім қолдану әдісін соңғы болып ұсынады, сол алады.
-Қасық пен не істеуге болады? (Тамақтануға, араластыруға қазуға т.б.)
Диагностика
Жыл бойына жас ерекшеліктеріне қарай дамыту жаттығулары таңдалынып алынып жыл басында және жыл аяғында даму деңгейлерін анықтау мақсатында диагностика жүргізіледі.
ТРИЗ технологиясы бойынша балалардың таным үрдістерін анықтау.
І-тапсырма.
Ой және ой қорытындысын жасай білу қабілетін анықтау диагностикасы.
Мақсаты: балалардың ой және ой қорытындысын жасай білу қабілетін анықтау.
Нұсқау: Балаларға ауызша есеп беріледі. Бала 1-3 минут жауап беру керек.
1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
Нәтижені бағалау:
1 минут ішінде дұрыс жауап береді.- 5 балл
3минут ішінде дұрыс жауап береді.-4 балл
3 минуттан аса және дұрыс жауап бермейді-3 балл.
ІІ-тапсырма.
Ресурстарды таба білуі және қолдана білуі диагностикасы
Мақсаты: балалардың ресурстарды таба білуі және қолдана білу қабілетін анықтау.
Нұсқау: балалардың алдына карточка беріледі. Суретте кедергілері көрсетілген балық суреттері.Балықтардың сол жаққа жүзгенін-қызылмен, оң жаққа жүзгенін-сарымен боя. Қай бағытқа балықтар көп жүзіп жүр? сұрағына жауап алынды.
Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.
Нәтижені бағалау:
Тапсырманы жылдам 2-3 минут ішінде дұрыс орындайды.-5 балл.
Тапсырманы дұрыс, бірақ уақытты үнемдей алмады.-4балл
Тапсырманы дұрыс орындамады, бірақ уақытты үнемі пайдаланды.-3 балл
ІІІ-тапсырма .
Проблемалық ситуациялардан өз бетінше шешім таба білуін анықтау.
Мақсаты:балалар проблемалық ситуациялардан өз бетінше таба білуін анықтау.
Нұсқау: балаларға ертегі бейнеленген карточка беріледі.Тапсырма балаларға түсіндірледі.
Ертегі терапиясы «Бауырсақ»
Балаларға ертегіні бастап беру қажет,балалар ертегіні жалғастырады.
«Бір күні бауырсақ апасынан да атасынанда қашты...................
Бауырсақ түлкіденде қашып кетті»
Бауырсақ ертегісінің басты кейіпкері кім екен айтындаршы?
Бауырсақты түлкі жемегенде бауырсақ кімді кездесер еді?
Апасы мен атасы бауырсақты көрермет?
Нәтижені бағалау:
3. балл- Көп дыбыстарды анық айта алмайды. Сөйлегенде ентігіп қалады, тыныс алуын және сөйлеу екпінін реттей алмайды. Әңгіме, ертегіні өз ойымен жалғастыруға қиналады, көп сөздердің мағынасын түсінбейді, ырықсыз зейіні басым келеді.бастаған ертегіні өзі түсінбейді. Өз бетінше шешім қабылдай алмайды.
4. балл-Барлық дыбыстарды анық айтады, сөйлеу екпінін реттей алмайды. Кейбір әріптерді анық айтуға қиналады. Үлкендер сұрақтарына жақсы жауап береді, өзі бірінші болып әңгімелеспейді, қойған сұрақтарға жауаптары келеді. Қысқа әңгіменің, ертегінің мазмұнын сұрақтармен жетелегенде айтып береді, қарапайым сөйлемдерді қолданады, мазмұнын толық жеткізуге қиналады, сурет бойынша әңгіме айтуы шектеулі.Өз ойын жеткізе алмайды. Бастаған ісін бітіруге тырсады. Өз бетінше шешім қабылауға қиналады.
5.балл- Тілі анық, тынысы жақсы қойылған, дауысы мәнерлі, қоңыржай екпінмен сөйлейді, әртүрлі сөйлемдерді дұрыс құра алады. Тілдік белсенділігі жақсы дамыған, қарым-қатынас жасауға құмарлығы айқын байқалады. Тіл байлығы жақсы дамыған, ертегінің, әңгімелердің мазмұнын жақсы жеткізеді, күрделі сөйлемдерді қолданады. Айтқан нәрсеге зейін қоюы жақсы, қызығушылығы шексіз, сұрақтары мағыналы.Өз ойын толық ашып жеткізе алады.Өз бетімен шешімді еркін қабылдайды.
Шешімі:
14-15 балл –психологиялық даму ерекшелігі жас ерекшелігіне сай. Ситуациялық пробеламалардан шыға алау және жол табу арқылы баланың жан-жақты креативті ойлау қабілеті толық дамыған.
Барлық жаңалықтарды тез, қызығып меңгереді. Ойын барысында шығармашылық көрсетеді. Шытырман жағдайлардан шығу жолын, тез табады. Жаңа адамдармен тез танысып, жатырқаушылық білдірмейді. Барлық уақытта ізденіс үстінде болады.
11-13 балл-психологиялық даму ерекшелігі жас ерекшелігіне сай. Ойын еркін жеткізе алмайды,ситуациялық проблемелердан шығу жолын табуға қиналады.
Жаңа әрекеттер ережесін тез меңгереді. Күрделі әрекеттерді,ережелерді қиналып меңгереді, сасқалақтық, ұмытшақтық көрініс береді, жаңа ортаға үйренуі қиын
Достарыңызбен бөлісу: |