Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
28
сыйыну сенімі туралы Ш.Уәлиханов “Тәңірі” (Құдай), “Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы” мақалаларында сөз қозғайды. “Аруақ – ата-баба
рухы, басқа қиын-қыстау іс түскенде, жан қиналғанда: “Аруақ, қолдай
гөр, қолтығымнан демей гөр” деп айтады… Аруақтардың рухы бар деп,
ескі жұртты баспайды” (Уәлиханов 2010b: 59). Бұдан әрі ғалым аруақтар
(онгондар) құдіретті күш иелері ретінде тірілерге көмектеседі деген
наным негізінде оларға арнап құрбандық шалынатынына тоқталады.
Ұлықтар мен мықтылар о дүниеге аттанған соң құдіретті аруаққа
айналады. Мысалы, Баба шашты түкті Әзиз – тірісінде қасиетті әулие
ретінде өмір сүрген адам. Бұлардан басқа Қорқыт, Домалақ ене, Арыстан
баб т.б. халық құрмет тұтқан ұлы аруақтарға айналғанына дәлелдер көп.
Аруақтарға сыйыну көне сақ дәуірінде қалыптасқан сенім. “Жерлеу
материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-
рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған”
(Қазақстан тарихы 1996: 231). Аруақты құрмет тұту, олардың қаһарынан
қорқу күні бүгінге дейін сақталған сенім.
Тарихшылар байырғы тайпалардың қайтыс болған адамға екі түрлі
қарау сенімін атап көрсетеді: бірі – оны құрметтеу, оған сыйыну, екіншісі –
руластарға немесе тайпаластарға оның рухы қайтып келіп кіреді деп қорқу.
Өлген адамның қаруын, басқа да меншікті заттарын сындырып, өзімен
бірге жерлеу заттардың да жаны болады, оларды “өлтіру” қажет, өйткені
өлілер елінде де иесіне қажет деген сенім болған. Қазірі археологиялық
қазбалар нәтижесінде табылған Берел, Шілікті қорымдарындағы алтын
адамдар, Үржардағы сақ ханшайымының мүрдесі, Бозоқтан табылған
ханшайымның інжу-маржанмен көмкерілген сәукелесі осыған мысал.
Достарыңызбен бөлісу: