Түркі мифологиясы: типологиялық сипаты, ортақ мотивтер және кейіпкерлер


Түркі және кельт мифологиясындағы ортақ сарындар



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі336,07 Kb.
#95556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
, [#409480]-446963 (1)

Түркі және кельт мифологиясындағы ортақ сарындар. 
Тарихи 
пайымдаулар бойынша, біздің заманымыздан бұрынғы VIII–V 
мыңжылдықтар арасында даңқы дәуірлеген әйгілі түркілер мен 
христиандық кеңістікте Иса пайғамбардың тууынан бес жүз жыл бұрын 
күллі Еуропаны даңқымен дүбірлетіп тұрған кельттер мифологиясындағы 
типологиялық ұқсастықтарды бір ғана жалпыадамзаттық таным 
ортақтығымен ғана емес, басқа жағынан да түсіндіру керек деген 
пікірдеміз. Сондықтан да бұл екі халықтың мифтеріндегі ортақ 
мотивтердің табиғатын таныту – басты мақсат болмақ. Бұл мақсатқа 
жетуде көне дүниенің даңқты екі халқының дүниетанымындағы әлем 
туралы және сол тылсым әлеммен адамдарды байланыстырушы ғажайып 
болмысты қаһармандар, адам баласы ерекше өмір сүретін ғажап мекенге 
қоныстану туралы мифтік танымнан туындаған әңгімелерді мәдени-
тарихи даму, салт-дәстүр, танымдық тұрғыда салыстыра талдап, тиісті 
қорытындыларға қол жеткізу міндетінің орындалуы тиіс.
Ежелгі дүние жазбаларындағы «гиперборейліктер» (грек 
жазбаларында), шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 550-490 жж. 
өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы әрі георгафы Милеттік Гекатейдің 
«Грек тарихының фрагменттері» еңбегінде алғаш рет «кельт» деп 
аталған, еуропалықтар үшін «варварлар» болып танылған бұл халықтың 
мифтік танымдары кейіннен ирландықтар мен бриттардың мәдени 
тарихына жалғасты. Ал, Еуразия құрлығының бәріне табаны тиген, 
әу баста Алтайды мекендеген түркілердің мәдени кеңістігі әлемдік 
руханиятта өзінің салмақты орнын алды. Археологиялық қазбалар, түрлі 
саладағы зерттеулер нәтижесі бұл аталған халықтардың өзара туыстығын 
жоққа шығармайды. Бұл жерде «гиперборейліктер» деген атауды, көне 
гректерше айтқанда, «солтүстіктегі беймәлім таудың, сондай-ақ желдің 
арғы бетін мекен еткен ерекше ел» атын кельттермен бірге түркілер де 
иеленгенін айта кеткен жөн. Желмен жарысқан жүйрік мініп, бес қаруын 


Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
35
Türk Dünyası 43. Sayı
асынып, көшпелі һәм жауынгерлік ғұмыр кешкен ерекше халықтардың 
мекені де ерекше. Арғы қазақ мифологиясын егжей-тегжейлі зерттеген 
С.Қоңдыбайдың пайымына сүйенсек, олардың мекені сипатына қарай 
мифтік кеңістікті мегзейді (Қоңдыбай 2003: 14). Біздің заманымыздан 
бұрынғы ҮІ-Ү бастап мыңжылдықтардан тарих сахнасына шықты 
делінетін баба-түркілердің мифтік танымы күллі адамзаттық мәдени 
кеңістікте орын алатынына ешкім де дау айта қоймас. Осы түркілермен 
өмір сүру салты, ғұрып-рәсімдері, жауынгерлік рухы, рухани болмысы 
жақын келетін кельттерді жақындата түсетін тағы бір нәрсе – бұл екі 
халықтың да гиперборейліктер болып аталуы.
Қаһарлы жауынгерлердің, абыз-друидтардың елі болып саналған 
кельттер еуропа тарихы мен мәдениетіне, өнеріне ерекше ықпал еткені 
белгілі. Ирланд сагалары, мифтері мен аңыздары, валлийлықтар мен 
бриттердің мифологиясы, рыцарлық романдар – бұлардың барлығы дерлік 
кельт мифологиясының «тұнығымен» сусынағаны мәлім. «Жұмбақ өмір 
сүруші жандар» болып аталған кельттердің мифтік баяндары мазмұны 
жағынан аралдық және құрылықтық болып бөлінеді. Ал, түркілер 
мифологиясындағы тұтас кеңістік су (телегей, теңіз, ағыны қатты өзен, 
бұлақ-бастаулар) және шетсіз-шексіз дала болып сипатталады. Бұл жерде 
Ипполит Теннің мәдени танымға ерекше әсер ететін факторлардың бірі 
ретінде географиялық ортаны атайтынын еске алған жөн. 
Түркілер мен кельттер мифтеріндегі басты ұқсас сипат ретінде 
«Ғажайып мекен» жайлы мотивтерді айтуға болады. Негізі бұл мотив 
әлем халықтарының бірсыпырасының мифтерінде кездеседі.
Сонымен, ұшы-қиырсыз ұлы кеңістіктен түркі тектінің іздегені 
– Жерұйық, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын мекен. Жерұйық 
– түркі мәдени кеңістігінде байлық пен ырыстың, бақ пен берекенің
азаттықтың, бақыттың мекені. Жерұйықты іздеуші жиһанкездің 
тұлғасы тарихтағы Асан қайғының іс-әрекетімен сабақтасып жатады. 
Бұл сюжеттің этноархаикалық негізі бар екеніне әбден сенуге болады. 
Мифологиялық ойлау дәуіріндегі ерекше қасиетке ие тылсым мекен 
уақыт өте келе жайлы тұрмыс, құтты қоныс, төрт түлік малға құнарлы 
өріс сипатындағы реалды мекен түрінде трансформацияланады. Бұл 
туралы белгілі қазақ фольклортанушысы Сейіт Қасқабасов: «Мұсылман 
мифологиясындағы жұмақтың сипаты фольклордағы Жерұйық, немесе 
бақытты арал сияқты. Онда, яғни жұмақта адам рахат ғұмыр кешеді. Бірақ 
қоғам мен сана дамып, болмыстың қайшылығы, өмірдің қиындығы өскен 
сайын, адам баласы енді сол жұмақты енді жер бетінен іздей бастайды, 
ол рахат өмірді өлгеннен кейін емес, тірі кезінде көргісі келеді...», – дейді 
(Қасқабасов 2002: 378-379). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет