Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
38
Қарақұс, өзінің балапандарын айдаһарға алдырып алады. Әйтеуір бір
күні айдаһарды өлтіріп, балапандарды аман алып қалатын қаһарман кез
болады. Ол осы еңбегінің өтеуіне құсқа мініп, көк кеңістігіне шығады.
Сөйтіп Адам баласы тынымсыз іздеген мәңгілік мекеніне мегзейтін көк
кеңістігіне қаһарман тірідей сапарлайды. Кельттердің Аваллоны сияқты
түркілердің «мәңгілік тұраққа айналар» Жерұйығына да құдай қалаған
айрықша адамдар тірідей бара алады екен. Бұл сенім кейіннен «тірідей
бейішке еніп кету» мотивімен ұласады.
Кельттердің Аваллонына ұқсас грек мифологиясында айтылатын
Елисей алаңын Гомер «шат шадыман» арал ретінде сеске алады. «О
дүниедегі шат-шадыман арал, бұған құдайға сүйікті болған қаһармандар
барады. Ол жер шарындағы батыстың бір қиырында делінетін Океан
өзендерінің жағалауында орналасқан. Оған Кронос патшалық етеді.
Геракл, Пелей, Ахилл, Кадм, сондай-ақ бейбіт ниетті титандар осы
мекенде. Ешкім егін екпесе де мол өнім алады. Ауру, қайғы деген
атымен жоқ» (Елисейская поля). Түркілердің Жерұйығы да халық
танымында еш уайым, қайғысыз, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
жер». Шотландықтардың эльфтер мекен ететін аралы да осыған ұқсас
сипатта. Олардың «Өлеңші Томас» (Әлем халықтарының ертегілері
2005: 349-355) ертегісінде «ажалды пенденің аяғы баспайтын» мифтік
мекенге келген Томас Лермонт «арт жағының қалың жыныс орман»
екенін, алдына үш түрлі жол жатқанын» көреді. Оның бірі – тар, бұралаң
жол, жиегіне ұйысып тікенек пен итмұрын өскен», эльф патшайымының
айтуынша, бұл – ақиқат жолы; екіншісі – «даңғыл, күн нұрына малынған
жол, жиегі – көк майса, алуан түрлі гүлдер», бұл – азғындық жолы.
Үшіншісі – жүріске жайлы, «жұмсақ мүк басқан, екі жағынан сәнмен
иілген желектер көлеңке түсіріп тұрады», бұл – эльфтер еліне апаратын
жол екен (Әлем халықтарының ертегілері 2005: 351-352). Жеті жыл
эльфтер мекенінде болған Томасқа патшайым сый ретінде сондағы бақта
өсіп тұрған ағаштан алма ұсынады. Бұл алма жай емес – ақиқат сыйы, оны
жеген соң тек шындықты ғана айту керек. Аваллондағы алма мәңгі өмір
сыйлаушы жеміс болса, Эльфониядағы алма – ақиқат сипатын иеленген.
Ал, Адам Ата мен Хауа ананың жұмақтағы тыйым салынған алманы
жеуінің салдарынан олар жұмақтан қуылып, содан кейін жер бетіндегі
адамзаттық жобадағы тіршілік бастау алады. Алма – білім ағашында
өскен жеміс, оны жеу – ұлы ақиқаттың бүкпесіз ашылуына жол салады.
Ал, абсолюттік ақиқатты білу адам баласының пешенесіне жазылмаған.
Яғни пенде баласы білуі тиіс емес тылсым Құдырет иесіне ғана мәлім
болып қалуы керек. Діни танымымыздың өзегіндегі осы фәлсапа миф
«қабаттарына» жасырылған.
Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
39
Türk Dünyası 43. Sayı
Аваллонға тірідей бару мәртебесіне ие болған Артур король болса,
түркі ертегілеріндегі қаһармандардың бірнешеуі Жерұйық мекенге
сапар шегеді. Өз мақсаттарына жеткен соң міндетті түрде кері оралу
жолы тағы бар. Алып Қарақұстың (кейде Самұрық, Семір құс) көмегін
алатын Ер Төстік, Жарты Төстік, Құйын батыр, Делдаш батыр, т.б.
Жерұйық сипатының кейбірін бойына сіңірген мекендерге жету, онда
тұрақтап қалу оңай емес. Фольклорлық хикая жанрына жататын «Мамай
батырдың арманы» (ескерту: бұл баянның мәтіні «Қазақ ертегілері»
жинағынан да кездеседі) хикаясында бас кейіпкер жезтырнақ және
перілермен кездеседі. С.Қасқабасов «Қазақ халқының әр түрлі мифтік
(мифологиялық) мақұлықтар мен құбыжықтар туралы түсінігін барынша
айқын бейнелейтін жанр хикая болып табылады» деген тұжырымға келе
отырып, бұл жанрды «қарабайыр мифология» деп атауға келіспейді
(Қасқабасов 2002: 102). Бұл тұжырымммен толық келісе отырып,
«ертегі де емес, қарабайыр мифология да емес» Мамай батыр туралы
хикаядағы мотивтердің мифтік негізіне тоқталайық. Елсіз аралдағы
жезтырнақты өлтіргеннен кейін Мамай батырдың есіне Құбажон деген
жоны, ондағы Шыңырау деген құдығы түседі. Бұл – әрбір адамның
санасына орныққан Жерұйықтың «микропішіні», яки бір пұшпағы
түріндегі қоныс. Жезтырнақты өлтіргеннен кейін, әкелерінің кегін
қайтарып, бір мұратына жеткен, өзінің «жерұйығына» жол аштым деп
білген Мамай батырдың енді сол Құбажонды есіне түсіруі жай емес.
Ажал әкелуші Жезтырнақ мерт болды. Яғни Құбажонға жол ашық.
Алайда, батыр Құбажондағы Шыңырау құдықтың басына қосар тіккен
пері қыздарына кез болады. Өзімен некелеспек болған пері қызының
шартын орындай алмай, қалғып кетіп, қапы қалған батырдың арманы
– мәңгілік өмір мәресіне жете алмауы. Өйткені фәнилік өмір тұрақты
емес, көшпелі. Перінің қызы Мамай батырдың жолын ұзақ күтеді. Оның
қартайып қалғанына қарамай, ұрпақ сүюді көксейді. Екеуі кездессе
де қосылуға жол жоқ. Яғни, Құбажон мәңгілік өмірдің кепілі болатын
қоныс емес екен. Екі әлемді жалғайтын су әлемінің пішіні – Шыңырау
құдық, ол да шарттың орындалмауы себепті өз міндетін атқара алмайды.
Пері қызының шартының орындалмайтыны анық. Өйткені қалай
болғанда да Мамайдың пешенесіне жазылмаған іс жүзеге аспақ емес.
Сөйтіп Мамай батыр «екі дүниеге де тән» тұлға болудан мүлде үмітін
үзеді. Аваллонда тыныс тапқан, «өткеннің» және «болашақтың» иесі
Артур патша, Сырдарияның аяғына келіп, су үстіне кілем төсеп отырған
Қорқыт – бұл екеуі де «екі дүниенің» де адамдары. В.Бартольд бақсылар
сарынындағы «Өлі десем – өлі емес, тірі десем – тірі емес, Ата Қорқыт
әулие» деген сөздер Қорқыттың «тірілер арасынан алшақтап, өлмес
қасиетке ие болған» болмысына деген сенімнен туындағанын атап
Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
40
көрсетеді (Бартольд 2007: 118). Мұсылмандық хикаяттардағы Қыдыр
(Қызыр), Ілияс, Иса мен Мәді пайғамбарлар туралы желілермен түркі
дүниесінің Қорқыты мен кельттер мифінің қаһарманы Артур патша
жайлы баяндардың ұқсастығы да осында. Мұндай әңгімелеулерді әлем
фольклорында тұрақты кездесетін «таңғажайып құрлық ерекшеліктері»,
«басқа әлемге сапар» мотивтеріне топтастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |