Түркістан облысы халқының демографиялық МӘселелері түйіндеме



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата25.01.2023
өлшемі0,62 Mb.
#166361
1   2   3   4   5
Байланысты:
[#898589]-1644690
БЖБ №1 матем 5 сын 17.09 (2), sabaq-kz attachment ndar-test....
TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - Досымова Гулдерхан 
80
2009 жылы жүргізілген халық санағына сай ауыл 
тұрғындарының саны 1508,9 мың адамды құрап, 1999 
жылғы санақпен салыстырғанда едәуір өскендігі байқалады. 
2010 жылы 1561,0 мың адамды құраса, 2014 жылы 1664 
мың 
адам 
болып, 

пайызға 
өскен 
(Қазақстан 
демографиясының жылнамалылығы. Статистикалық жинақ, 
2014: 7-10). 
Қоғам өміріндегі анағұрлым маңызды капиталдардың 
бірі сөзсіз адами капитал болып табылады. Қазіргі таңдағы 
мемлекетті тиімді басқарудың маңызды элементтердің бірі 
– осы адами капиталдың саны мен сапасына аймақтық және 
ұлттық дейгейде дұрыс баға беріп, сәйкесінше шаралар 
қабылдау болып табылады. Өйткені мемлекеттің осы 
бағыттағы қабылданатын тұжырымдары мен қаулыларының 
өз мақсатына толық жетіп, нәтижелі болуы алдымен 
аймақтардағы адам ресурстарының ұлттық белгілері, саны 
мен оның жасы, жынысы, білімі мен игерген мамандығы
экономикалық табысы сынды көрсеткіштерді дәл анықтаған 
жағдайда ғана мүмкін болмақ. Осы ретте Қазақстан 
Республикасының негізгі стратегиялық бағдарламалары 
тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған. Мысалы 
«Қазақстан-2050» 
стратегиялық 
бағдарламасы 
мен 
«Институционалды 
реформаларды 
жүзеге 
асыру 
бағытындағы жүз нақты қадам» сынды тағы да басқа 
стратегиялық бағдарламаларды атауға болады.
Қазақстан Республикасының тұрғындарының санының 
өсу қарқыны әр облыстарда әртүрлі болып табылады. 
Тәуелсіздік жылдарында демографиялық өсім көрсеткіштері 
байқалған облыстар қатарында дәл осы біз қарастырып 
отырған 
Түркістан 
облысы 
мен 
еліміздің 
батыс 
аймағындағы облыстарды атап өтуге болады. Мысалы ел 
егемендігі жылдарында Түркістан облысындағы тұрғындар 
саны 33,3 пайызға артқан екен. 1992 жылы Түркістан 
облысы бойынша халық санының өсімі 9 пайызды құраса
ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 10,8 пайызды құраған 
болатын. Түркістан облысының халық санының ерекше 
қарқынды өскен жылдары ретінде 2012-2014 жылдар 
аталады. Бұл жылдары халық санының өсімі 11,9 пайызды 
құраған болатын. Бір қызығы осындай халық санының 


 
Түркістан Облысы Халқының Демографиялық Мәселелері 
81 
өсіміне қарамастан Түркістан облысы еңбекке қабілетті 
емес тұрғындардың көптігімен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз 
ақыл тоқтатқан тұрғындарға қарағанда балалардың көптігін 
білдіреді. 2020 жылғы көрсеткіш бойынша 16 жасқа дейінгі 
балалар мен жасөспірімдердің үлес салмағы 39,6 пайызды 
құраған болатын. 7,1 пайыз тұрғындар еңбекке қабілетті 
жастан үлкен саналса, тек 53,3 пайыз тұрғындар еңбекке 
қабілетті болып табылатын жасты құрап отыр. Бұл жас 
шамасы әйелдер үшін 58 жасты құраса, ерлер үшін 63 жас 
болып табылады. Осы мәселеге арналған статистикалық 
мәліметтерді сараптай келе, Түркістан облысының 15 және 
64 жас аралығындағы тұрғындарының үлес салмағының 
азаюы байқалады. Атап айтқанда 2010 жылы бұл азаю 
үдерісі 61,4 пайызды құраған болатын. Ал 2015 жылдың 
басында бұл көрсеткіш 59,7 пайызды көрсетсе, 2018 жылы 
58,3 пайызға азайған болатын. Керісінше 15 жасқа дейінгі 
балалардың үлес салмағы өсе түскендігін байқауға болады. 
Мысалы 2010 жылы бұл өсім 34,6 пайызды құраса, 2018 
жылы 37,3 пайызды көрсеткен. Салыстырмалы түрде 
алғанда 
бұл 
пайыздық 
көрсеткіш 
Қазақстан 
Республикасының өзге де облыстарының ішінде ең 
жоғарғысы болып табылады. Тағы бір атап өтетін жайт 
Түркістан облысының тұрғындарының 65 жастан асқандары 
халық санында ең аз үлесті құрап отыр (Социальный 
портрет самозанятого населения в южных регионах 
Республики Казахстан, 2019: 74-78). Атап өтетін бір жайт 
еңбекке қабілетті жандардың үлес салмағы бойынша 
Түркістан облысының тұрғындарының үлес салмағын 
ажырату маңызды. Мысалы Түркістан облысы Қазақстан 
Республикасының өзге де облыстарымен салыстырғанда 
еңбекке қабілетті адамдардың үлес салмағы жоғары болып 
табылады. Бұл алдымен еңбек жасына жетпеген адамдар 
мен еңбекке қабілет жасынан асқан тұрғындардың ара-
қатынасын ескеру арқылы салыстырылды. Мысалы 2018 
жылмен салыстырғанда 15 және 64 жас аралығындағы 1000 
адамға шақсақ, еңбек жасына жетпегендер мен еңбек 
жасынан асқандардың ара-қатынасы 717 адамды құрап 
отыр. Әрине демографиялық өсімнің басты факторы туу 
көрсеткішіне 
тікелей 
байланысты. 
Ал 
Түркістан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет