Түркістан облысы халқының демографиялық МӘселелері түйіндеме



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата25.01.2023
өлшемі0,62 Mb.
#166361
1   2   3   4   5
Байланысты:
[#898589]-1644690
БЖБ №1 матем 5 сын 17.09 (2), sabaq-kz attachment ndar-test....
TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - Досымова Гулдерхан 
82
облысындағы туу көрсеткіші 1000 адамға шақсақ 27,1 
пайызды құрайды. Ал мемлекет бойынша жалпы бала туу 
көрсеткіші 21,64 пайыз екендігін ескерсек, бұл айтарлықтай 
жоғары көрсеткіш екендігіне көз жеткізуге болады. Өйткені 
мәселеге қатысты статистикалық мәліметтерді сараптай 
келе, Түркістан облысында көп балалы аналардың үлес 
салмағы жоғары екендігін байқаймыз. Тек төрт бала ғана 
емес, сонымен қатар бесінші, алтыншы сәбиін дүниеге 
әкеліп жатқан отбасылар көптеп табылады. Бір өкінішті 
жайт, осындай демографиялық өсімге қарамастан облыс 
көлемінде акушер-гинеколог мамандары азғ сәйкесінше 
облыс көлеміндегі аудандардың осы мамандармен 
қамтамасыз етілу дәрежесі өте төмен.
Түркістан облысы бойынша жастар арасында отбасы 
болу үдеріс дәрежесі қарқынды. Өйткені 15 пен 19 жас 
аралығындағы бойжеткендердің 1000 адамға шаққандағы 
бала туу көрсеткіші 30,1 пайызды құрайды. Тағы да атап 
өтетін жайт бұл көрсеткіш республиканың өзге де 
облыстарымен салыстырған жоғары болып саналады. 
2018 жылдың қаңтар айындағы көрсеткішке мән 
берсек, Түркістан облысының халқы 2009 жылдағы халық 
санағымен салыстырмалы түрде қарағанда 111, 200 адамға 
көбейгенін байқауға болады. Ол дегеніміз 5,96 пайызды 
құрап отыр. Нәтижесінде Түркістан облысының халқының 
саны 1977000 адамды құраған. Әрине аталған облыс 
көлеміндегі халық саны тек қана қарқынды өсу ғана емес, 
сонымен қатар кему көрсеткіштері де байқалған жылдар 
болды. Оған әсер еткен факторлардың бірі әкімшілік 
бөліністер болып табылады. Мысалы 2014 жылда Түркістан 
облысына қарасты Ордабасы, Сайрам және Төле би 
аудандарындағы әкімшілік-территориялық қайта бөліністер 
нәтижесінде облыс халқының саны 120 мыңнан астам 
адамға қысқарған болатын. Сондай-ақ облыс көлеміндегі 
халықтың кему үдерісі 2010 жылы байқаған болатын. Осы 
жылы оның көрсеткіші 42000 шамасында болса, 2017 жылы 
да мұндай кему үдерісі байқалып, оның көрсеткіші 11 
мыңдай адамды құрады. Керісінше 2010-2017 жылдар 
аралығында халықтың саны Созақ, Сарыағаш, Арыс, Кентау 
сынды қалаларда өсімі байқалды. Мысалы Созақта халық 


 
Түркістан Облысы Халқының Демографиялық Мәселелері 
83 
саны 17,4 пайызды құраса, Сарығаш ауданында 17,2 пайыз, 
Арыс қаласы және оған қарасты ауылдардың тұрғын саны 
17,4 пайызға, ал Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл 
тұрғындарының саны 16,5 пайызға өскен болатын. Дәл осы 
жылдары 
облыс 
орталығы 
Түркістан 
қаласының 
тұрғындарының саны 13,8 пайызға өскен болатын. 
Түркістан облысының демографиялық жағдайындағы 
бала туу мен өлім-жітім ара қатынасы мәселесі де назар 
аударарлық. Мысалы еліміз егемендік алған алғашқы 
жылдарында Түркістан облысы бойынша бала туу 
көрсеткіші 55 800 адам болса, сол жылдары өлгендердің 
жалпы саны 12400 адам болған. Демек осы ретте табиғи 
өсім көрсеткіштері 43 400-ді құрап отыр (Қазақстан 
демографиясының жылнамалылығы. Статистикалық жинақ, 
2014:51-53) Халық санағы болған 1999 жылы Түркістан 
облысында 45, 2 мыңның үстінде адам дүниеге келсе, 
олардың ішінде 14,8 мың адамы қала тұрғындары болса, 
30,3 мың адам ауыл тұрғындары болған. Сол жылы өлім-
жітім көрсеткіші 13,5 адам болды. Соның ішінде 6,3 мың 
адам қала тұрғындары болса, 7,1 мың адам ауыл 
тұрғындары деп көрсетіледі. Байқағанымыздай ауыл 
тұрғындары арасында туу көрсеткіші екі есеге көп 
болғанымен, өлім-жітім көрсеткіші шамалас деңгейде 
болған. Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Ол 
әлеуметтік-экономикалық жағдайдан бастап, экологияға 
дейінгі аралықты қамтуы мүмкін. Дәл осы жылғы табиғи 
өсім көрсеткіші 31,7 мың адамды құрап отыр. Жоғарыдағы 
сөзіміздің айқын дәлелі осы табиғи өсім көрсеткішінде 8,5 
мың адам қала тұрғындарына тиесілі болса, 23,2 мыңның 
үстіндегі адам ауыл тұрғындарына тиесілі болып отыр 
(Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2009жыл 
басында Қазақстан Республикасы халқының облыстар, 
қалалар және аудандар бойынша саны, 2009:50-59). 
2009 жылы жүргізілген санақ қорытындысына 
мән беретін болсақ Түркістан облысы тұрғындары осы 
жылы 72,5 мың адамға көбейген. Дегенмен дәл осы жылы 
қайтыс болғандар саны 15,1 мың адамды құраған. Осы ретте 
табиғи өсім көрсеткіші 57,4 мың адамды қамтыған. Бұл 
көрсеткіштің 28,1 мың адамы қала тұрғындары болғанын 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - Досымова Гулдерхан 
84
ескерсек, алдыңғы жылдармен салыстырғанда қала халқы 
арасындағы туу көрсеткіштерінде оң өзгерістер бар 
екендігіне көз жеткізуге болады. 2010 жылы Түркістан 
облысы бойынша дүниеге келген нәрестелер 78,4 мыңды 
құраса, өлім-жітім көрсеткіші 15,5 мың адамды қамтыды. 
Нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіші 62,9 мың адамды құрап 
отыр. Дәл осындай өсім динамикасын 2011 жылдан да 
байқауға болады. Осы жылы 79, 4 мың адамға артса, 
өлгендердің саны 15,7 мың адамды құраған. Табиғи өсім 
көлемі 63,7 мың адамды құрап отыр. 2012 жылы да 80,1 
мың адам дүниеге келсе, 15,2 мың адам өлгендер 
қатарында. Табиғи өсім көрсеткіші 64,9 мың адамды құрап 
отыр. 2013 жылы дүниеге келгендердің саны 82 мың 
адамды құраса, Түркістан облысы тұрғындарының 15,5 мың 
адамы сол жылы дүниеден озған. Табиғи өсім көрсеткіші 
66,5 мың адамды құрап отыр. Ал 2014 жылы дүниеге 
келгендердің жалпы саны 82,4 мың адамды құраса, 
дүниеден озғандар саны 15 мың адам, сәйкесінше табиғи 
өсім көрсеткіші 67,5 мың адамды құрап отыр (Оңтүстік 
Қазақстан облысы халқының табиғи қозғалысы. 2014 
қаңтар-желтоқсан айлары. – Шымкент, 2015:6). Кейінгі 
жылдар көрсеткендей орын алған әкімшілік-территориялық 
бөліністер нәтижесінде Шымкент қаласы бөлек әкімшілік 
бірлік ретінде бөлініп шыққаннан кейін, оның құрамына 
бірқатар ауылда мен елді-мекендер бөлініп берілді. 
Нәтижесінде туу көрсеткіштерінде бірқатар өзгерістер орын 
алғаны жасырын емес. Мысалы 2019 жылдың қорытындысы 
бойынша Түркістан облысында 55 845 бала дүние есігін 
ашқан. 2014 жылмен салыстырғанда 26 мыңға кем екендігін 
байқаймыз. Дегенмен осы көрсеткіштің өзі бойынша 
Түркістан облысын табиғи өсім көрсеткіші бойынша 
республиканың өзге де облыстарынан озып тұр (Елшібай, 
2020: 2). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет