Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет8/15
Дата05.11.2016
өлшемі0,98 Mb.
#568
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15








  • Жауап: Егер басқа дінді қабылдаған ақын, жазушы болса, онда ол қазақ жазушысымын демей, ұстанған жолын ныспы қып алсын. Өйткені, жазушылық – ардың ісі. Ары таза болмаса, өзін де, елді адастырмасын.

  • Сол сұрақтың жауабын Абай да таба алмаған. Біздің де пешенемізге сол бұйыпып тұр-ау, осы.

Сұрақ: Тұрсын аға, ҚР-ғы 2000 мыңға жуық мешіттердің бәрі де қалталы азаматтардың қаражатынан салынған. Бір де бір мешіт мемлекеттік бюджет есебінен салынбаған. Ал Бас мүфти, Дін істері комитеті толығымен мемлекетке қарайды. Сонда қалай? Мәселен: Нұр Астана мешітін Катар мемлекеті салды. Шұбар мешітін Қ.Сатыбалды салды. Учхоздағы мешіттін кәсіпкер Манаев салдырған болатын. Тағы да солай кете береді. Барлығы да өз күндерін өздері көреді.
Ал Қазақстандағы шіркеулерді Ресей басқарады. Ресей қаржы бөледі. Бірақ осы барлық шіркеулер Қазақстан мемлекетінің бюджетінен салынады деп естідім. Осы қаншалықты әділеттілікке жатады?
Мен мешіт салғым келеді. Брақ анда жүгіремін, мұнда жүгіремін, іс бітер емес. Қазақстан емес - Қағазстан құдды. Қағаз, қағаз бітпейтін бір. "Жалғыздың үні шықпас" деген рас екен. Жаным жылайды. Көкірегім қарс айрылады. Қолдан келер шара жоқ. Ұлт зиялысы, қайраткері ретінде осыны неге айтпайсыз жоғары билікке? Сізді тыңдамағанда бізді тыңдай ма? Қол қусырып қарап отыра береміз бе?





  • Жауап: Дін туралы жаңа заңның жобасына орай өзім білетін Алдан Смайыл, Ғарифолла Есім, Бекболат сияқты азаматтарға ол заңның Патша тұсындағы миссионерлік-шоқындыру жобасының бүгінге негізделген көшірмесі екенін айтқамын. Олар сенбеген. Міне, соның зардабын сіз тартып отырсыз. Алда одан да үлкен қысымды бастан кешіресіз. Қапа киюге, сәлде орауға, қоғамдық жерде намаз оқуға тиым салатын заң жобасының да бар екенін естен шығармаңыз. Христиан дінінің астанасы Рим мен Парижде қабылданбаған заңның, Қазақстанда ойға келуі таңдандырады. Егерде біздің идеологтарымызға – қарсы қозғалыс керек болып отырса, сол кезде жауабын алатын болады деп есептеймін. Біреуге: «Наших бьють!» деген сылтау керек болып отырған жоқ па екен осы. Біздің үкімет мүшелерінің ішінде шоқынғандар бар деп естимін. Өтірік болғай!

Сұрақ: Мешіт салғанша мектеп пен балабақша салсаңдаршы, ақшаларың тасып бара жатса. сауабы мешіттен артық болмаса, кем болмайды.

Жауап: Алланың ісіне ақыл жүрмес болар.


Құрметті Тұрсын аға, осы сіз Асау ТАРПАҢ емессіз бе?






  • 4

  • Сұрақ: Құрметті Тұрсын аға, осы сіз Асау ТАРПАҢ емессіз бе Жауап беру

  • Жауап: Бас асаулығымның да, тарпаңдығымның да бары рас. Егер бұл мінездерді

  • Байқатсам, онда шынмен тосыннан ашуланғаным.

Сұрақ: - Тұраға,Астанада зиялы қауым қалыптасты ма? Жаңа буын туралы айтам.Аға буыннан жиналғандардың ішінде билікке ықпал етіп, ұлттың мүддесін өткізіп жүргендер бар ма?
- Мырзатай ағамыз бастаған топтың сайлау науқанындағы қызметін қалай бағалайсыз? Сізді линкомға шақырса, не істер едіңіз?
- Қазақ халқы азаттыққа қол жеткізде ме? Тәуелсіздікке ше? Жетсе, белгілерін атаңызшы.
- Біздегі қазақтілді Орта және жоғары білім беру деңгейі қалай?








  • Жауап: 1. Жас буын да, жаңа буын да бар. Ортасы жоқ шығар деп ойлаймын. Олар күш алу үшін әлі де он –он бес жыл керек. Солардың бастары да қосыла бермейтін сияқты.

  • 2. Ұлттың мүддесін өткізу үшін оны түсінетін үкімет, саналы, мәдениетті шенеунік керек. Ондай адамдардан, құдайға шүкір, үкіметіміз толық арылып болып қалды.

  • 3. Толық азаттыққа Ресейдің де қолы жеткен жоқ. Олар да батыс пен АҚШ қа тәуелді тұстары бар.

  • 4. Мырзакең емтихан алды, сайлау науқанының үгіт, насихатына араласқанын көрген емеспін. Ол кісі мені бауырына тартқан емес.

5. Әй, қайдам! «Кемшілігіміз әр жерден көрініп тұр-ау»

Сұрақ: Армысыз,аға!Мен соңғы кездері бір үлкен мәселе көтеріп жүрмін.Ол мынадай,менің ойымша Әлихан БӨКЕЙХАН атамызды тарихта АЛАШАТА (АЛАШ-АТА,Алашата) деген атпен қалдырсақ дұрыс болар,сіз алаштанушы ретінде қалай қарайсыз?Бұл мәселе жайлы жақында мақала жазатын ойым бар.



Алаш баласы Ерлан АХМЕДИ





  • Жауап: жоғарыда жауап берілген.

Сұрақ: Қытайдағы Қазақстан елшілігі Қытай қазақтарын визадан тарықтырып отыр, Үрімші Қаласындағы Қазақстан Елшілігі алдында мынадай құлақтандыру тұр екен,Ақпан айының онбесінде жапсырылған бұл құлақтандыруда визаға кезекке тұрған Қазақтардың саны ОН МЫҢНАН асып кеткендіктен,қазыр визаға кезекке тұрғызбайтындығы жазылған,демек,он мың адам ақпан айына дейін виза ала алмаған,ал,біз көргенде,былтыр жаздағы МАМЫР айында мұнда кезекке тұрған ақсақалдың кезегі осы күнге дейін келмеген,мұндағы виза алып жатқандар,былтырғы осы мезгілдегі кезекке тұрған адамдар екен,ал,кезекке тұрғызу дегені мынау екен:елшілік алдына келіп,ондағы есік қараушы Қытай күзетшілеріне құжаттарыңызды өткізеді екенсіз,ол құжаттарға қарап,олар сізге бір шумақ сан жазылған қағаз береді екен,бұл сіздің кезек номеріңіз екен,соны алып,ауылға қайтады екенсіз,сосын,жарты жыл шамасы күтеді екенсіз,ал,соңғы кезде,елшілер күніне жирма адамға ғана виза беретінді тауыпты,ал,елшілік алдында жылап сықтаған шал- шауқан,кемпір - кешекте есеп жоқ, Қазақтар зарлап жылап жүргенімен,ҚЫТАЙЛАР МЕН ҰЙҒЫРЛАР жымың қағып жүр,себебі,олар еш кезек күтпейді екен,Елшіліктер оларды еш кедергісіз қабылдайды екен,себебі,олардан ашық пара алатын болса керек дейді сырттағы қазақтар,ал,Қазақтардан пара алқу үшін,осылайша виза жағдайын қолдан қыйындтып отыр екен,шыдамағандар,жалмаң қаққан делдалдарға пара беруге мәжбүр болады екен,ал,делдалдар,қазақтарға берілетін тегін визаны үш мың юан шамасында ашып береді екен,ал,пара бермесеңіз,жыл бойы күтеді екенсіз,Елбасының баяғыда Қазақ құрылтайында айтқан Шеттегі қазақтарға тегін виза беру туралы жарлығы Қытайда осылай атқарылып жатыр екен, мұнан да анық -қанық ақпарат алғыңыз келсе,бізге жауап жазыңыз,біз сіздерден көмек күтеміз,мұндағы қара қазақ баласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет