|
Жауап: кешегі жауабымда кеңінен тоқталып ем, әттең...Қадыр марқұмның: «О, ант атқан! Ант атқан! Осал жерін ерлердің қалай дәл ттапқан!» – деген өлең жолдары бар еді. Қалай дәл тапқан. Бұл мәселе қазір Елбасына дейін белгілі жайт деп ойлаймын. Кейде: екі жақтың құпия уағдаластығы жоқ па екен деген де күдік келеді.
Пара – түйенің теңі сияқты екі жаққа да аунап тұр ғой. Сіздерде, бастауыш мектепті қазақша оқуға кең жол ашылды деп естідім. Құтты болсын. Виза кешігіп болса да ашылар, мектеп жабылмасын деп тілеймін.
Сұрақ: Осы сұраққа қалай қарайсыз? Қытайдағы қазақ көші тоқтады,оған кінә Қазақстан елшілері ғана,себебі,Парақор
|
|
Жауап: Өте алаңдап қараймын. Мешкей деген жақсы атақ деп кім айтты?
Сұрақ: Аға қайда тұрасыз? Астанада болсаңыз студенттермен кездесу жасатсақ қалай қараайсыз?
|
|
Жауап: Астанада тұрамын. Қарсы емеспін.
#
Пікір алынып тасталды!
|
|
|
Сұрақ: Тұрсын мұғалым, салемецызбе!
мен сыз пекинде сабақ бергендегы оқушыңызбын, балкым есыңызде қалмаған шығармын, мұмкын онда былымның қадырын былмеитын бала шығармыз, коп нарсены шала тыңдап, шала ұиренгендеимын, енды қашан жолыңыз тұсып быз жақта боласыз, лексяңызды тағы быр тыңдауды армандап жұрген оқушыңыз мен ғана емеспын, барлығымыз сыздың келуыңызды торт козбен кұтып жұрмыз.
сызге мықты денсаулық, мол табыс тылеп ергұл
|
|
Жауап: Ергүл! Есімдесің айналайын. Мен де сендерді, Бейжіңді, барлық студенттерді, Сы чи тайхуды (Зы жу юаньді) сағынып жүрмін. Мұхтар профессор биыл шақырмақ еді. Реті келмеді ғой деймін. Гың лаужиеге, Мұхтарға, Жанға, Еркінге, Нұрбақанға, Тоқтар мен Нұргүлге, бәріне сәлем айт. Еркінжан біздің орталықта қызмет істейді. Анар осында. Құрмангүл мен Өмірбек біраз болды, шайтанқұлақпен хабарласпағалы. Бір барып қайтуым керек болып тұр. Бәріңе де мәңгілік «О, айни!» тілеймін. Бақытты болыңдар, айн.алайындар!
Сұрақ: Құрметті Қазақстандық туыстар,Жоғарыдағы жолдаманы көріп,Қытайдың қазақтары сауатсыз жазады екен демеңіздер,бізде төтеше жазу қолданылады,Ахмет Байтұрсындікі,біз осы төтеше АРАБША жазуымызды Кирилшеге ТӨТЕ аударатын бағдарламалар арқылы аударып кеп жібергенімізде,жоғарыдағыдай болады,себебі,бізде отыз үш қарып,сіздерде қырық екі дегендей,егер,төтеше мен кирилшені аудару керек болса,мына араны көрерсіздер,http://www.tangjareh.com/juman/ сол арқылы Қытайдағы виза азабын арқалап,Қазақтың парақор елшілері қолдан жасаған жасанды тығырықран сіздер бас болып,қазақтың ұлтжанды азаматтары құтқарып шықса екен деп тілейміз
|
|
Жауап: Көмегіңе рахмет бауырым. Мәселе – таза ниетте. Ұстаз бен шәкірттің сағынышында. Осы, бертін ешкім болмаса – алатын қол қашанғы сөзылып тұра бермек. Оның да талып, қарысып қалатын кезі болатын шығар.
Сұрақ: Дулат Исабек: "Егер мен Мырзатай болсам үйімнен шықпай ауырып жат едім!.." деп жазды "Дат" газетінде. Елге қарар беті жоқ дегені ғой. Қолдаймыз. Бірақ Мырзатай ауырмақ түгілі одан сайын жағымпазданып жатыр. Өзінің орталығында Жамбыл Дүйсенов деген 6-7 жасар ақынының жыр кешін өткізді. Сіз бардыңыз ба? Сонда әлгі ақыны Нұр Отанды жырлады. Саясатты жырлады. Бұл не деген сұмдық?! Әлде тумай жатып іштен оқып туған бәле болып кеткен бе балалар? Неге одан да Астанада қаңғырып жүрген жас ақындарды ойламайды. Бір жыр кешін қып-қызыл шығынмен өткізгенше (1 миллион теңге кетті деп естідік!) орыстадың үйін жалдап, тапқан теңгесін айдың басында сықырлатып тұрып санап беретін шығармашыл жастарға берсе ғой! Ең болмаса 3-4-еуіне. Соны салтқаайналдырса. Әй, бірақ олар да сосын Мырзекеңнің ақылымен жүріп-тұратын шығар. Осындай рамкадағы айтыс, жыр кештері керек пе бізге? (Тек жалтақтамай, маған қатысы жоқ сұрақ демей, ол жерде болғам жоқ, жауап бере алмаймын демей, оны Жазушылар одағы шешсін демей, Астанадағы Әкім Тарази мен Несіпбек Айт біледі деп жауап бермей-ақ қойюыңызды өтінемін!). Сұрақ менен, жауап Сізден!
Астана қаласы. Медет.
|
Достарыңызбен бөлісу: |