Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Ендігі хабарды Дәулет Мұхамеджанұлының өзіне берелік. Дәулеттің хаты (түпнұсқасы орыс тілінде жазылған)



бет50/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   242
Ендігі хабарды Дәулет Мұхамеджанұлының өзіне берелік. Дәулеттің хаты (түпнұсқасы орыс тілінде жазылған):

«Құрметті профессор Тәкенов, сәлеметсіз бе!

Сізге хат жазып отырған Мұхамеджан Тынышбаевтің ұлы – Дәулет. Біздің қарым-қатынасымыз әуел бастан сенімді сипат алу үшін мен сізге өзімнің туғандығым туралы куәліктің, әкемнің ақталғаны туралы анықтаманың және оның фото-суретінің (сыртындағы жазу: «Мемлекеттік Дума. 1907 ж.) ксерокөшірмесін жіберіп отырмын.

Біздің Мұнай ғылыми-зерттеу институтына Гурьевтен (Атырау – Ә.Т.) келген бір қазақ мұнайшысынан мен кездейсоқ әкемнің «История казахского народа» деген кітабы Алматыда басылап шыққанын естіп, әрине, шексіз қуандым. Өкінішке орай, ол маған тек сіздің Байғалиевпен (Бейсенбай – Ұлттық Ғылыми академиксының ғылыми қызметкері – Ә.Т.) бірігіп жазған кіріспенің бір бөлігін және ксерокөшірмесін ғана жіберіпті. Өзіңіз байқаған боларсыз. Мен үшін бұл мүлде жеткіліксіз, енді мен сіздің қатысуыңызбен шыққан әкемнің кітабын алғым келеді. Сөз жоқ, кітапты сатып алуға және жолға кеткен қаржыны өтер едім. Екінші жағынан, егер әкемнің еңбектерін жариялау жалғасса, менің де пайдам тиетін сияқты, өйткені менде бірсыпыра, әрине, көп емес материал бар.

Қысқаша өзім туралы: мен өз фамилиямды (Шейхали – Ә.Т.) әкемнің талабына сай алыппын. Әкем ұсталып кеткенде шешеме осылай деп хабарлапты. Өзіңіз де білетін боларсыз, мен әкемнің екінші некелі әйелінен (нағында үшінші – Т.Ж.) туғанмын. Менің анам – Шейхали Әмина Ибрагимқызы, ұлты – құмық, тегі – Дағыстаннан. Оның туыстары Мұхамеджанды тіпті Санкт-Петербургта оқыған кезінен біледі екен. Олар, мұсылман жастары, генерал Шейхалидың үйінде кездессе керек.

Әкем соңғы рет 1937 жылы тұтқындалғаннан кейін біз шешеммен бірге, онымен туыс нағашы апамның қолында Уфада тұрдық. Мектепті, одан соң Мұнай институтын бітірдім. Ғылыми-зерттеу институтына қызметке тұрдым, кандидаттық диссертация қорғадым. Докторлық диссертациямды, ойда-жоқта Башқұртстаннан тыс жерде ұзақ уақыт қызмет атқаруыма байланысты, тәмамдап үлгермедім, тақырып бойынша жарыққа шыққан 70-тен аса еңбектерім бар. ҒЗИ-нда мен ғылыми-зерттеу бөлімін басқаратынымды, «Башқұртстан Республикасының ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер» деген құрметті атағым бар екенін айтсам, мақтанды демессіз.

Менің Асқар атты ұлым – металтанушы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қызым Аделя – дәрігер. Жұбайым – музыка мектебінің оқытушысы, қазіргі кезде зейнеткер. Хатымның адрес бойынша сізге тиетініне толық сенбегендіктен, осымен аяқтаймын. Сіздің хабарыңызды асыға күтемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет