Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013


Ана, ананы сыйлаңдар және көмек көрсетіңдер



бет10/14
Дата06.07.2018
өлшемі306,82 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ана, ананы сыйлаңдар және көмек көрсетіңдер.

Балаға, кейде, ата-анасын түсіну қиынға соғады. Себебі ұрпақ пен ұрпақ арасында сүйіспеншілік болады. Дегенмен ол аса қатты кедергі болмаса керек. Егер адам қуатсыз, әлсіз келсе түрлі өтірікке, келіспеу- шілікке себептер іздеуге жүгіреді. Осы тұрғыда екі ұрпақ арасында ұғыспаушылық болады. Балалар ата-анасымен тіл табысуға шебер. Орынсыз дауыс көтеріп, басып тастамай-ақ сауалды келісе шешуге ұмтылыс жасаған дұрыс. Егер бала ашық, адал болса, ол түсінетіндей, тыңдайттындай дәлел келтіруге болады. Егер осы тұста екі жақ бір бірін түсініп, келісімге келетін болса, ымыраласуға болады. Ылғида біреуге бағыну мақсат емес, бірақ түсінісуге тырысу керек. Байқасаңыздар, ата-ана баласын өз дегеніне көнуіне, айтқаны дұрыс деп, оларды сендіруге әрекеттенеді. Бала ата- ана алдында, оның тәрбиелеп өсіргеніне қашанда қарыздар, әрине, шынында өсіріп, тәрбиелеген болса. Көп ата-аналар балаларына тәуелді емес, олардан тәрбиелегеніне жауап- көмек алуды ойламайды да, соған қарамастан кейде ата-аналардың бала көмегіне зәру мезгілі жетіп-ақ қалады. Сондықтан, еш кедергі сылтаусыз сыйлап, оларға көмектесу қажетті. Естеріңізде болсын: адамда ата-ана біреу ғана. Мұны әсте ұмытуға болмайды.


Бақытқа барар жолда ата-анаңмен немесе өзіңді

тэрбиелеген жандармен жақсы пиғылда болып, адал,

кіршіксіз жүрекпен жолға шыққан дұрыс болады.

Жақсы үлгі көрсету.

Әр адам қайткен күнде де бір-біріне әсер етеді. Ол әсерлер жақсы да, жаман да болуы мүмкін. Өз өмірін жақсылықпен өткізіп жүргендер жақсы үлгі береді. Кім не айтса да бұл үлгі қайтсе де жақсы әсер береді.Ал жақсы үлгі бергеніңізге басқа біреудің мүмкін көре алмағандықтан, не сізге кесір жасау ойымен ұнатпай кедергі жасауы мүмкін. Бірақ көңіл түпкірінде ол сізді сыйлайтын болады. Ақыр соңында сіздің мүмкіншілігіңіз артады, себебі сіздің жақсы үлгіңіз арқылы,бір адамның зианкестігі жойылады,кемиді. Ол жетістік! Осы жақсы үлгі көрсету мінезіңізден әсте таймаңыз.



Бақытқа барар жолда маңайыңызға

жақсы үлгі көрсетуден жалықпаңыз.
Шындықпен өмір сүруге тырысыңыз.

Өтірік жақсы болып көрінетін адамдар жөнсіз қателіктер жіберіп алады. Өтірік ақпараттар дұрыс жүруге кедергі келтіреді. Адам өмірдегі ділпрліктерден дұрыс, шын қабарлы болып жүрсе ғана дұрыс шеше алады. Егер айналадағылар өтірік айтса,ол адасады, айағында оның еңбегі еш болып, күрт төмендейді.Өтірік ақпарат түрі түр-түрлі: оқу орнында, жұмыс орнында, қоғамда және мамандық айналасында болуы мүмкін. Көпшілік жандар, әдейі, сені өз мақсатына пайдалану үшін де жасайды. Шындық - сол, сіз үшін шындық болса ғана. Ешкімнің сізге өтірік ақпарат беруіне, сізді оған сендіруіне еш һұқы жоқ. Егер сіз үшін бір нәрсе шындық емес болса, иаки ол шындық емес.

Барлық жағыдайда да өз ой,өлшем, көзқарасыңыз болсын. Өтіріктің айасында өмір кешкен адамнан бақытсыз жан жоқ.

Зиан келтіретін өтірікті жеткізбеңіз.

Өтірік қабардың түбі біреуге қорқыныш, кек, ашу ыза әкелуі мүмкін. Ондай өтірік адамды түрлі қатыгездік жасауға соқтырады. Ол адам өмірін бұзуы ықтимал. Ол өтіріктен опық жеуі мүмкін, егесу, ренжісу туады. Көптеген соғыс оттары да сондай қатыгез өтіріктерден болғаны белгілі. Өтіріктен шындықты ажырата білуге үйрен.
Өтірікке куәгер болма.

Өтірік қарғану, куә болу «өтірікшіл» деп есептеледі. Өтірікшіге үлкен қарғыс тиеді.



Бақытқа барар жолда

шындықтың жолымен жүреді.

Кісі өлімін болдырмаңыз.

Ерте заманнан көптеген елдер кісі өлтіруге қарсы тыйым салды, ондайда қатты жазалайды. Кейде ол тыйым «өлтірме» деп естілгендей, дұрыс аударылса, бұл ереже анығынан «өлімді болдырмаңыз» делінген екен. Сөздің мәнісіне қарай «өлтіру», «өлтіруді іске асыру»,- екі сөз, айырмасы өзгеше, тірінің өмірін қиюға тыйым және өзін заңсыз қорғауға тыйым жасайды. «Өлтірілді» мүлдем басқаша іс. Анықтыма бойынша, өлтіру заңсыз бір немесе бірнеше адамның өмірін қию, әсіресе ашу үстінде. Өлтіру оп-оңай іске асырылуда. Осындай, сіз де, сіздің жолдастарыңыз, жанұйаңыз күштімсымақтардың қолынан өмірін жойа салатын қоғамда өмір сүру мүмкін емес. Ақымақтар, қаскүнемдер, есі дұрыс еместер өлтіру арқылы өз ділгірліктерін оп-оңай шешкілері келеді. Кейде себепсі-ақ танымайтын адамдарды да өлтіреді, еш себепсіз. Осындай қисынсыздықты жою үшін осыған қарсы белсенді қамқорлық, тиімді бағдарлама міндетті түрде қажет. Бұл да сіздің өміріңізге, дұрыс болуға мүмкіндік береді.



Бақытқа бару жолында сіз адасып, қателік жасап,

досыңызды, әлде жанұйаңыздан біреуді, немесе басқа

біреуді өлтірсеңіз, не сізді жазықсыз өлімге душар

етсе, сіз бақыт жолына ешқашан шыға алмайсыз.
Заңға қарсы жұмыс жасамаңыз.

Белгіл қаулыны, не занды бұзу қарсылық болып есептеледі. Заң және ресми қаулыны заңгерлер, сот орындарын басқарушылар шығарады. Ереже бойынша заң мәліметі жазылады. Жақсы ұйымдасқан қоғамда шығарылған заң басылымдарға шығып, бұқара қалық құлағына жеткізіледі. Күшті тәртіп болмаған қоғамда (қылмыс та көп болады) заң адамымен, заңгерлермен ақылдасу, немесе занды оқып білу керек. Мұндай қоғамда занды білмеу сізді жауапкершіліктен босатаайды делінеді. Әр адам жасына қарамай заңсыздықты, оған не жататынын білуі міндетті. Бұл жадығаттарды оқып, сұрап білген дұрыс. Заңсыз әрекет, тек кінәлі болу ғана емес, ол үшін тиісті жерлерде жауаптануға тура келеді: жазалану, ұйатқа қалу, салық төлеу,не түрмеге отыру сиақты жазалар тартады. Ондай адам ұсталмай жүрсе де, өзін қорғауға шамасы келмейді. Жазалының құтылып кетем деп ойлауы ойдан туған жалған әсер ғана. Мемлекет пен өкіметтің заң машинасы заң бұзғанға бар күшімен төнеді. Бұл машина заңсыздыққа қарсы күресушінің де қарсыласы болады. Істің дұрыстығы, бұрыстығы заң алдында әлсіз. Есепке тек занда не айтылды, сол ғана алынады. Егер заң бұзушыны көрсеңіз, не байқасаңыз міндетті түрде олай жасамауға көндіріңіз. Ол заңсыз іске қатысыңыз болса, сіз де қор боласыз. Мәселен, сіздің (компания) бірлестіктегі есепші жалған ведомость жасайды дейік, соның кесірінен бірлестік күйреуі ықтимал, ал сіз жұмыстан айрыласыз. Жұмыссыз қалу тірліксіз қалуға соқтырады. Сондықтан заңды кең көлемде талдап, үнемі көріп, білігі жүру қажетті. Белгілі бір ұжымның мүшесі ретінде, шығарылған заң, немесе қаулылардың түсінікті, анық тілмен жариалануын талап етіңіз. Заң алдында барлық адам бірдей деген үдерісті ұстаныңыз. Билеуші таптың өзінен де, заңды бұзбауды алға тартып талагі етіп,оны орындату да есте болсын. Үлкен-кішінің заңнан толық қабары болып, «нені істеу керек», «нені істемеу керек» екенін толық білуіне көмек жасай жүріңіз. Ең болмаса заңға қайшы жұмысқа қарсы екеніңізді сездіріп, қабақ шытсаңыз да түсініп қалар. Кейбіреулердің заңнан тыс істеген жұмыстары өзіне пайданы күреп келтіріп жатса да, бәрібір мемлекет машинасының құрығынан құтыла алмайды.



Бақытқа барар жол қорқыныш үйіретін,

жағымсыз істер арқылы жолға

шығуды ешқашан ұсынбайды.

Қалық орнатқан, ел үшін, адам үшін жұмыс жасайтын өкіметті қолдаңыз.

Ұстанымы жоқ, озбырлығы күшті адам немесе ұйымдар басшысына жауыздық жасап, оны өз пайдасына ғана пайдалануға тырысады. Ал біреулердің, иә басқаның келеңсіз пиғылын қолдап отырған үкімет күйрейді. Бұл сол мемлекетте өмір сүріп отырған әрбір адамға, жанұйаға кесел келтіреді, сол жауыздың өзіне де қырсығы өз пиғылынан асып кетеді. Тариһта мұндай үкіметтердің құлағанын тура дәлелдеуге болады. Мұнда өкіметке қарсы тұру жауыздықтың неше түрін машықтайды. Адам, дегенмен мұндай қатыгез озбырлықтарға қайтсе де қарсы тұрады. Ешкім де ондай өкіметке белсенді жұмыс жасай алмайды. Сонда бұған қарсы заңсыз қимыл жасамай-ақ, ондай өкімет- тен аулақтану қажет,әрі жаңа тың өзгерістер (реформа) жасау керек. Дәл қазір де сондай мемлекеттер бар, тек ондағы жергіліктілер үнсіз қарсылықпен олардың ісіне қарсы. Үнсіздік мәңгі болмауы мүмкін... Ондай үкімет басы аса қауіпті жағыдайда отырады. Ал керісінше үкімет бөтен ойлылар үшін емес, қалық тұрмысын жақсарту үшін тыңғылыкты жұмыс атқарса, оған шын жүректен көмек жасауға дайар болу керек. Басқару дейтін пән (управление) болады, мектепте «мемлекет және һұқ негіздері» оқылады, бірақ бәрі үстірт жүреді. Нағыз қазіргі таңдағы мемлекет жөнінде түсініктеме жоқ. Ал «Басқару» пәні: «сайаси үнем», «сайаси фәлсафа», «сайаси басқару», т.б. делінеді, негізінен мұның бәрі техникалық ілім қағидалары. Заң мен һұқтан жас шамасына өзгеріс кезеңіне орай нақтылы білім берілуі керек. Онда кездесетін күрделі немесе атаулы сөздерге әр мәтін астында сездік беріліп, жеке түсініктеме, анықтамалар берілгені жөн болар еді. Әрине қазіргі таңдағы оқулықтарға көптің көңілі толмайды,тіпті келеңсіз тұстары қаншама.

Айтып айтпай не керек Отан үшін жанын, қанын қиатындар қалық. Ал үкімет басына толтырып, алған ой идеясын ғана құйа бермек. Мұндайда тіршілікті жасайтын Адам — Сіз.

Бақыт жолында біреудің түқыртуымен жүру мүмкін

емес. Мейірімді үкімет, адам игілігі үшін жүмыс жасай-

тындар мен тогысады, жолыңды жеңілдетеди Мүндай

үкімет үшін қанша болса да комек көрсету артық етпес.

Қайырымды, жігерлі адамға залал келтірмеңіз.

Өздері қайратсыз, қайрымсыз адамдар, барлық адам ызақор, жаман, деген ойда болғанымен, сіз бақыттысыз, маңайыңызда ақкөңіл, кеңпейіл адамдар көп, байқаңызшы.

Дәлелдейтіндей болсақ қоғам қайырымды адамдардың ұжымы. Мемлекет тарапында жұмыстағылар қоғам озаты (лидері), жеке бөлімдегілер өз жұмысын адал атқарушылар, жалпы оның бәрі қайрымды адамдар. Олай болмаса, олар қоғамның жақсаруына ат салысып, жұмыс атқармаған болар еді. Мұндай адамдардың жауы да болады, себебі олар өз белсенділігімен біреуге кедергі болуы мүмкін Өмірге және қоғамға жақсылық сол адамдарға көп байланысты.

Қайрымды, жігерлі адамдардың көп болуына байланысты жер бетіндегі өмір жалғасады, кемшілік жойылады, жақсылықтар алға қарыштайды. Олардың соңына түсуші, аңдушы, қаралаушылар да болады, сол үшін де дұрыс шешім қабылдап, дұрыс көзқараста болу керек. Тіршілік көзі оған да сізге де қатысты.



Бақытқа барар жолда қайрымды,

жігерлі адамды қолдаңыз,

олармен жолыңыз жеңілдейді.

Өз ортаңызды сақтап, жақсартыңыз.

Жүзіңіз жақсы. Кейде адамдар өзіне қарап көруді ескере де бермейді. Оларды да айналадағы адамдардың бір бөлшегі деп қарайды ғой. Оларды да сыртынан сөз ететіне сенгісі келмейді. Мүмкін киімі қымбат, иіс май, жұпар, далаптары да жеткілікті шығар, бірақ өзін-өзі қуантуды ескере бермеуі мүмкін, ал негізгі құнттылықтарды өзің бағдарлағаның жөн, бұл ортаңды да сыйлағаның болады.

Рас, жұмыстан, түрлі жағыдайлардан, кейде кір, шаң басуы мүмкін, бірақ бұл артынан өзіңді ретке келтіре алмайсың деген сөз емес қой. Кейбір шынығушылар (спортта) тері ағып жүрсе де, тазалығы көрініп тұрады. Келеңсіз көріністер жанға да, тәнге де, руһқа да әсерін, залалын тигізбей қалмайды, ақылын, һүқын да төмендетіп жіберуі ықтимал. Егер түсі жылы жарқын жүзді қуанышта болса, адамдардың ақылы, ойы, һұқы көтеріледі. Ондай еңсесі көтеріңкі адамдарға мадақ сөз айтып, жақсы сезіміне қошамет жасап, керек болса көмектесіп те жіберген жөн. Соз көмегінің өзі олардың еңсесін көтеріп, өзін-өзі сыйлау һұқының жетілуіне себебін тигізеді.

Өз үй жайыңызды және жұмыс орныңызды тәртіптеп, таза ұстаңыз. Үйін, жұмыс орнын тәрбиелі ұстамаса, ол оның заттарының бүлініп, бұзылуына әкеледі, өз нәрселеріне қожалығы жоқ, бөтен адам сиақты болады. Оларға жасында ешкім жөнді сыйлық бермеген болар, берсе де, апа-ағалары алып қойып, нелік бермеді ме екен. Жасынан өз иелігі болмағандай. Мұндай адам автокөлігіне де құнтсыз болуы мүмкін. Сондай мінез қырсығынан көлігінен де, үйінен де, басқа да заттарынан айрылып жүруі де мүмкін. Кедейлік деген осы, еш нәрсеге ие болмаудан басталады. Онымен қоймай өз үйіне, жұмыс орнына дұрыс ие болмағандар маңайындағыларға да кедергіліктер жасайды. Ойлансаңыздар бұған көптеп мысалдар келтіруге болады. Бұл адамдарға көмек беруге болады. Ол үшін алған затыңды орнына апарып қой. Келесі жолы сол жерден табасың, бұған аз ғана уақыт кетеді, ал қайда қалғанын білмесең, келер жолы жоқ іздеумен қаншама уақытың кетеді, осыны естен шығарма. Өзінді де, өзгені де осылай үйретуге дағдылан.

Әлемшарымызға қамқор болуға көмекші болыңыз.

Планетамызды сақтау әркімнің борышы десек, біреулерге бұл үлкен жұмыс болып көрінуі мүмкін,кей адамдар бұл мүмкін емес деп те ойлайды. Ал қазіргі заманда Әлемнің басқа бір шетінде болып жатқан жайлар сіздің үй-жайыңызға да әсер етуі мүмкін. Мәселен, Венерадағы ғарыш зертеулеріндегі жаңалық, біздің планетамыздың да сондай құлдырауда болуы мүмкін екенін, ондайда өмір сүру мүмкіндігі болмайтынын аңғартты. Егер, орманды түгел отап, ағаштарды түгел кесіп қүртып, өзен, кол, суларды боқтыққа толтырып, айналаңызды кірлетіп бітірсеңіз өмір үзіледі, тоқтайды. Себебі, Жер үстінде қапырық ыстық орнайды, ал жаңбыр әлгі кір қоқыстан күкірт қышқылы болып жауып, бар тіршілік өліп, жоғалуы әбден мүмкін. Солай болған күнде де, мен не істеймін, менің қолымнан не келеді?- деп айтуыңыз мүмкін. Ал, шын мәнісінде, әр адам дұрыстықты айтып, дұрыстыққа беймдей, қателіктерді көрсетіп, айтып отырса, ол да үлкен көмек. Біреу түсінеді, біреуі тыңдап, келесі бір келеңсіздікті түзетеді. Осылай сатылай азды көпті тәртіп орнай бастайды.

Планетамызды қорғау ауладан, ауылдан басталады да, мектепке, жұмысқа барар жолда, немесе үй арасының тазалығында жалғасын тауып жатады. Сонда, өзен - көл жағасында, дем алып, етқарып жеген жерлерде тазалық болар еді. Осы мемлекетте, не осы жерде тұратын азаматгар мынау менің мемлекетім, менің жерім, елім, ол менің үйім деген таза ойда болса, тазалық болып, ауа ,су ластанбай, ауру азайып, денсаулық мықты, көңіл-күй көтеріңкі болар еді. Қаламыз кір, суқоймалары лас, ауладағы қоқыстар ағып жатыр, иесіз ит мысық аулаға иелік жасап (қариалар тамақ береді, айаған түрлері), қауып ала жаздап, түн болса шабалана үріп, ұйқы бұзады. Бұл келеңсіздіктің бәрі аспаннан жауған жоқ қой, иаки адамдардың қылығы. Қазір тағы бір келеңсіздік шықты, ол үй маңына бұдан 30-40 жыл бұрын коммунистік (субботникте) сембілікте егілген ағаштарды кесуде, орнына бір қайың, не бір шырша ексе өкпе жоқ қой. Ал оның есесіне көшедегі ағаштардың бауры алынса ғой, сонда бұрылыстағы келе жатқан көліктер жақсы көрініп тұрар еді, көшедегі ағаштың биік бойы тіршілікке көлеңке емес пе? Рас шірігенін тәртәптесе, қисығын түзесе, орнына пирамида терегін, не шырша ексе, шіркін, ғанибет-ау. Біздің бабаларымыз бала жүре бастағаннан жұмсап, еңбекке бейімдеген. Малды қарап келші, қозыны көгендендер, көрші үйдегі апаңды шәйға шақыршы, беті қолыңды жуып келе ғой, деген сиақты сауалдар мен баланы жалқаулықтан арашалап, шынықтарып, уақытымен жүріп тұруға дағдыландырып отырған. Жаман әдетке бой алдырмау тәсілдері көп болған. «Аурудан да бойға сіңген әдет жаман»,- деген емес пе? Біздің айақ басып түрған планетамыз үсақтан үлкенге дейін жинақтала отырып қорғалады емес пе?

Егер әр адам кішкентай болсын, үлкен болсын еңбек

үлесін айналасына қоспаса, бақытца барар жол

салынбайды. Жол жоц жерде әркім адасады.

Жаман әдеттен арылып, жақсы іске дағдыланайық!

Ұрлық жасамаңыз.

Біреудің дүние мүлкін тәрік етушілер, өз дүниесін тәркіге салады. Қандай да бір жағыдайда өзіне дүние жасай алмаған адам, дүние ешкімге жолдас емес,- дегендей пиғыл көрсетеді. Ал соның бір шәркесін алып көріңізші!

Ұрлықшы айналасындағы адамдарға ненің қайда кеткеніне жұмбақ жасайды. Қымбат затқа арзан жолмен ие болғысы келеді, бірақ ол ұрлықтың оған қымбатқа түсетініне ой жүгіртпейді. Керемет ұрылар да ұрлығының төлеміне жылдап түрмеде отыруларына тура келген.Ешқандай түрме тәтті өмірдің бір сәтіне де татымайды, ұрланған зат тағдыр қорлығының айырбасына тұрмайды. Ұрлық қымбатқа сатылмайды, үнемі қорқынышта, тығылумен күні өтеді, бостандығынан айрылады. Ұрлық адал табыс емес, адал еңбекке жатпайды, немесе есі дүрыс еместікті көрсетеді. Өздері недер екен: жарамсыздық па, әлде, ессіздік пе?



Бақытқа барар жолда, ұрланган

жүк жақсылыққа жеткізбейді

Сенімге серік болыңыз.

Егер адам маңайына сенімді болса,ол тәуекелшіл. Егер сенген адамы сенімсіз болса ше? Адамгершілікті қарым қатыс үшін екі жақтың да сенімі қажет. Онсыз адалдық мүмкін болмайды. Сенімге берік адам жоғары бағаланады, сенімсіз адам адам қатарынан ысырылады.

Сөзіңізге тұрақты болыңыз.

Уәде берсеңіз, орындаңыз. Болмаса, ескертіңіз. Уәдешіл адам бағалы. Сөзінде тұра алмаған адам, сенімсіз адам деп, танылады. Сөзінде тұрған адам сенімге кіреді, жүректе жүреді. Сөзінде тұрмайтындар шеттетіліп, дұрыс қатысымнан қалып, шиден тысқары болады. Ойланбай уәде бермеген абзал. Қолыңнан келетін шаруаға тайқақтай беруге де болмайды, қолыңнан келіп тұрып көмегің болмаса, саған сенбейді, сені де ешкім қолдамайды.

Бақытқа барар жолда сенімді серік

жолыңды жеңілдетеді

Қарызыңызды қайтарыңыз.

Адам өмрінде біреуге қарыз болуы, әрине, мүмкін. Адам дүниеге келген күннен қандайда бір берешегі болады. Ол берешегі өсіп жетілген сайын қосыла түседі. Мәселен, дүниеге әкелгені үшін, асырап жеткізгені үшін ата-анасына қарыздар; досына, Отанына, ұжымына, т.б. берешек, қарыз, парыздары болады. Ата-анаңа міндетсінбе. Ата-ана алдында қарыздар екенін сәби айта алмаса да жүрегімен түсінеді. Мұндай қарыздардың өтелуінің алғашқы кезеңі: сәбидің күлкісінен, баланың зыр жүгірген тілалғыштығынан, көмекке дайын тұруынан,тіпті ұл-кызынын жақсы, тәртіпті болуға ұмтылуы, сабақты жақсы оқуы, ілтипатты, кішіпейіл, т.б. жақсы қылықты болуларынан көрініп түрғандай. Ал мұндай жақсы қылық көрсетпесе. «мен еш-кімге қарыз емеспін», «мені өмірге әкел деп, мен сұраған жоқпын», «ата-анам жаман, маған түк істеген жоқ», «өмірде еш жақсылық жоқ, өмір сүру қиын», деп тұрса бұдан оның өмірі жеңілдемейді,қарызы үстемеленіп, көбейе түседі. Қарыз мерзімі ұзарып, салмағы өсіп, ауырлай түседі.Бұл үлкен қарыздан құтылу жолы ауырлап, біреулерінің өмірі келеңсіздікке ұшырап, жан-дүниесі езіліп, ауыртпалықтарға ұшырап, тіпті қоғамға да кедергісі мол бола түседі. Қарызының: адамгершілік, әлеуметтік парыз ба, әлде қаржы қарызы ма, айыра түсіп, оларды өтеудің жолын қарастырған жөн. Күшіне қарай іс жасап, қарыз-парызын мезгілді межеде қайтарып отыруға үйретіп, көмек жасау абзал.



Бақытқа барар жолда, оган біреу қарыздар

болып, не өзі қарыздар болса, Бақыттың жолы

қиындай түседі.

Еңбекқор болыңыз.

Жұмыс үнемі жайлы да жеңіл бола бермейді. Дегенмен жүмыс істеген адамнан гөрі, жүмыс істемеген, өмірін бос өткізген, мақсатсыз күн кешкен, не істерін білмеген, тойшыл, ойсыз, жалқау, ата-анасына немқұрайды қараған жандар өте бақытсыз болып, тіпті ақыл-есі кемшіл бола бастап, көмекші қаржы алатын (өкіметке мың рақымет) мүгедек болатыны да бар. Шама-шарқынша бір іспен шүғылданса, ауруынан жеңілдеп, парызынан қүтылып, көңіл-күйі дүрысталып, ау- руы ескіріп, жазылып та кетерлік жайға келіп, руһы котеріліп,саналы бола бастауы мүмкін. Жалқаулармен жақындасу сізге де, қоғамға да қауіхпі. Сол себепті қандай да жүмыс құлағын үстауына жәрдемдесіңіз.



Бақытқа барар жол қиын, тура да кең,

ол жолда еңбек сүйгіш адамга үлкен орын

бар және ол жол үлкен жеміс жолы.

Қажеттілікте болыңыз.

Қазіргі жүрдек көлікті, көптетікті механизмдері бар күрделі құралымды (оборудование) заманда тірлік жасау, досқа, ортаға, болашақ өмірдің деңгейіне қатысты да болып келеді. Сауда да, техникалық және гуманитарлық ғылымда, мемлекеттік мекемелерде қажетсіз болу өмірде барлығына және болашаққа да қауыпты болуы мүмкін. Бұған сәйкес келетін көптеген мысал келтіре аласыз. ^

Адам қашанда өз тағдырын басқаруға үмтылады. Кейде түрлі азды-көпті қадамдарда да (ырымдар сиақты) өз тағдырына көмек іздейді. Өз тағдырын басқарып үйренген сәттен айналасын меңгере бастайды, өзінің қажеттілігін аңғарады, өз мүмкіндігін түсінетін болады, Аллаһның берген сыйы деп бағалайды, біліміне,іскерлігіне жіті қарап, дұрыс атқарады. Сол кезден ерлікке, не басқа жетістіктерге жетеді. Шын қажеттілігі дәлелденеді. Қажеттілігіне қарай тіршілік жасайды, қажетсіз болса, құрып бітуге де айналады. Қажетілік мүмкіндігін аңғарсаңыз қолдау жасап, мақтап, мадақтауға сараңдық жасамаңыз. Бұдан да жоғары көрсеткішке жетуше мүмкіндігі бар екенін аңғартып, талап деңгейін көтере түсіңіз. . . •

Көріңіз. Көретінді, көруге тұрарлықты көріңіз. Бақылаушы сіз,

бақылау бағасы сізден болсын. Бақылау қызғанышсыз не біреу-міреу-

лердің нұсқауынсыз тура, адал болсын. Дұрыс бағалап, көргісі келме-

гендерді дұрыс түсінікпен жолға салыңыз. Бір іс әрекетті дұрыс баға-

лай алмағандарға, не істерін білмей қиналғанда, сол жағдайатқа сырт-

тан қарап сынауға, шын жүрекпен көруге көмек жасаңыз. Егер өз жү-

мыс нәтижесін сырттай қарап көре білмесе, ол қателігіне тұншығып,

шырмауықган шыға алмайды. Онда ешбір директив, бұйрық, жазалау

оның қиналысын шеше алмайды. Оларға қайда, қалай қарау керек

екеніне ақыл беріп, қортындыны өзі шығаруына көмек жасауға бола-

ды. Бала болсын, үлкен болсын ол өзінің көргісі келгенін ғана көреді.

Сондықган қажеттіліктің, мүмкіндіктің бақылау негізі болғаны жөн.



Біліңіз. Сіз жөнінде теріс дерек алған адам болды ма. Бұл келеңсіздіктің теріс әсері болды ма? Бұл теріс жалған мәліметтің әсері сізге қандай кемшілік келтірсе, сізде біреу туралы солай жалған пікір естуіңіз мүмкін ғой. Жалғанды, шындықтан айыра білу, түсіністікке әкеледі. Кей адамдар өз мақсатын қиындықсыз орындау үшін жалған сөзге барады, кейбірі анығын білмей жатып, ойланбай айта салады. Қажет мәліметтерді есту арқылы емес, көріп,біліп, қажеттіні қажетсізден айырып, өтірік пен шындықтың арасын ажырату үшін білімділік қажет. Осылай істеген де ғана адам өз ісінің қажетті маманы екеніне көзі жетеді. Не нәрсені қандай жағыдайда да білгіңіз келсе оны әбден бақылап, түсініп, қарап, іздеп тауып, біліп қажет болса жаттап та алған жөн. Онсыз қажетгілігіңіз жеткіліксіз болып, маман бола алмайсыз. Өмірде табысқа жететін адамдар біпім алуды үнемі жетілтіп отырғандар. Мәселен, инженер техника жаңалығына құлақ түріп, үнемі біліп отырады,спортсмендер жарыс нәтижесіне жету үшін үнемі дайындықта болады, үстаз күнде оқып, жадығаттарын жинақтап, сабақтарын күніне жоспарлап отырады, сонда ғана қажетті жақсы маман болады. Білімін толықтырмаса, мәшине рулін дұрыс үстап, түрлі тетігін меңгере білмесе жол апатына үшырайды. Барлық қажеттілікте білімді болмаса, содан қажетсіздік туындайды. Өзімшіл өр кеуде ғана болдым, толдым, бәрін білем деп ойлайды, ондай ой тоғышарлыққа әкеледі. Адам неғұрлым көп білсе,солғұрлым биіктеп жүреді. Білген сайын білгісі келеді, білімі толған сайын Әлемге жаңа көзқараста болып, өмір жақсылығын саралап, молынан қабылдай түседі. Жаңашылдық жарық көруі үшін баланы туа білімге, өнерге, адалдыққа баулу қажет.Оны жалғастырып, толықтай түсетін жақсы мектеп. Білім дарытатындар таңдаулы болуы қажет. Мұғалімнің бәрі бірдей емес,бірдей бола да алмайды. Бір ұстаз отыз балаға білім құйа алса, бір мұғалім он балаға ғана білім бере алады, қалған оқушының қабылдаған қабылдамағанымен жұмысы болмайды,тіптен оған уақытын да жеткізе алмайды. Кешегі білімді ала алмаған бала ертеңгі білімді оған қоса алмайды. Осылайша кемшілдік қосылып, көбейе түседі. Ол мүғалімді ұнатпауы да мүмкін, жақсы оқыған баланы да жек көре бастайды. Бір күндерде көпті жек көріп, өмірдің де бағасын білгісі келмей, көп нәрседен түңіліске ұшырайды. Одан әрі жақсылықтан қашқақтап, жамандыққа үйір бола бастап, өзіндейлермен табысып, келеңсіздіктерге душар болады, сырты жылтыр, іші түтінге айналады. Өзін де, ісін де жасырын ұстайды. Мұны аңғарып, дер кезінде көмек берілмесе, асқынған ауру сиақты, емі табылмайды. Сондықтан тәртіпсіздік көбейеді, тәртіпсіздік көбейген сайын соттау көбейеді. Бұл заңның жиі өзгеруіне әкеледі. Ал кейде әділетсіз болған сот шешімінен де, адам өмірі өзгеріске ұшырап, қатыгез жауыз адамдар пайда болады. Негізі, заң шын, қатал, әрі әділ болғаны абзал. Бар әдістің ең қажетті тәсілі - оқу, тоқу, қандай да бір еңбекпен қажеттілікке жарап отыру. Шындықты ажыратып, білудің нәтижесінде өзіңе сенімділік, өмірге қажеттілік мағынасы ашыла түседі. Бұрынғы көңіл тұманы сейіліп, өміріңе дұрыс көзқарас , дұрыс мақсат жолдары ашылады.Бұл құбылыстар мектеп өмірінде, еңбекте, білімнің қалыптасу жолында түрлі тәжірибелер мен жетіліп, қалып алып, күрделеніп отырады. Соғыспен, жәбірлеумен, жамандықпен мәреге жетем деу, ақымақтық іске тең. Себебі бұзылған қала, қираған омір сұраусыз коңіл еш нэтиже бермейді.Оның бәрін жетілдіргенше, өсу 5 өркенниеті дағдарысқа түсіп, даму сатысы кешеуілдеиді. Мұңдайға үйір, жынды, ессіз адамдардың түсінік деңгейі төмен жаратылады, оларға оқу, білім керек емес. Олар ортаны, табиғатгы түсіне алмай әурелі жүреді. Әрине оларды да көмексіз қалдыруға болмайды.Ол көмек олардың табиғатына байланысты ғана болғаны жөн Өмір қателік пен дұрыстықтан да тұратынын білгендіктен, қате- лескен жанды сынның астына алмай, түсініктеп,өзінің дұрысталуына көмек жасаған көп пайдалы.Уақыт өткен сайын, әр адам, өз қажеттілігін көріп, біліп, жеткен жетістігіне мағұрланып, әлі көп нәрселер жасай алатынына көзі жетіп, бұдан да басқа шаралар жасаи алатынына сенімі артады. _

Тәжірибе алыңыз. Оқу, білім-білгенді тәжірибеде іске асырғанда

ғана нәтижесін береді. Білімді тереңінен толғап, данышпандыққа да бой салуға болар. Құп деп, қуанарлық іс. Бірақ, шынында, адам мен данышпанмын деп, айта алуына мүмкіндік жоқ. Ақымақ емеспін деп ойласа да, данышпандығын біле бермейді. Себебі түрлі тәжірибеден өтіп, ысылған шаруа басқалардың қажаетіне жарап, болашақтың қолданысынан қажет тапқанда, бұл бір данышпанның дүниесі, не айтқан сөзі екені белгілі бола түседі. Уақыт өлшеміне байланысты оны негізгі иессі көрді ме, көрмеді ме; естіді ме, естімеді ме, ол екі талайлы әңгіме.



«Артыңда бала, өміріңде із қалсын», деген осы болар.

Білгірлік пен мақыштық тәжірибемен келеді. Ойыңда: не істедім. не істей аламын? деген сауал жүргені жақсы.Ой мен тәжірибенің жалғасуы талапқа жетелейді. «Талапты жетер мұратқа».Талап жүре бітсе, туа бітетін талант бар, бірақ талантын да тәрбиелеп іске асы- руға талап та керек. «Таланттыға Нұр жауар», деген осы болар. Көп жұмыста тәжірибе аса қажетті болса, көп жайда мимен жұмыс ойлау үдерісі өте керек екенін дәлелдеу керек емес те шығар.Осы нарық заманына талап пен талант (талантты данышпан болмаса да), білім мен талпыныс бірдей қажет. Мұның бәрі тәжірибемен іске асып отырады. Техника тетігін меңгерген құлшыныс заманында, мектеп барлық пәннен керемет білім мен тәжірибе береді деп айту қиын, ондай оқулықгар да жетімсіз, бары басқа тілде, әркім оқып, түсіне бере алмауы мүмкін, дегенмен талпынып, ізденіп, оқып, тәжірибе алса, талай қиындыкгы жеңуге болады. Замануй қисабына жүгінсек, көрнексіздіктің, бақытсыздықтың көбі тәжірнбенің жоқтығы мен білімсіздіктен туындайды. Қазіргі жоғары диплом алғандар білімді деп, айта алмаймыз. Олар өздері де қандай білім алғанын, қалай алғанын біле бермейді. Кітапханаға барып, білім іздедім дегенді естімегелі көп болды. Білімсізге өмірдің заңы қатал. Білім бұдан да қымбатқа түсіп, заңды қаталдығын көрсетуі мүмкін. Сондықтан алдымен оқып, білім алып, тәжірибеде жетілдіріп, көп сауалдарға жауаптанып, сосын еңбекте өзін көрсету. Шапшандық, тез қозғалыс, ілкімділік, білімділік қуаныш әкеледі, қуаныш тәжірибеде ысылады, жетіледі.



Бақытқа барар жалда жолсерігіңіз

жігерлі жетік маман болсын.


Тербетер сұлу бесігін. ғ
Алашымның даласы
Басқа үлттың дінін де құрметтеңіз.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет