Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Нұр сипаты Өлеңдер, әңгіме, һикайалар, дастан Қарағанды, 2013



бет2/14
Дата06.07.2018
өлшемі306,82 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚЕЛ

Қазақел мекен Отаным

Жақсының көрдім тұлғасын.

Өзіңнен алдым өмір нәр,

Өзіңмен мәңгі сырласпын.

Қазақел туған жер досымсың,

Далаңда бөкен жосылсын

Кермеиық, кербез даламда,

Бақытым толы сен барда.

Казақел мерей мекені,

Өзіңнен ізгілк еседі.

Мөлдір көл, өр тау, бел-бедер,

Жаралған Нұрдан,- деседі.

Қазақел сенің тесіңде

Құм, жасыл жайлау, шың да бар.

Ақ аспан, майса, кеңшілік,

Көрмесін қалқым кемшілік.

Қазақел сенде бар байлық

Жерастың толы кен байлық

Сенде туып, марқайып,

Өсіп-өніп жайқалдық.
ӨНЕР ҒОЙ

(ғақлиа)

Қаратып жұрттың назарын

Жүйіткітті ақын қаламын

Өнер де фәниде алданыш,

Алады қалықтан бағасын.

Болса да қанша озбырлық

Шешеді сырды тағдыр нық.

Өнердің даңқын байандап

Қатал сыншы - уақыт

Керек жоқ мақтау, мадақтау,

Сол ма екен өмір мұраты.

Даңғаза дақпыртқа қызықпай,

Мақсатқа жету ырыс-ты.

Шабыт па, шабыс па, кім білсін

Ақында бір сыр бар ғайыптан

Тағдырды жазбаса қаймықпай,

Ойлардың жүрегі айықпай

Ойлардың өресі - өлең ғой

Ақындық адал жол -өнер ғой

Адалын жүректің жаза бер.

Алдыңда кең жазық, биіктер


ЖАЙЫМ БАР ДҮНИЕГЕ БОС КЕЛМЕГЕН
Жайым бар дүниеге тек келмеген,

Жеркіндікке жөргегім түсті көктен

Жерортасы Сарыарқа саңлақ елге,

Көңілдің терезесін ашып келем.

Жайым бар бос дүниеге келмеген,

Күн мен түн теңесінен бұрын келгем

Жер ортасы – Көктөбе деген сөз бар

Көктөбені іздеуден күдер үзбен

Жайым бар дүниеге құр келмеген,

Ай сүйіп, Күнсұлуым көңіл бөлген

Жарылып текті атадан ақын болып,

Еліме – өлең алқа ала келем.

Жайым бар дүниеге жай келмеген,

Руһын тіл құдіреттің биіктетем.

Жоқтаушы, іздеушісі бар қалықтың,

Жеңісін, жарқын жүзін көріп өтем.

Жайнашы, жайнай түсші нұрлы Отаным,

Көп менің биік ойым, тәтті арманым.

Арнайын жырымды да, жанымды да,

Қадірлеп Қазақелге бақ қонғанын.


ҚУАНАМЫН

Қуан, қуан, қуанамын,

Сәтті өмірге қуанамын,

Тәтті өмірге қуанамын

Өмір берген Тәңіріме,

Көңіл бөлген әміріңе,

Қуанамын, қуанамын.

Қуан, қуан, қуанайық,

Жарық күнге қуанайық.

Тыныш түнге қуанайық

Гүл сыйлаған жазираға,

Жанға жайлы жанұйаға

Қуанамын, қуанайық.

Қуан, қуан, қуаныңдар,

Денсаулыққа қуаныңдар

Адалдыққа қуаныңдар,

Патшайымдай парасатқа,

Ары таза Адамзатқа,

Қуанайық, қуаныңдар.
БИЛІККЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙМЫН

(ой толғау)

Билік, деген, биден шыққан сөз болар,

Би ме, билеуші ме, басқарма ма,

Реңін сөздің тап басу қиын, бар шама

Қызыл тер болып, таласып жатыр соншама,

Таласқаның аз ба еді, қазақ, не шара?

һан заманнан қалмай еріп келеді

Парақор, жалқау пақырлар

Айтасың бәрің: депутат та депеше,

Парламент, сенат,сайасаткер, төраға

Бәрің аға...

Болмай жүр,бірақ, мол жаға.

Бір басқа екі құлақшын

Кимейді қазақ қашаннан.

Бір мемлекетті көп кісі, сірә, басқармақ,

Шешімін таппай,

Талай жандар сүрінген Талқылап дау дамайды,

Қорыту сөзде:бір данаға жүгінген,

Мына байтақ Әлемге

Қырағы көзбен Нұрағамыз қарады

Алпыс асып, ақылы толып барады.

Жастықтың желеңі басылып,

Әлемнің біліп жақсы, жаманын,

Әр елдің танып тариһын,

Ел бірлігін сақтауда

Ұйқысы таңға бөлінді.

Талай шаруа жасалды,

Жасалғаннан жасалмағы көп алда.

Құйқылжытып,

Сайасатты сапырып,

Сайасаткер тіл мен жағын безейді,

Реформа керек дей ме,

Модернизаңиа,т.б. дей ме,

Бөтен сөзбен былғайды сөз сарасын,

Жапсырады қазаққа сөз шаласын.

Аз болған жоқ, жасалған реформа

Толықпай тағы заң шықса,

Қайта-қайта жаңа өмір бастаймыз ба?

Қайта-қайта үйленген әумесердей...

Рас, сенуден қалдық

Өмірге, кейбір көңілдерге,

Көлпрлікке ғасырым көнбейді де,

Іздейтіні тұрақты заң мен кәсіп.

Құрғақ сөз керек емес,

Солқылдақ сөз құрысын,

Айту керек дұрысын.

Онды-солды сенделген қыңыр сөзден

Туады сенімсіздік пеңделерде.

Өмірді салмақтасын Ұлттық безбен,

Құрылсын Ұлт Мемлекеті

Ұлтжанды елден,

Жалтақсыз, орнықгы сөз айту керек,

Себебі Қазақелі жалғыз мекен

Қашаннан қазақ үшін болған ерен.

Басқа ұлтта туған жері - деревня бар,

Орныққан біздің елге достар олар.

Достықта тұрғанына қарсылық жоқ,

Достарсыз көңілдерде олқы болар.

Сырт елде талай қазақ тұрып жатыр

Сырт елдің салтын сүйіп,

Өмірін құрып жатар.

Сұқпайды тұмсықтарын ішкі іске

Өйткені Атамекен есте мәңгі.

Отанның болашағы жастар анық

Еш көңіл жасамайды оған тарлық.

Дегенмен Ел басқару оңай емес,

Ысылған Нұрекеңнің езі артық.

Илеген өз терісін пұшпақтасын,

Ақ пейіл адамдарға құшақ ашсын.

Сұрайды қариалар жалғыз тілек:

Қызмет ет қалқың үшін белді буып,

Қамшының сабындай-ақ қысқа өмірде,

Бір басыңа жинама жалған дүние,

Жеке меншік құрама туғаныңнан

Бүкіл қалық сіздікі,

Сіз Біздіксіз

Өтіп алып, білдірме селдірлікті

Жақсы! деген тариһта атың қалсын

Ақыл, Бақыт, Бірлікті берсін Аллаһ.

Болсыншы баға жетпес бір басыңа

Қазақтың байтақ дала тариһында

Жазылсын алтынменен Атың дара!


СЕЗІМ СЫРЫ
Сәуле мен сезім қосылған сұлу сәттерде,

Іздедім таңнан, іздедім бақтан,

Іздейтін едім көктемнен.

Жарысып таңмен,таласа тұрып, теңелдім

Сәуле мен сезім тоғысқан сәтте,

Бақытқа мен де кенелдім.


МЫНА ӨЛКЕ

Мына өлке бала жастан танысым

Анау аймақ атам жортқан алысым

Ана жерде, мына жерде таныс маң,

Жолым түсіп, ата- жұртпен таныстым.

Тау сілемі, сай саласы сабырлы,

Бабам жатыр Жердің ол бір биігі.

Жолаушылар құран-кәрім бағыштап,

«Батыр басы» деп атайды сол жерді.

Мына заман жақсаруда жайланып,

Бабалардың атын атап айбарғып

Жарықтықтар қорған болған кең далам,

Қасиетіңді жырға қосам, мен балаң.

Айналайын туған елден, даламнан,

Айналамын бабалардан, батырдан

Бір жаратқан даралықты сыйлапты,

Парасатты ақыл қонды атамнан. 2011
ӨМІР ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ

Жетпіс жылда өмір сонша өзгердің,

Тілсіз, дінсіз шөлдеп жатыр боз көлім.

Қиын екен тілдің сонша азғаны,

Өлеңімді оқыр ма екен боз қайным.

Кімге өкпелеп, кімге айтам назымды

Қарыстырды бөтен тілдер жағымды.

Менде көнбей жырлап, жазып келемін,

Тәңірім-ау, сындырмашы сағымды.

Табынудан табынуға өтеміз,

Басқа тілге, әрине, біз бөтенбіз.
Қырыңа алма, жазалама жазғырып,

Бұл қырсықтан тағыда біз өтерміз.

Бейбіт өмір қуантады елімді,

Бөтен сөздер былғамасын жерімді,

Тілге тұсау бола алмас бұл заман,

Болашағым береді алып кегімді.

Өмір жылдар — поэзия жемісі,

Оқымасаң кем боп қалар бір ісің.

Өткен өтіп, кеткен кетсін қайрылмай,

Қазақелдің толық болсын ертеңі.

Өткеніңе, тариһыңа қарап қой,

Талабыңа табан тіреп, көңіл қой.

Ертеңі үшін салиһалы еңбек ет,

Шикілікті қайталамай, талап қой.

Сын көзіңмен қара өткен тариһқа,

Кемшілікті бүркемелеп жасырма.

Табысыңа, талабыңа тасыма,

Бөтен елдің табысына бас ұрма.

Елі бардың еңбегіне орын бар,

Тілегіңе болсын, әмбе, Аллаһ жар.

Көркем сөзім жер боп жетім қалмасын,

Поэзия - жүрек сөзім болсын жар.

Жауапты Адам өткенге де, бүгінге,

Кешегінің кер татымы тілімде.

Тілдің дәмін діннің сәнін сақтайық,

Жас Отанды Болашаққа баптайық.


СҮЙЕНДІМ САҒАН, ТӘҢІР

Жастық. Жалынсам қайта келер ме,

Жастық. Жалындап қайта өсер ме,

Мастық. Мансапқа орап бөлер ме,

Мастық. Денеме қызу бере ме?

Бақыт. Жақсыны жаны көре ме,

Бақыт. Жарлыны жарылқап біле ме,

Қастық. Мактанды қайта туа ма,

Қастық. Шоқ басып отқа құлай ма?

Жақсы. Жаныңа жақын қонар ма,

Жақсы. Арыңды өлшеп тұрар ма,
Тағдыр. Жаманды өзі илер ме,

Тағдыр. Жақсыны жаншып күлер ме?

Мақсат. Күрескер адам жетер ме,

Мақсат. Жете алмай өмір көшер ме,

Өлең. Өмірге өртен, аралас,

Өлең. Шеттеуің бұдан жарамас!

Арман. Өмірді сүйіп, аңғарсаң,

Арман. Өнер озады Аллаһ оңғарса,

Тәңір. Берерсің өмірге әмір,

Тәңір. Сүйсіндім де,сүйендім саған, Тәңір!


ҺАНҚЫЗ

Бар ма, бүгін, һанқыз,

Сұлу мүсін паң қыз.

Кереметтей кербез,

Болса, шіркін, паң қыз.

Өзіне өзі сенімді,

Қос бұрымы керілген

Қозғалатьш баппен,

һанқызға, тек, бақ тең.
СЕНІМ

Сенім мен Мен, серік болшы,

Достығыңа берік болшы.

Жылы жүрек жаным түлеп,

Ғасыр- өмір жарық болшы.

Ғасыр - өмір жалғасады,

Сезім-секем арбаспашы.

Тәңіріңе тәнті болсаң,

Өмір тірлік жол ашады.

Мен сенемін, сенім серік,

Мен боламын сөзге берік.

Жан тыныштық серік болмас,

Өлең-жырым болсын серік.
ОСЫЛАЙ

ҒҰМЫР КЕШЕРМІЗ

Жаралып судан

Дүниеге жетесің.

Ұлы сапар, ұзақ жолда

Фәниден де өтесің.

Дүниеге келген

Ұлағат ұлы сапарда,

Фәлсафалық тәлім көріп,

Нақыл сөздер шертесің.

Өмір - маһи

Қайаусыз кеңіл өтерсің

Кейде қажып,

Кейде толып, толғанып,

Сапар соңы -

Баһи өмір мәңгілікке кетерсің.

О дүниеге қайту бар,

Сапар соңы - баһилық.

Бастауы мол,

Соңы тар,

Қажығанмен не етерміз?!

Шарасыз пенде шыдамды

Айналар нұрға баһида.

Тариһы, даму сатысы,

Жер қойнында

Қауышып Нұрға

Тәңір тезінен өтерміз,

Бір Аллаһның ризалығы үшін

Осылай ғұмыр кешерміз.


ӨТЕР, КЕТЕР

Жылдар-жылдар өтер, кетер,

Біз қартайар мезгіл жетер

Айаулы сол анамдай боп,

Күндей күліп Бақыт та өтер.

Бапталмаса Бақыт та өлер,

Тіршілікті Тәңір білер

Бақытыңды өзің ұста,

Болашағың өз қолыңда.

Өмір-өмір өтер, кетер,

Өмір тілге кімдер жетер.

Айаласаң айалдайтын

Өмір-өзен - өткел екен.
ҺОШ ИІСТІ АЙНАЛА

Нәзік те көркем гүлдерім.

Көктемде нәркес гүлдедің

Айалап, өбіп аймалап,

Жинадым алуан түрлерін.

Дала жым- жырт тамаша,

һош иісті айнала,

Гүлі есіп, шөбі шалқиды

Қуанам саған балаша.
ТАҢ РАУАНЫ

Қар астының көгі шығар раңцап,

Масайрайды қуанып бала тыраңдап.

Рауғаш, жалбыз, тал- тараңғы мол шығып,

Қырмызы гүл, қызғалдақта жайқалған.

Асықпай таң да атады рауандап,

Күлімдеп Күн шығады шәшіп шуақ

Сол сәтте өзгереді дала мүлде

Атырап оранғандай үлде-бүлде.
ҚҰСТАР НЕГЕ САЙРАЙДЫ

Қуанышын


айтып құстар сайрайды,

Қыстың кетіп,

жаз келгенін тойлайды.

Таңның атып,

күн шыққанын дәріптеп,

Әнмен тербеп,

тамылжытып сайрайды.

Құстар әні кәсібі мен жұмысы,

Бірі қонып ұйасына,

бірі жұмыс жасайды.

Егер олар сайрамаса шаттанып,

Сұлулықты

кімдер көріп, байқайды.

Ұшып жетіп,

жер телімге, еліне,

Балапанға

шыбын-шіркей аулайды,

Ауласына


бөтен бастақ үңілсе,

Шыр-пыр болып,

балапанын қорғайды.
БАСЫЛМАЙДЫ ҚҰМАРЫМ

Қарағайы аралас қайың, терек,

Орман-тоғай, тау-тасқа өскен ерек.

Жұпар исің жаныма жәрдемдесер,

Араласам өмірім өтпес бекер.

Түсінбесең көк орман, тек, құр ағаш,

Қанша жұтсаң құмарың бір тарқамас.

Басылмайды-ау құмарым, басылмайды,

Жақпар тасты құзыңа бір шықпасам. 2010
АЙТАР ӘНІ

Туған жері Қазақтың айтар әні,

Тауы, тасы, орманы, сұлу сәні.

Топырағы торқадай, тәтті ауасы,

Туған жерсіз қазақтың келмес мәні.

Қазақ осы мекенін бағалаған,

Қартты ата,- деп, үлкенді ағалаған,

Кемітпейді бөтенді, күндемейді,

Жоғалтпайды дәстүрін ғұрыпталған. 2011
ЖЕТЕРМІН БІР КҮН

Аһау, сағыныш,

Аңсатқан сұлу арманға

Мені алып ұш.

Сағыныш-ау, сағыныш,

Жетер ме саған жігер, күш?

Айтуға анық білмедім,

Шақырды мені үлкен

Үн Өзіңе, мүмкін,

Жетермін бір күн

Алып та асау сағыныш!

Пенде атаулының бүкіл тіршілік һаракеті

Бодлердің өлеңінің бір жолына да

татымайды,-деп бағалаған. (Р.Акутагава.)


ОЙ

Ойды ойлайсың,

Ойдың сәтін ұғасың.

Ұғыну - пікір қорыту,

Безбенде ойдың турасын.

Ой тұғыры елестеп,

Бойға Ес боп жиылар.

Сапасын сана сақтаса,

Білім толып құйылар

Ақыл, Ой, Сезім дерегі

Еңбекке қажетті керегі.

Қабылдау, Қиал, Ес, Ойлау-

Жоғарғы сана тірегі.

Саналы білім Ой мен Есті береді,

Ой толқиды. Ес дамиды толады.

Тілге тиек Ой пернесі шертілсе.

Тіл байлығы дамып, Білім болады.
Ой толқыны

Адам - заман.

Заман- Адам

Қайсысы мықты, кімі зор?

Біріне- бірі құрды тор.

Адам заманды биледі ме?

Заман адамды иледі ме?

Адам заманды жасаса,

Заман адамды асаса

Кім қор? Кім зор? Ойлап көр...

Адамзат аманыңда

Заманды жамандама,

Заман - заңғар.Өмір алда.

Ақылмен өзің таңда.

Күйме, піспе, тасыма,

Ақылы озған асыл да,

Заманды жаса жасыма,

Өркенді өмір жасыңда

Жақсылық жаса досыңа

Бақыт әкел басыңа,

Ата - анаға, асылға,

Қол ұшын бер Кәрілігін басынба.

Дүние диірмен тасындай

Айналып кетер, расында.

Өмір тұрады үштіктен:

Өткен өмір,

Өтпекші өмір,

Келмекші өмір,- десіскен

Ал, сен - бала-мұрагер,

Түсінбеске,

Өмір жұтаң, өмір кер.

Бір өмірдің үш түстігі:

Таңертеңі,

Түсі және Кеші бар,

Өмір өзен, өмір кезбе, өмір паң,

Қайта айналып,

Келер көктем,күзі, қысы, жазы бар,

Өткен шағы,

Осы шағы,

Болашағы,

Атар таңы талай әлі жолығар

Айалай біл! Өмір сұлу, өмір- бал!


МЫҢ СЫР

Жүректен айтар мың сыр бар,

Еститін болса құлақтар

Сыр болған ол бір армандар,

Ақылдым шеттеп қалмаңдар.

Көңілім наурыз гүліндей,

Қар астын тескен үзілмей

Өзіңе сырдан күй шертем,

Көңілден өзге іздемей.

Арманның мініп тұлпарын

Талаптың туын тігемін.

Даңғылын жолдың тапқанша,

Асылын ойдың тіземін.
ТЕРЕҢ СЫР

Сыры терең.

Сыны көркем.

Қолаң шашты торысың.

Көнген ерге.

Сыйлы ерке.

Жанұйа

-оттың шоғысың.



Сын сағатта

мұқалмадың,

Сабыр тауып ақылдан

Жоғалмадың,

Жұтамадың.

Мұңды қуып басыңнан.

Мінезіңнен

қайрат табам

Ақылыңнан қайраттанам

Жер анамсың,

Аруымсың

Сен болмасаң қайда бағам?!


ЖЕҢІС КҮНІ ЖАСАСЫН

Отан тариһ,

Ол- сен,

Ол- мен,


Сіз бен біз.

Тариһ - адам,

Адам - Отан

Миллион қалық тұғыры.

Заман өтер,

Ғасыр жетер,

Есте қалар кешегі.

Қайғы - мұңсыз,

Жеткізеді ұрпағы.

Мәңгі ұмытпай Есте сақта...

Қанмен жуған Жеңіс күнін!

Ұмытпа, ұрпақ,

Көз жасы көл ананы,

Жетім қалған баланы

Ұмытпа, ұрпақ,

Есте сақта Жеңіс күнін.

Жеңіс күні жасасын!
ДАЛА-МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ

Кербез сұлу дала менің жүрегім,

Кең даланың гүлін терген қыз едім.

Сарсуымда салды сайран шағала,

Оу, шағала, дала қызын бағала.

Сарысуым көне тариһ, көне өзен,

Ұрпақгарын әлдилеген, бөлеген.

Күншуақтан қызып жаға құмтасы,

Сарғалдаққа толды өзен жағасы.

Табиғаты даланың алуан сырлы,

Жон, сайларда дәрі шөбі өседі.

Кейде жаңбыр толастамай жауады,

Кейде ышқынып соғады тас бораны.

Қыз мінезді, қызығы көп ауылым,

Күн тамаша, басылды ғой дауылың.

Жолым түсіп келем дәйім ауылға,

Көру үшін бақыт күнін қауымның.

Кербез сұлу далам менен ауылым,

Пай-пай, шіркін, дала менің жүрегім.

Елім -Арқа, далам -дүриа, тамаша,

Сол далада дарһан жүрек түледің.

Пай-пай, шіркін,

Кербез сұлу дала менің бауырым!

Құшақ жайды жазиралы ауылым,

Ауылымның сүйем барлық қауымын

Пай пай, пгіркін далам менің!


АҚ БҰЛТЫМ

Ақ бұлтым аспан көкте қалықтайсың,

Бұйралап ақ шәшіңді жалықпайсың.

Жатасың шөккен нардай, маңғаз кейпің,

Баурайсың жүрегімнің нәзік жәйін

қайырма : Бұлттар, бұлттар, жатыр шөгіп,

Әлемнің аспанында.

Сол бұлттардан леп есіп, самал желпіп,

Аспан мен Жер жалғасқан кең жазира.

Ақша бұлттар айала арманымды,

Қазағымның қызымын сол, байағы.

Қанат байлап ұшар ем ғарышыма,

Заман- кеме көңдірді айалына.
ТАҢ САМАЛЫ

Таң самалы туады,

Маң ұйқыны қуады.

Ғажайып сиқырлы үн,

Жүректі буады.

Самала жұлдыздар,

Ақ таңда тарайды.

Сығалап түндіктен

Айсұлу қарайды.

Таусыла төзімі,

Күтеді күн көзін.

Көре алмай сұлуын,

Үзеді күдерін.

Ай мен Күн осылай,

Әлі жүр қосылмай.

Айналып, жүреді,

Ғашықтар тосып жай. 2005
ЕСЕНБІСІҢ, КӨКТЕМІМ

Сұлу көктем есенбісің

Жыр сыйлардай көсембісің.

Неге сонша елігемін,

Білемін ғой жаз келерін.

Сұлу көктем, есенбісің,

Айдарыңнан жел еседі.

Жарқыраған жаз келді де,

Жел ызғары бәсеңдеді.

Сұлу көктем есенбісің,

Көктен нұрды себеледің.

Аспан ашық, бұлттары жоқ,

Қаптады кұс гүлдерге шоқ

Сұлу көктем есенбісің,

Қудың қыстың кеселдерін

Тағы, тағы, сұлу көктем,

Сүйіктім боп ораласың.
ЖАДЫРАҒАН ЖАЗ КЕЛІП

Жадыраған жаз келіп,

Бүлдірген тере барғанда.

Жүрекке сұлу наз толар.

Аққу, қаз көлге қонғанда.

Аралап өмір орайын,

Қарқаралы тоғайын.

Қойан қашар алдыңнан,

Секірер тиын арайлы.

Жадыраған жаз келіп,

Бұлбұлдар әнге салғанда,

Қарқаралы таулары

Жүрекке жырды байлайды.

Аралап ну орманды,

Алысты аңсап, қараймын,

Жан жағың толы түрлі ағаш,

Көк аспан тұр жарқырап. 2012
ҚҰРМЕТТІ БОЛ

Ақылың біліміңе серік болсын,

Қызыл тіл жақсы сөзге ерік берсін

«Ақыл дос, ашу дұшпан», -деген бар ғой,

Адал сөз ажарыңа көрік берсін.

Ақылды мидан алар адам тілі.

Қызыл тіл ми болмаса, нені білді?!

Данышпан, ақындарды түсін оқып,

Талаптан біліміңе білім қосып.

Қанаңда қаның ойнар ақыл толса,

Жүрек- матор, ми -ақыл тірлік барда.

Шындықтан өтірікке төрт елі жол,

Өлтірме шындығыңды, құрмет барда!
ӘЙЕЛ! - ДЕГЕН...

Әйелдердің табиғаты ғажайып,

Жақсы әйелдер бара жатыр азайып.

Әйел жайлы ақындарда жазбай жүр,

Жүрек жаны қалды ма екен шайлығып.

Әйел жайлы вальс жазған Шәмші жоқ,

Мұқағали өлеңіне көңіл тоқ.

Сүйіп күйген жігіттерде қарт тартты,

Пугачева дұғалап жүр жастарды.

Жақсы әйелді жаным,- дейді жамиғат,

Ұл-қыз тапты һаным,- дейді, азамат.

Әйел жаны таң рауаны секілді,

Әйелдердің сыры тұнық табиғат.

Әйел-ана, сырлас, досың, серігің,

Ұрпағыңды жалғайды сол керігің.

Әйел жанын жалау етіп жүреді,

Болмаса әйел толық болмас өмірің

Жалын атқан жанартаудай жүрегі,

Өмірі де, мінезі де күрделі.

Баласы мен жары үшін жаны пида,

Ғарыш кезіп, арман асар тілегі.

Әйел-ана көңілдерге гүл еккен,

Әйел-ана жүректерге нұр сепкен.

Әйел ұлы табиғатқа ұқсайды.

Балапанын ұшырады құстайын. 2012

Ақынның бір мақсаты:

дене сымбатынан

руһ күшін айырмау. (Түрсынһан)
АҚЫН-АДАМ

Адам -


Ақынның шын аты.

Ақын - жан, жүректің жүйесі,

Бұл сөздің анық киесі.

Ақын-


Адам боп келді өмірге,

Адам боп мәңгі қалады,

Бұл сөздің анық бағасы.

Адам,


Бақытын буып беліне

Жыр айдынға шомылды

Жүректен жыры төгілді.

Ақын,


Жер бесікте тербеліп,

Достықты адал қалады

Биікке есімін жазады.
ҒИБРАТНАМА, ОЙ ҒОЙ
АДАМ - бірақ сөз; жан жақты ұғым, әртүрлі мінез; түрлі

бағыт; жүз түрлі қасиет; жүз бір түрлі ой иессі.

АДАМ дегенде көзалдыңа мейірім, ұйым, ар, ұйат,

әділдік, әсемдік, бірлік, теңдік, иаки қырық қасиет, қырық бір ақыл айла, жетпіс жеті жетістік, тоқсан тоғыз тапқырлық елес беріп,әне-міне дегенше көзге көрінетіні де абзал.

АДАМ - адамды асқақтата айдарлап,сұлу сөздерімен сыйлап, жан шуағын шашып,жарығымен жылытып,

тұратыны әмбеге қуаныш.

АДАМ адамды құрмет тұтса, құрметтен құрметті болып,

құрмет құрметтеушіге де, құрметтіге де жарасып тұратыны тамаша.

АДАМ - адамды сүйеді, ыстық суығына күйеді, көңілі таза күншуақтай, өзі таза өзгеге таза көңіл ұсынатыны да ғайыптың ғажабы.

АДАМ - адамша ойлайды, өз ой-санасымен өзгеге ой салады;

ойлылар ойдан ой алып, жақсы ойдан жарылқанып та жатады емес пе.

АДАМ - адамға еңбегімен жанасады, жағады; еңбектегі бейнеті өмірдің зейнетті келбеті болары анық.

АДАМ - адамнан зормын да деме, қормын да деме; өзің жерде жүріп, ойыңды аспанға атпай, алға, алға ұластырғаның абзал.Сонда биіктен төменді, алды

мен артты көріп, жақсы-жаманды түсініп, арам мен адалды айырар жерге жетерің һақ.

АДАМ мен адамдар ойы бір жерден шыға бермесе де, озық ойлар қадірлі де қасиеттерді құдіреттейді.

АДАМ - адамға жарығын да, жылуын да, шуағын да түсірері әбден мүмкін.

Міне, осындай АДАМ жақсы АДАМ.


НҰР

Болады көздің нұры, күннің нұры.

Нұр,- деген жаратылыс күштің бірі.

Күн нұры нұрландырса жердің жүзін,

Көз нұры сүйгенінің тартар жүзін.

Болады жердің нұры, көктің нұры,

Болады сөздің нұры жүрек нұры

Көк нұры табиғатты шаттандырса,

Сөз нұры ағызады тілден сырды.

Ізгілік іңкэрлігі - жердің нұры,

Иманнан бастау алар бақыт сыры.

Тэңіріңнің нұрынан раһат тапсаң,

Мол Бақытқа бөленер жүрек нұры.
МАҺАББАТ - ҒАШЫҚ

Мамырда майса гүл жайнар,

Алмалы бақта құс сайрар

һикметті күндер ұмыт боп,

Ақыл ой Айға аттанар

Бақыттың байтақ бесігі

Бабымен ашар есігін.

Арғымақ күнмен жарысар,


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет